«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан электр энергиясы нарығында өзінің басымдығын сақтап қалды – еліміз бойынша өндірілетін қуаттың 29,7% қамтыды. Электр станциялары 31,7 млрд. кВт•с қуат өндірді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша негізгі қызметтен түскен табыс 260,4 млрд. теңгені құрады.

Құрметті оқырман!

«Самұрық-Энерго» АҚ үшін 2018 жыл ең маңызды оқиға – Компанияның 2018–2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясының бекітілуімен есте қалды.

Стратегия Компанияның қызмет бағыттарына ықпал ететін сыртқы орта мен энергетика саласындағы қалыптасқан негізгі үрдістерді ескере отырып, «Самұрық-­Энерго» АҚ-ның ағымдағы ұстанымдарына негізделген.

Акционерлер үшін Компания құнының белгіленуі, энергия қорларын сенімді жеткізу арқылы электр қуатына деген сұранысты қанағаттандыру, дамудың тұрақты даму қағидаттарына негізделген жоғары технологиясы – Компанияның алдағы жылдардағы басты даму бағыттары болып табылады.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Қазақстанның электр энергиясы нарығында өз басымдығын сақтап қалды – еліміз бойынша жалпы қуат өндіру көлемінің 29,7 % құрап, 31,7 млрд. кВт•с электр энергиясын өндірді. Көмір кеніштерінде энергетикалық көмірді өндіру рекордтық мөлшерге жетті – 44,9 млн. тонна.

Өндірістік көрсеткіштермен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ 2018 жыл ішінде қарыз жүктемесінің жиынтық мөлшерін 53 млрд. тенге сомасына қысқарту арқылы өзінің қаржылық тұрақтылығын нығайтты, EBITDA көрсеткіштері де өсті. Нәтижесінде жалпы қаржылық леверидж көрсеткіштері жақсарды. Іске асырылған шаралар энергия холдингіне қауіпті қызыл қаржылық тәуекел аумағынан шығуға мүмкіндік берді.

Компанияның 2018 жылғы жалпы шоғырландырылған табысы 268,08 млрд. теңгені құрады. Ал «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша негізгі қызметтен түскен табыс 260,4 млрд. теңгені құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ кредиттік портфелін оңтайландыру аясында 2018 жылы Азия даму банкімен 120 млн. АҚШ доллары сомасында келісім-шарттар бекітілді. Бұл мәмілелер қазақстандық ірі энергетикалық холдинг пен халықаралық беделді қаржы институты арасындағы ұзақ мерзімді және берік серіктестікті ресми түрде бекітті. Азия даму банкі үшін «Самұрық-Энерго» АҚ келісімі Қазақстан Республикасында жасалған алғашқы және бірегей тәжірибе болып табылады, себебі кредит ұлттық валютамен беріліп отыр. «Самұрық-Энерго» АҚ кредиттік портфелі құрылымындағы қаржылық институттардың үлесі 30 % құрайды, бұл көрсеткіш «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының скоринг ұпайына елеулі ықпал етуде.

Таяу аралықта Компания қаржылық тұрақтылықты сақтау және нығайту бағытындағы шараларды күшейт­пек. Бұл шаралар «Самұрық-Энерго» АҚ-қа қарызды тиімді басқарып, оңтайлы капитал құрылымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2018 жылы Компания бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырды. Қазақстан мен Қытай Үкіметтерінің арасындағы Келісімге сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысында қуаты 1 МВт болатын Күн электр станциясы және қуаты 5 МВт құрайтын Жел электр станциясы салынды. Бұл ЖЭК нысандарының жылына 18 млн. кВт•с жасыл энергетиканы өндіру әлеуеті бар екенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ бүкіл еліміздің электр энергетикасы секілді жаңа өндірістік белеске, яғни ортақ ЕАЭО электр энергетикасы нарығын енгізуге дайындалуда, бұл қадам Одаққа мүше мемлекеттердің электр энергетикасы нарығындағы көтерме сауда субъектілерінің арасында электр энергиясын (қуатын) сатып алу–сату бағытында параллель жұмыс істейтін электр энергетикасы жүйелеріне негізделген қарым-қатынастар құруды көздейді. ЕАЭО бойынша ортақ электр энергетикасы нарығының құрылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасы Одаққа қатысушы мемлекеттер нарығына шығу жолын жеңілдетіп ғана қоймай, ішкі нарықтың сыртқы жеткізушілерге ашықтығын қамтамасыз ете алады. Бұл «Самұрық-Энерго» АҚ үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады деген сөз. Компанияның ауқымды жобаларды жүзеге асырудағы мол тәжірибесі алдағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде берік іргетас боларына сенімдімін.

Бейбіт Қарымсақов