«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

КОМПАНИЯ ПОРТРЕТІ

«Самұрық – Энерго» АҚ – Қазақстанның барлық қоғам салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, энергия үнемдеудің жоғары тиімді жүйесін құруға бағытталған, халықаралық энергиялық балансқа табысты интеграцияланған ірі көпсалалық энергетикалық кешен.

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы жұмыс істеп тұрған өндіруші қуаттарды жаңарту және жаңаларын енгізу бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында 2007 жылғы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен құрылды. Құрылу кезеңінде «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ Қоғамның құрылтайшылары болып табылды. Компания 2007 жылғы 10 мамырда Алматы қаласында тіркелді.

2008 жылғы 3 қарашада «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ мен «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ны біріктіру арқылы болған қайта ұйымдастыру нәтижесінде, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның заңды құқық иеленушісі болып табылатын «Самұрық – Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ Қоғамның акционері ретінде бекітілді.

«Самұрық – Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қызметтің негізгі түрлері көмір, көмірсутек және су ресурстары негізінде электр энергиясын, жылу энергиясын өндіру және ыстық суды шығару, оны халыққа және өнеркәсіптік кәсіпорындарға сату, электр энергиясын тасымалдау, желідегі электрді техникалық бөлу, су электр станциялары мен жылу электр станцияларын салу, жаңартылатын энергия көздерін салу және пайдалану, көмір өндіру, сондай-ақ су электр станцияларының мүліктік кешендерін жалға алу болып табылады.

Компания активтерінің құрамында аса ірі өндіруші компаниялар бар, олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 сияқты ұлттық маңызы бар, сондай-ақ Алматы аумағындағы өңірлік маңызы бар электр және жылу энергиясын өндіретін станциялар бар; Ертіс СЭС каскадына, сондай-ақ еліміздің оңтүстік өңірлерінің СЭС-іне («Шардара СЭС» АҚ және «Мойнақ СЭС» АҚ) кіретін рес­публиканың негізгі су электр станциялары да осы топқа енген. Сонымен қатар Компания активтерінің құрамына өңірлік энергия тарату желілері мен Алматы өңірінің энергия өткізуші компаниясы және Қазақстандағы ең ірі көмір өндіретін кәсіпорын – «Богатырь Көмір» ЖШС кіреді. Кәсіпорын «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындың құрамындағы нысандарға және Қазақстанда, Ресей Федерациясында орналасқан үшінші тараптардың өндіруші объектілеріне көмір жеткізеді.

«Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қаулысына сәйкес қазіргі уақытта Компанияның бірқатар активтерін бәсекелес ортаға беру жұмыстары жүргізілуде.

2018 жылы «Энергия Семиречья» ЖШС-дағы 26 % қатысу үлесі сатылды. «Самұрық-Энерго» АҚ құрылымына енетін Кипрде тіркелген Alloyal Limited и Crouch Estate Ltd компаниясы таратылды.

2019 жылдың жоспарында «Самұрық-Энерго» АҚ-ны жекешелендіруге қатысты жұмыстар жалғасым таппақ, Алматы энергия кешенінің активтерін («АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ және «АЭС» ЖШС) жекешелендіру шаралары жүргізіліп, «Самұрық-Энерго» АҚ топ құрамында жекешелендіру жүргізілуі мүмкін. «Тегіс Мұнай» ЖШС-ны, оның ішінде «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС жекешелендіру шараларын аяқтау, Mettlera Corporation нысанын тарату рәсімін бітіру жоспарланып отыр.