«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Бизнес-модель

Көмір өндіру және сату

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстан Республикасындағы жетекші көмір өндірушілердің бірі. Нарықтың 40 %-ын «Богатырь-Көмір» ЖШС компаниясының активтері («РУСАЛ» АК бірлесіп пайдаланады) алып отыр. Кәсіпорын өндіретін көмірдің басым бөлігі «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына жататын электр станцияларына тасымалдайды. Қалған бөлігі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының электр станцияларына, сондай-ақ өңірдің коммуналдық кәсіпорындарына жеткізіледі.

Өндіру

Компания тобы ҚР белгіленген қуатының 28 %-ына ие. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ секілді өндіруші активтер және Қазақстан Республикасында өндірілетін электр энергиясы жалпы көлемінің жинақтап келгенде 29,7 %-ынан астамын өндіретін басқа өндіруші кәсіпорындар кіреді.

Жаңартылатын энергия көздері

«Самұрық-Энерго» АҚ құрамына Қазақстан Республикасындағы тұңғыш өндіруші ЖЭК объектілері – Ерейментау қаласы ауданында орналасқан қуаты 45 МВт өнеркәсіп типіндегі ірі Жел электр станциясы, сондай-ақ Қапшағай қаласына таяу орналасқан қуаты 2 МВт Күн электр станциясы кіреді. 2018 жылы Компания баламалы энергетика саласындағы перспективті жобаларды белсенді түрде дамытуды жалғастырды, соның нәтижесінде ҚР мен ҚХР арасындағы үкіметаралық келісім аясында Алматы облысында қуаты 5 МВт ЖЭК және қуаты 1 МВт КЭС пайдалануға берілді.

Жеткізу, тарату

Электр энергиясын жеткізу мен тарату негізінен «КEGOC» АҚ магистральды желілері және өңірлік энергетикалық компаниялардың желілері арқылы жүзеге асырылады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өңірлік таратушы компаниясы кіреді. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын 2018 жылы жеткізу көлемі – 6 796 млн. кВт•с.

Көтерме сату

Электр энергиясын сатудың көтерме нарығы ұлттық маңызы бар өндіруші компаниялармен, сондай-ақ ірі бірқатар ірі тұтынушылар арқылы танылған.

Бөлшек сауда

Операциялық тиімділікті арттыру және келешекте электр энергетикасы нарығының моделін өзгерту есебінен «Самұрық-Энерго» АҚ ішкі нарықта электр энергиясын өткізуді айтарлықтай кеңейтуді көздеп отыр. Өткізу сая­сатының бәсекеге қабілеттілігі мен икемділігін көтеру нарықтың үлесін оның органикалық өсуі есебінен де, сондай-ақ ұзақ мерзімді іс-қимыл жасалатын ірі электр энергиясын тұтынушылардың – клиенттер санының өсуі есебінен де арттыруға мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ тобына Алматы өңірінің үш миллионнан астам тұрғынын электр энергиясымен қамтамасыз ететін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС энергия өткізуші компаниясы кіреді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның электр энергиясын сату көлемі 2018 жылы 5 904 млн. кВт•с құрады.

Экспорт

Құзыретінің болуы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның экспорттық қызметті едәуір кеңейтуіне мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық жағдайы және тиімді өндіруші қуаттардың болуы бай энергия ресурстарымен үйлесіп, жинақтала келе дәстүрлі солтүстік бағыттағы, сондай-ақ келешегі бар оңтүстік бағыттағы экспорт әлеуетін қамтамасыз етеді.

2018 жылы Ресей Федерациясына 3,7 млрд. кВт•с электр энергиясы және 9,6 млн. тонна көмір экспортталды.