«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

2018 жылдың негізгі оқиғалары

Қаңтар

Трансформаторлық қуаты 80 МВА № 170А «Жас Қанат» ҚС-110/10/6 кВ пайдалануға берілді. «Түрксіб» қосалқы станциясы трансформациялық қуатты 30 МВА-ға өсіріп, Түрксіб ауданының орталық бөлігі мен «Жас Қанат» жаңа шағын ауданын электрмен жабдықтауды қамтамасыз етті

Ақпан

«Богатырь Көмір» ЖШС мен ЕАДБ арасында 196,9 млн. еуро сомасына кредиттік келісімге қол қойылды. Қаражат «Богатырь» кесігіндегі көмір өндірудің ағындық-циклдық технологиясына көшу арқылы өндірісті жаңғыртуды көздейтін инвестициялық жобаға бағытталды. Бұл көмір өндірудің жиынтық қуатын 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға және түпкі өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

Жүктемені 110 кВ желілері бойынша № 131А «Горный Гигант» ҚС-220/110/10 кВ-дан № 160А «Ерменсай» ҚС-220/110/10 кВ-ға жеткізу жобасы аяқталды

Сәуір

Қапшағай ГЭС–те № 3 гидроагрегатты жөндеу жұмысы аяқталды, ол жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін арттырып, өндірісте апаттар мен авариялардың орын алу қаупін мейлінше азайтуға мүмкіндік береді

Маусым

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы тобы қызметкерлерінің арасында тұңғыш рет КВН фестивалі өткізілді. Ойын қазақ тілін дәріптеу, еліміздің тарихына, мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына құрметті қалып­тастыру мақсатында «Біздің күшіміз бірлікте!» айдарымен мемлекеттік тілде өткізілді

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның www.esalmaty.kz корпоративтік сайтында ЭСҚ арқылы электрмен жабдықтау шартына электронды қол қою үрдісі іске қосылды

Шілде

«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС мен ҚР Энергетика министрлігінің арасында «Придорожное» газ кен орнын игеру жобасын іске асыру аясында газ өндіру туралы келісімшартқа қол қойылды

Тамыз

Қазақстандағы тұңғыш қуаты 45 МВт болатын өнеркәсіптік типтегі Ақмола облысы Ерейментау қ. орналасқан жел электр станциясына 3 жыл толды

ГЭС Каскадына 70 жыл толды. Алматы өңіріндегі жұмыс істеп тұрған бірегей объект қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жаңартылатын табиғи ресурстарын пайдалану барысында энергетикалық міндеттерді тиімді шешудің үлгісі ретінде қызмет етеді

Қыркүйек

«Халықаралық бизнес университеті» ЖШС-мен «Самұрық-Энерго» АҚ меморандумға қол қойылды. Меморандум ғылыми білім беру мен бизнес, жаңа технологиялық әзірлемелер мен өндірістік тәжірибе арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық дәстүрлерін бекітуі тиіс

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының Кубогына V Спартакиада өтті. Мини-футболдан, волейболдан, үстел теннисінен, армреслингтен және шахматтан өткен жарыстарға «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы мекемелер қатысты

Қараша

«Шардара СЭС» АҚ-да станцияны жаңғырту аясында төрт гидроагрегаттың біріншісін монтаждау аяқталып, іске қосужөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауқымды қайта құру СЭС қуатын 26 пайызға – қазіргі кездегі 100-ден 126 МВт-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді

ҚР Қор биржасына «Самұрық-Энерго» АҚ бірінші облигациялық бағдарлама шегінде 21,7 млрд. теңге сомаға үшінші шығарылымның облигацияларын орналастырды

Алматы облысында қуаты 1 МВт бо­ла­тын Күн электр станциясы іске қосылды, ол жылына 1,4 млн. кВт•с энергия өндіруге мүмкіндік береді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы кенті ауданында қуаты 5 МВт болатын Жел электр станциясының құрылысы аяқталды

Азия даму банкімен 45 млрд. теңгеге (120 млн. долл.) кредиттік келісімдер жасалды. Қаражатты жалпы корпоративтік мақсаттарға, тиімділікті арттыруға және қаржылық көрсеткіштерді жақсартуға жұмсау көзделеді. АДБ атынан ірі даму институтынан кредиттік қаражат тарту «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвесторлық базасын өсіруге және күшейтуге ынталандырады және, тұтастай алғанда, банк пен нарық тарапынан сенім деңгейінің жоғары екендігінің көрсеткіші ретінде қызмет етеді, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның халықаралық қаржы ұйымдарының қатаң талаптарына сәйкестігінің дәлелі болады

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының қызметкерлерін ең үздік өнертабыстық ұсыныстары үшін грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады

Желтоқсан

Бизнесті трансформациялау аясында төлемді оңтайландырудың бірегей әдісі ретінде Кэш пулинг «Корпоративтік қаржыландырудың жаңа моделін ендіру» жобасы ойдағыдай іске асырылды. Жоба бойынша жоспарланған пайдаға қол жеткізілді