«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Стратегия

Электр энергетикасы – экономиканың негізгі инфрақұрылымдық саласы, оған өндірістік кешеннің, қызмет саласының толыққанды қызметі мен жұмысының тиімділігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру сапасы тәуелді.

Компанияның алдында жоғары экономикалық тиімділікті, инновациялық жетілдірудің және әлеуметтік жауапкершіліктің озық стандарттарын үйлестіре отырып, ішкі тұтынушылар мен экспортты энергия ресурстарымен қамтамасыз етудің оңтайлы ара қатысын қамтитын теңгерімделген даму моделін қалыптастыру міндеті тұр. Компанияның органдары, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері даму стратегиясына сәйкес шешім қабылдайды.

Ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне, оның ішінде: Қазақстандағы электр қуаты нарығын енгізу мерзімінің 2019 жылға ауыстырылуына, ЖЭК саласындағы реттегіш ортаның өзгеруіне, мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасының түзетілуіне, инвестициялық жобалар тізбесінің және негізгі параметрлерінің өзгеруіне, өндірістік және операциялық процесстерді цифрландыру жөніндегі жаңа трендке байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ 2018 жылы Компанияның 2018–2028 жылдарға арналған жаңа Стратегияны бекітті.

Стратегия ұлттық энергетикалық қауіпсіздік жүйесін стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік сая­сатты ескеріп, Қордың негізгі стратегиялық бағыттарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы Стратегиялық және бизнес жоспарлау жөніндегі корпоративтік стандартқа сәйкес әзірленді.

Стратегияны қалыптастыру кезінде «Cамұрық-Энерго» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартында бекітілген орнықты даму қағидаттарын ұстанады, бірақ олармен ғана шектелмейді.

«Самұрық-Энерго» АҚ жағдайының SWOT-талдауы

Негізгі қауіп-қатерлер

Қазіргі уақытта Компанияның алдында оның ағымдағы жағдайының, сыртқы ортаның сипаттамалары мен даму үрдістерінің салдары болып табылатын бірқатар негізгі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлер тұр.

Негізгі сыртқы қауіп-қатерлер

1. Қуат нарығын ендіру

Жүйелік оператордың деректеріне сәйкес 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жылу электр станция­ларының жалпы белгіленген қуаты 18 845 МВт құрады, олардың 10 052 МВт немесе 53,3 %-ы 30 жылдық, су электр станцияларының белгіленген қуаты – 2 671,1 МВт, оның 1 840 МВт немесе шамамен 69,1 %-ы кемінде 30 жылдық.

Өндіруші жабдықтың тозу деңгейін қысқарту үшін электр қуатының нарығын ендіру қажет, ол жаңа қуаттарды салуға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңартуға, қайта құруға мүмкіндік береді. Қуат нарығын енгізгеннен кейін электр энергиясының қолданыстағы тарифі екі бөлікке бөлінетін болады:

  1. электрге арналған тариф – тұрақсыз бөлігі, ол электр энергиясына жұмсалатын шығындардың өтелімділігін қамтамасыз етеді;
  2. қуатқа арналған тариф – тұрақты бөлігі, ол жаңа қуаттарды салуға және жұмыс істеп тұрғандарды жаңартуға, жаңғыртуға, қайта құруға, кеңейтуге салынған инвести­ция­лардың қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Қуат нарығында Бірыңғай сатып алушы енгізіледі, ол электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметті орталықтандырылған сатып алуды және жүктемені артуға электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бо­йынша қызметті орталықтандырылған көрсетуді жүзеге асырады.

2. ЕАЭК жалпы электр энергиясы нарығын қалыптастыру

ЕАЭК-тың жалпы электр энергетикалық нарығын енгізу электр энергиясын (қуатты) сатып алу-сатумен байланысты қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жү­йелер негізінде Кеңестің мүше мемлекеттерінің көтерме электр энергетикалық нарығының субъектілері арасында қатынас жүйесін құруды білдіреді.

Жалпы нарық Халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін 2019 жылғы 1 шілдеде енгізіледі деген болжам бар. Алайда, жалпы газ нарығын құрылғанға дейін (2025 жыл) жалпы электр энергетикалық нарығының қызмет етуін Одақтың мүше мемлекеттері уәкілеттік еткен субъектілік құрам жүзеге асырады.

ЕАЭК-тың жалпы электр энергетикалық нарығының құрылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасы Одақтың қатысушы мемлекеттерінің нарықтарына жеңілдетілген қолжетімділік алады, сондай-ақ электр энергиясының сыртқы қатысушысы үшін ішкі нарықтың ашықтығын арттырады.

3. Бос қуаттардың болуы

2016 жылдан бастап электр энергиясына сұраныстың тұрақты өсуі байқалады, шамамен 5–7 %. Қуаттардың ағымдағы артылуы шамамен 4 ГВт құрайды.

Негізгі артылу мөлшері Компанияның негізгі қызмет аймағы – Солтүстік энергия аймағында шоғырланған. Бұл бәсекелестіктің күшейтілуіне және қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ шектелген бәсекелес ортада жұмыс бойынша құзыреттер рөлінің ұлғаюына әкеп соғады.

4. Көмірді сату көлемдерінің төмендеуі

Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін меншіктік станциялар жүктемелерінің төмендеуі көмірді сату көлеміне жағымсыз әсер етеді. ҚР-дағы бөгде тұтынушылардың Екібастұз көмірін тұтынудың өсу әлеуеті шектеулі, сондай-ақ РФ-қа жеткізу көлемдері төмендеуде, оның ішінде ресей көмір станцияларының ішкі өндірушілердің көміріне немесе табиғи газға ішінара көшуінен төмендеуде.

5. Экологиялық заңнама талаптарын күшейту

Қазіргі уақытта әлемде қоршаған ортаның ластау деңгейін төмендетуге арналған тұрақты тренд байқалады. Қазақстан Республикасының экология саласындағы халықаралық қатынастардың белсенді қатысушысы ретінде және «Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық және әлеуметтік жауапты компания ретінде қабылдаған міндеттемелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы үрдістерге проактивті әрекет жасау қажеттілігін белгілейді.

6. ЖЭК-ті дамыту жөніндегі реттегіш ортаның өзгеруі

2017 жылы ЖЭК-ті пайдалануды қолдау саласында мемлекеттік саясатқа түбегейлі өзгерістер енгізілді. ЖЭК объектілерін салу үшін аукциондық сауда-саттық тетігі ендірілді. Аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін қаржылық қамтамасыз етуді енгізу қажет болатын белгіленген шекті аукциондық бағалардан бастап электр энергиясына бағаны төмендету қағидаты бойынша жүргізіледі.

7. Бизнесті цифрландыру

Қазіргі уақытта әлемде өндірістік және операциялық процестерді цифрландыру тренд байқалады, ол уақытша шығындарды оңтайландыруға, операциялық тиімділікті арттыруға және автоматтандырылған режимде алынатын аналитикалық деректерді дамытуға әсер етеді.

Негізгі ішкі қауіп-қатерлер

  1. ҚР Үкіметінің Компанияның активтерін жекешелендіру жөніндегі жоспарларын іске асыру. Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша активтердің бір бөлігін жекешелендіру жоспарланады. Компанияның құнын сақтау үшін әділ нарықтық баға бойынша бұл активтерді сатуды қамтамасыз ететін бірқатар шараларды қабылдау қажет.
  2. Компанияның операциялық тиімділігін түбегейлі арттыру және іске қосылған капиталдың рентабелділік көрсеткішін өсіру (ROACE) қажет.
  3. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру салдары­нан Компанияға қарыз жүктемесінің деңгейі жоғары.
  4. «Самұрық-Энерго» АҚ-да портфельдік/жобалық бас­қардың болмауы.

Компанияның миссиясы мен пайымдауға қолжеткізу үш СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТЫ іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

  1. Қатысушы нарықтарда энергия ресурстарының сенімді әрі бәсекеге қабілетті жеткізілімін қамтамасыз ету
  2. Акционерлік капиталдың құнын арттыру
  3. Орнықты даму

Үш стратегиялық мақсатқа қолжеткізу нәтижесінде төмендегі стратегиялық нәтижеге қолжеткізуді қамтамасыз ету жоспарланады:

  1. Қазақстан Республикасының электр энергетикалық және энергетикалық көмір нарығында орнықты көшбасшылығы.
  2. Жаңа экспорттық нарықтарға шығу және оларда орнығу.
  3. Түсім ағынын арттыру және қаржылық жағдайын жақсарту.
  4. Әртүрлі түріндегі өндіру объектілерін тиімді басқарудың берік базасын құру.
  5. Инновациялар, орнықты даму, корпоративтік басқару және жауапты жұмыс беруші көшбасшысы мәртебесі.

Компанияның пайымдауына қолжеткізу және стратегия­лық мақсаттарды орындау үшін Комания төрт СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ орындауда шоғырланады:

  1. Сату тиімділігін арттыру:
  • Ішкі нарықта электр энергиясы мен көмірді өткізуді арттыру;
  • Сыртқы нарықта электр энергиясы мен көмірді өткізуді арттыру;
  • Электр энергиясы мен көмірді сату бойынша өнім желісін және баға опцияларын дамыту.
  1. Қызметтің тиімділігін арттыру:
  • Қолда бар қуаттардың операциялық тиімділігін арттыру;
  • Инновациялық даму және цифрландыру;
  • Қаржылық тұрақтылықты арттыру.
  1. Инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асыру
  1. Корпоративтік басқару және Орнықты даму:
  • Тиімді корпоративтік басқару;
  • Адам капиталын дамыту;
  • Орнықты даму саласындағы бастамаларды іске асыру.