«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Компания дамуының негізгі бағыттары

Қазіргі уақытта Компанияның өндіруші қуаттарының негізін көмірмен жұмыс істейтін конденсациялық энергия блоктары құрайды. Таяу келешекте Компанияның ЖЭК жобаларына қатысуына қарамастан көмір өндірісі «Самұрық-Энерго» АҚ басты құзыреті болып қала береді.

Осыған орай, өндірісті дамыту жөніндегі жұмыс аясында негізгі екпін қолда бар қуаттардың операциялық тиімділігін арттыруға, оның ішінде: өндірістік шығындарды оңтайландыруға, жабдықты тиімді пайдалану мен жөндеуге, инновациялық дамуға және инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асыруға бағытталған.

Қолда бар қуаттардың операциялық тиімділігін арттыру

Станциялар өндіретін электр энергиясының өзіндік құнын төмендету бөлігінде пайдаланылатын отынға жұмсалатын шығын­дарды төмендету бойынша жұмыс жүргі­зілуде және келешекте іске асырылатын болады. Компания бірақатар шараларды іске асыра отырып, осы міндетті орын­дайды, оның ішінде:

  1. Энергия блоктарының жұмыс режимін оңтайландыру
  2. Су бойынша технологиялық мұқтаж­дарға жұмсалатын шығындарды төмен­дету
  3. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі бағадарламасын іске асыру
  4. Өзге шаралар.

Қаржылық тұрақтылықты арттыру

Орта мерзімдегі кезеңде Компания қаржылық тұрақтылықты сақтау және күшейту жөніндегі шараларды күшейтеді. Аталған стратегиялық бастама қарызды тиімді басқаруға және капиталдың оңтайлы құрылымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Инновациялық даму және цифрландыру

Қазіргі уақытта, Компанияның инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда, оның ішінде:

  1. Цифрлық электр станциясы. Жоба өндірістік-технология­лық деректерді орталықтандырылған жинақтауды ендіру, өндірістік процесстерді және тораптардың, агрегаттардың, жабдықтың және өндірістік-техникалық платформа негізінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік процесстерді мониторингілеу жүйелерінің (цифрлық диспетчерлеу) техникалық жағдайын қашықтықтан мониторингілеу және болжалдау мүмкіндігін қарастырады. Бұл шынайы деректерді алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  2. Назарбаев Университетімен бірлесіп күлі көп көмірді жағу үшін қайнау қабатын және айналмалы қайнау қабатын пайдалану мүмкіндігін зерттеу жүргізуде (көмір күлдігі 50% және одан жоғары – Екібастұз кен орынның №3 қыртысы және құнарлылағы азайған көмір/байытылған көмірдің қалдықтары).
  3. Қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесі плазмалық-отын жүйесін білдіреді. Аталған технология қуаты 200 МВт-тан 1000 МВт-қа дейінгі энергия блоктарда Қытай Халық Республикасында, Ресей Федерациясында, Индонезияда және т.б. тиімді қолданылады.
  4. «Цифрлық кесік» жобасын іске асыру кесіктің тау-кен қазу және тау-кен көлігі жабдықтарының жұмыс параметрлерін автоматтандырылған бақылауды (тасымалданатын жүктің салмағы, орналасқан жері, технологиялық жағдайы, қозғалыс жылдамдығы, қысымы және шиналардағы температура және т.б.), карьерлік жүкті өзі түсіріштерді автоматтандыру және ауысымдық көрсеткіштерін талдау: сапарлардың саны, жүк айналымы, мотосағаттар, қашықтық, отын шығыны, тау-кен қазу және тау-кен көлік техникасының жүргізушілері мен машинистерінің өндірістік тәртібін автоматтандырылған бақылау және талдау: босқа тұру уақыты, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты.