«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Қазақстан электр энергиясы мен қуат нарығының моделі

Электр энергетикасы Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік салаларында негізгі рөл атқарады. Өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, халық өмірінің сапасын арттыру тұтынушыларды сенімді және сапалы энергиямен қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Энергетикалық саланы реттеуді тікелей мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Уәкілетті орган атынан Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заны негізінде электр энергетикасы саласында басшылық жасайды.

Уәкілетті орган атынан Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заны негізінде ЖЭК саласында басшылық жасайды.

Мемлекеттік орган атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, табиғи монополиялар салаларында, о.і. электр энергиясын беру, өндіріс, жылу энергиясын беру, үйлестіру және қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызметтер бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес көмір өнеркәсібі саласында басшылық жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстанның электр энергиясының моделі

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қуат нарығы жұмыс істей отырып, Бірыңғай сатып алушы моделі енгізілді, оның мақсаты электр энергетикасы саласына инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай туғызу, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыру, энергиямен сенімді қамтамасыз етудің қажетті деңгейін қолдау және саланың экспорттық әлеуетін дамыту үшін жеткілікті көлемде жаңа өндіруші қуаттарды құру болып табылады.

Теңгерімделген нарықтың электр энергия (электр энергиясын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған саудасы) мен электр қуаты нырықтарының (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) жұмыс істеуі болжалады.

Орталық­сыздандырылған нарық бұл электр станциялардың электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын тікелей тұтынушылармен жасауын білдіреді. Орталықтандырылған нарық электр энергиясына сатып алу шарттарын жасасу мақсатында бірыңғай алаңда электр энергиясын сатуды білдіреді. Теңгерімделген нарықтың функциясы жүйелік оператордың шынайы уақыт режимінде электр энергиясын жеткізу мен тұтынудың фактілі көлемдерін жоспарлы көлемдерден ауытқуларды реттеу болып табылады.

Тарифтер бойынша шешімдер елеулі дәрежеде әлеуметтік және саяси мәселелердің әсеріне ұшырайды. ҚР Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік және өзге де саясаттары «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының операциялық қызметіне елеулі әсер етуі мүмкін.

2019 жылғы 1 қаңтардан басталатын электр энергиясы мен қуат нарығының моделі

ҚУАТ НАРЫҒЫ МОДЕЛІ

Электр қуаты нарығын ендіргеннен кейін энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері 2 құрамдасқа бөлінеді: электр энергиясына арналған тариф және электр қуатын дайындықта ұстап тұруға арналған тариф. Электр энергиясына арналған тарифке ауыспалы операциялық шығындар жатады. Электр қуатын дайындықта ұстап тұруға арналған тарифке инвестициялық шығындар жатады.

Қазақстан электр энергиясының балансы

2018 жылы ҚР электр станцияларының белгіленген қуаты 21 902 МВт құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 220 МВт-қа артық.

ҚР электр станцияларының қолда бар қуаты 18 894,9 МВт құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 103,5 МВт-қа артық, о.і. Солтүстік аймақта – 38,7 МВт-қа, Батыс аймақта – 21,3 МВт-қа, Оңтүстік аймақта – 43,5 МВт-қа өсті.

Қазақстандағы электр энергиясын өндіру әсіресе жылу электр станцияларында жүзеге асырылды – 87 %, су электр станциялары – 12 %, ЖЭК үлесі шамамен 1,3 % құрады.

Солтүстік аймақта елдегі электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінен 77 %-ы өндірілді. Бұнда негізгі көмір кен орындары және су энергетикалық ресурстар орналасқан. Электр энергиясының артықшылығы энергияға тапшы оңтүстік аймаққа беріледі және Ресей Федерациясына экспортталады.

Оңтүстік аймақ солтүстік аймақтан жеткізулер есебінен жабылатын электр энергиясының тапшылығымен сипатталады.

ҚР-дағы электр энергиясын өндіру және тұтыну, млн. кВтc

Батыс аймақта электрді тұтынудың елеулі үлесін өз өндіруші көздері бар мұнай-газ саласының кәсіпорындары құрады. Ел аумағы бойынша Батыстың Қазақстанның Солтүстігі мен Оңтүстігімен электр байланыстары жоқ.

Жүйелік оператордың деректері бойынша 2018 жылы ҚР электр станциялары 106 798 млн. кВт•сағ электр энергиясын өндірді, бұл 2017 жылғы деректермен салыстырғанда 4,3 %-ға артық. Өндірудің өсімі Қазақстан БЭЖ-нің Солтүстік және Батыс аймақтарында байқалады.

Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанның электр энергиясын өндіру мен тұтынудың өсуі байқалады.

Электр энергиясы өндірісінің артуы ЖЭС пен ГТЭС өндірісінің артуына байланысты, сондай-ақ ЖЭК-тің енгізілген қуаттары әсер етті.

Электр энергиясын тұтыну динамикасында 2017 жылмен салыстырғанда 5 %-ға өсу байқалды. Осылайша, ҚР солтүстік аймағында э/э тұтыну 4,6 %-ға, батыс аймақта 8,1 %-ға және оңтүстік аймақта 6,8 %-ға арттырылды.

2018 жылғы есептік кезеңде 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынудың Алматы облысы бойынша 532 млн. кВт•сағ-қа (5,1 %), Жамбыл облысы – 519 млн. кВт•сағ-қа (13,6 %), Павлодар облысы – 779 млн. кВт•сағ-қа (4,2 %), Қарағанды облысы – 621 млн. кВт•сағ-қа (3,7 %) максималды өсімі байқалды.

Қазақстан Республикасы бойынша электр энергиясының көрсетікштері

млн. кВт•сағ

ҚР бойынша көрсеткіштер

2016 ж.

2017 ж.

Δ 2017/ 2016

2018 ж.

Δ 2018/ 2017

1.

Э/э тұтыну

92 311,6

97 856,7

6 %

103 228,3

5 %

2.

Э/э өндіру, о.і.:

94 076,5

102 383,6

9 %

106 797,1

4,3 %

 

ЖЭС

74 702,8

82 424,8

10 %

86 795,1

5 %

 

ГТЭС

7 407,5

8372,6

13 %

9 119,3

9 %

 

СЭС

11 605,9

11 157,9

0,9 %

10 343

7,3 %

 

ЖЭС

274,1

338,5

23 %

400,5

18 %

 

КЭС

86,1

89,8

4 %

137,9

54 %

 

БГҚ

0

0

1,3

3.

Сальдо-ағын «+» тапшылық, «-» артықшылық о.і.:

–1 764,9

–4 527

157 %

–3 568,8

0,8 %

 

– Ресей

–1 640,1

–4 528,2

176 %

–3 566

0,8 %

 

– Орталық Азия

–124,7

1,2

–0,01 %

–2,8

–126 %

2018 жылы Қазақстанда ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектілердің электр энергиясын өндіру көлемі 1335,2 млн. кВт•сағ немесе 2017 жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 20,4 % өсім құрады.

Қазақстан Республикасы бойынша ЖЭК электр энергиясының көрсеткіштері

млн. кВт•сағ

Атауы

2017 ж.

ҚР-дағы үлесі, %

2018 ж.

ҚР-дағы үлесі, %

Ауытқу 2018/2017 жж,

млн. кВт•сағ

%

I

ҚР-дағы ЖЭК-тің э/э өндіру, о.і. аймақтар бойынша

1109

1,1 

1335,2

1,3 

226,2

20,4 

1.

Солтүстік аймақ

304,8

27,5 

326,8

24,5 

22,0

7,2 

2.

Оңтүстік аймақ

804,2

72,5 

988,0

74,0 

183,8

22,9 

3.

Батыс аймақ

0

0,0 

19,2

5,9 

19,2

0,0 

II

ҚР-дағы ЖЭК-тің э/э өндіру, о.і. түрлер бойынша

1109

100,0 

1335,2

99,9 

226,2

20,4 

1.

КЭС

89,8

8,1 

138,6

10,4 

48,8

54,3 

2.

ЖЭС

338,5

30,5 

400,5

30,0 

62,0

18,3 

3.

Шағын СЭС

680,7

61,4 

793,6

59,4 

112,9

16,6 

4.

БиоГазҚұрылғылары

0

0,0 

1,3

0,1 

1,3

0,0 

2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда ірі және шағын СЭС-тердің электр энергиясын өндірудің азаюы байқалады, бұл ретте ЖЭС және КЭС объектілерінің электр энергиясын өндіруі өсті.

Қазақстан Республикасында электр энергиясының экспорты-импорты

Қазақстан Республикасының электр энергиясын экспорттау-импорттаудың негізгі бағыты – Ресей Федерациясы (РФ-қа экспорт – 4,8 млрд. кВт•сағ, РФ-тан импорт – 1,3 млрд. кВт•сағ).

Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу мақсатында «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС РФ-қа 3,76 млрд. кВт•сағ, «KEGOC» АҚ – 1,05 млрд. кВт•сағ экспорттады.

Электр энергиясын экспорттау 4 882,4 млн. кВт•сағ құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 15 %-ға төмен. Экспортты төмендету ресей тарапының 2018 ж. 2 тамыздан бастап «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-дан электр энергиясын сатып алуды тоқтатуымен байланысты.

Электр энергиясының импорты 1 313 немесе 2017 жылға қарағанда 3,5 %-ға өсімді құрады. 2017 жылға қарағанда Қазақстан Республикасының электр энергиясы импортының артуы Ресей Федерациясынан теңгерімделген электр энергиясы көлемінің арту есебінен болды.

млн. кВт•сағ

Атауы

2017 ж.

2018 ж.

Δ 2018/2017 жж.

млн. кВт•с

%

Қазақстанның экспорты

5 795,8

4 882,4

–913,5

–15,8 

Ресейге

5 788,1

4 876,3

–911,9

–15,8 

«ЕГРЭС-1» ЖШС

4 705,5

3 758,0

–947,6

–20,1 

«СевКазЭнерго» АҚ

62,2

68,7

6,5

10,5 

«KEGOC» АҚ (теңгерімделген нарық)

1 020,4

1 049,6

29,2

2,9 

Орталық Азияның БЭЖ-ге

7,7

6,1

–1,6

–20,8 

«Қырғызстан ҰЭЖ» үшін «KEGOC» АҚ

7,7

6,1

–1,6

–20,8 

Қазақстанның импорты

1 268,9

1 313,6

44,7

3,5 

Ресейден

1 259,9

1 310,2

50,3

4,0 

«ИНТЕР РАО» ЖАҚ

283,3

291,7

8,4

3,0 

) (нарық (шарты алу сатып » ЖАҚ « РАО ИНТЕР теңгерімделген)

976,6

1 018,6

42,0

4,3 

Орталық Азияның БЭЖ-ден

8,9

3,3

–5,6

–62,6 

«Қырғызстан ҰЭЖ» үшін «KEGOC» АҚ

8,9

3,3

–5,6

–62,6