«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіру саласында

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 2018 жылы 31,7 млрд. кВт•с құрады. «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының электр энергиясын өндіру үлесі Қазақстан БЭЖ-і бойынша электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінде 29,7 %-ды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіру көлемінің 1,1 %-ын және Қазақстан Республикасындағы ЖЭК-тер өндіретін электр энергиясы жалпы көлемінің 26,6 %-ын құрайды («Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК-терінің электр энергиясын өндіру көлемі 355,4 млн. кВт•с).

«Самұрық-Энерго» АҚ электр өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру динамикасы, млрд. кВт•сағ

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіру саласында, млрд. кВт•сағ

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК-терінің Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру көлемі, млн. кВт•сағ

млн. кВт•с

Атауы

2017 ж.

ҚР-дағы үлесі, %

2018 ж.

ҚР-дағы үлесі, %

∆ 2018/2017 жж.

млн. кВт•с

%

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК-терінің электр энергиясын өндіруі

367,8

33,2 

355,5

26,6 

–12,3

–3,3 

«АлЭС» АҚ шағын ГЭС-тері каскады

198,2

17,9 

194,4

14,6 

–3,8

–1,9 

«Samruk-Green Energy» ЖШС

3,2

0,3 

3,2

0,2 

0,0

0,0 

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

166,4

15,0 

157,9

11,8 

–8,5

–5,1 

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК электр энергиясын өндіру көрсеткіштерінің азаюы Қазақстанда жаңа ЖЭК қуаттарын ендіру салдарынан ЖЭК-тің басқа объектілерінің өндіру көлемін ұлғайтуға байланысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік көрсеткіштері (өндірушілерге бөлгенде)

ЕТҰ атауы

2016 (нақты)

2017 (нақты)

2018 (нақты)

2017 жылға қарағанда 2018 ж. ауытқулар

2019 (болжам)

2020 (болжам)

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн кВт•с1

«Алматы Электр Станциялары» АҚ

5 911,4

5 712,4

5 599,1

98 %

5 382,4

5 382,4

қуаты базалық, мВт

 

670,0

670,0

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

9 037,3

14 797,0

19 121,6

129 %

18 975,3

20 315,1

оның ішінде, экспорт

133,2

4 705,5

3 757,9

80 %

қуаты базалық, мВт

 

2 596,3

2 596,3

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

4 976,1

5 495,5

5 436,5

99 %

5 884,8

6 011,3

базалық қуаты, мВт

 

800,0

800,0

«Шардара СЭС» АҚ

334,0

359,4

348,7

97 %

378,0

550,6

базалық қуаты, мВт

 

43,2

62,9

«Мойнақ ГЭС» АҚ

1 165,5

1 226,5

1 036

84 %

906,0

906,0

базалық қуаты, мВт

 

298,0

298,0

«Samruk-Green Energy» ЖШС

3,2

3,2

3,2

100 %

21,9

22,2

«БЖЭС» ЖШС

151,8

166,4

157,9

95 %

167,2

172,2

Барлығы

21 579,4

27 760,3

31 703,1

114 %

31 715,6

33 359,8

Электр энергиясын жеткізу көлемі, млн кВт•с2

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

6 252,0

6 527,9

6 795,9

104 %

6 945,9

7 120

Барлығы

6 252,0

6 527,9

6 795,9

104 %

6 945,9

7 120

Электр энергиясын сату көлемі, млн кВт•с3

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

5 766,8

5 767,5

5 904,3

102 %

5 745,0

5 854,1

Барлығы

5 766,8

5 767,5

5 904,3

102 %

5 745,0

5 854,1

Жылу энергиясын өндіру көлемі, мың Гкал1

«Алматы Электр Станциялары» АҚ

4 970,5

5 223,3

5 616,8

108 %

5 142,5

5 142,5

 Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

70,8

66,5

78,6

118 %

76

76

«ЕкібастұзГРЭС-1» ЖШС

 

8,2

59,9

734 %

307,3

307,3

Барлығы

5 041,4

5 298,0

5 755,3

109 %

5 525,8

5 525,8

Көмір сату көлемі, млн. тонна

35,1

40,9

45,2

110 %

42,3

42,9

Ескертпе:

1 салыстыру мақсаттары үшін 2016–2017 жж. э.э мен ж.э өндіру көлеміне «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның 2017 жылы сатқан көлемі қосылмайды.
2 салыстыру мақсаттары үшін 2016–2017 жж. э.э жеткізу көлеміне «ШҚ АЭК» АҚ мен «МЭБК» АҚ-ның 2017 жылы сатқан көлемі қосылмайды.
3 салыстыру мақсаттары үшін 2016–2017 жж. э.э сату көлеміне «ШЭТ» ЖШС-ның 2017 жылы сатқан көлемі қосылмайды.

Электр энергиясын өндіру көлемінің ұлғаюы негізінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның электр энергиясын өндіру көлемін 4 325 млн. кВт•с-ға арттыру нәтижесінде қол жеткізілді.

ГЭС-тің электр энергиясын өндіру көлемінің 320 млн. кВт•с-ға азаюы Мойнақ ГЭС, Қапшағай СЭС және Шардара СЭС-інде су ағынының төмендеуі есебінен болды. БЖЭС-те 3/3 өндірудің 8 млн. кВт•с-ға азаюы желдің орташа жылдамдығының төмендеуі әсерінен орын алды.

ЖЭС. ЖЭО-да э.э өндіру көлемі (млн.кВт•с)

СЭС, ЖЭК, КЭС-терде э.э. өндіру көлемі (млн.кВт•с)

Алдағы кезеңге болжам:

2019 жылы электр энергиясын өндіру көлемін 2018 жылдың фактілеріне қатысты біртіндеп өсіру болжанып отыр. 2019 жылы электр энергиясын өндіру көлемін 12,5 млн. кВт•с-ға ұлғайту негізінен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның электр энергиясын өндіру көлемін өсіруі есебінен болжануда. Мұның үстіне 2019 жылы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бойынша электр энергиясын жеткізуді РФ-ға экспорттаудан ішкі нарыққа ауыстыру жоспарланып отыр.

Жылу энергиясын өндіру көлемі 2018 ж. негізінен «Алматы Электр Станциялары» АҚ-да жылу энергиясын өндіру көлемін 394 мың Гкал-ға немесе 7,5 %-ға ұлғайту есебінен 2017 ж. көлемнің деңгейіне көтеру (457 мың Гкал-ға немесе 9 %-ға ұлғайту) арқылы 5 775 мың Гкал-ды құрады.

Жылу энергиясын өндіру көлемінің өзгеру динамикасы, мың Гкал

Электр энергиясын жеткізу көлемі (млн.кВт•с) және желілердегі шығындар (%)

Алдағы кезеңге болжам:

2019 жылға арналған жоспарда жылу энергиясын өндіру көлемі негізінен «Алматы Электр Станциялары» АҚ-да жылу энергиясын өндіру көлемінің азаюы есебінен 2018 жылдың фактісімен салыстырғанда 4 %-ға азайта отырып болжанады.

Электр энергиясын жеткізу көлемі 2017 ж. көлемінің деңгейіне қарай арттыру арқылы (268 млн кВт•с-ға ұлғайту) 6 796 млн кВт•с-ны құрады. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да электр энергиясын жеткізу көлемін ұлғайту 2018 ж. қаңтар-ақпанда, желтоқсанда температураның мейлінше төмен болуына және 2018 жылдың тамызында барынша жоғары болуына байланысты Алматы өңірінде тұтынудың өсуі есебінен болды.

2018 ж. қорытындысы бойынша желілердегі шығындар 2017 ж. осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұрынғы деңгейде қалды. Жалпы алғанда, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның шығын деңгейі ТМжБҚҚК-нің белгілеген нормативінен төмен.

Алдағы кезеңге болжам:

2019 жылы электр энергиясын жеткізу және бөлу көлемдері бойынша 2018 жылдың фактілерімен салыстырғанда негізінен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын жеткізу көлемінің 2 % өсуі есебінен күтіледі.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның есепті кезең ішінде электр энергиясын сату көлемі 5 904 млн. кВт•с құрады, бұл «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның тұтынушылар санының өсуіне байланысты 2017 жылмен салыстырғанда 137 млн. кВт•с-ға немесе 2,4 %-ға артық.

Атауы

нақты 2016 ж.

нақты 2017 ж.

нақты 2018 ж.

Ауытқу

%

АлматыЭнергоСбыт

Тұтынушылар саны, оның ішінде:

781 734

800 448

817 025

16 577

2,1 

Халық

752 711

770 245

785 393

15 148

2,0 

Заңды тұлғалар

29 023

30 203

31 632

1 429

4,7 

Сату көлемі, млн кВт•с

5 767

5 767

5 904

137

2,4 

Алдағы кезеңге болжам:

2019 ж. жасалған болжамда электр энергиясын сату көлемі 2018 ж. фактісі деңгейінен 3 %-ға азаяды. 2020 ж. болжамында электр энергиясын сату көлемі 2019 ж. болжамымен салыстырғанда 2 %-ға артады.

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын сатудың жалпы көлемін ұлғайту

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларынан электр энергиясын босату көлемі 29 936 млн. кВт•с құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 12 %-ға көп. Оның ішінде:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін өз тұтынушыларына («Богатырь Көмір» ЖШС, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ) – 6 705,4 млн. кВт•с;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кірмейтін бөгде тұтынушыларға – 23 230,6 млн. кВт•с, бұл 2017 жылға қарағанда 16 % – ға көп.

Электр энергиясын сату

Көрсеткіштер

2017 ж.

Өз тұтынушы/сыртқы тұтынушылардың үлесі, %

2018 ж.

Өз тұтынушы/сыртқы тұтынушылардың үлесі, %

Δ, млн. кВт•с

Δ, %

«Самұрық-Энерго» АҚ

26 784,6

 

29 936

 

3 151,4

112 

Өз тұтынушыларына

6 734

25 

6 705,4

23

–28,6

99 

Сыртқы тұтынушыларға

20 050,6

75

23 230,6

77

3 180

116 

Жоғарыда көрсетілген кестеден көрініп тұрғанындай, «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының өндірген электр энергиясының 77 %-ы басқа электр станцияларымен бәсекеге түсе отырып, сыртқы тұтынушыларға сатылды.

Нарық конъюнктурасының нашарлауы мен қуат профициті жағдайында Компания қызметінің басты стратегиялық міндеттерінің бірі электр энергиясын сату көлемін ұлғайту болып табылады. Қазақстан мен көрші елдердің электр энергиясы нарығы субъектілерімен қарым-қатынасты «Самұрық-Энерго» АҚ Сауда үйі тікелей жүзеге асырады, ол сонымен қатар коммерциялық дичпетчерлеуді – Қазақстан тұтынушыларына Компания тобының өндірген электр энергиясы жеткізілімінің көлемін бөлуді жүзеге асырады. Бұл ретте, Сауда Үйі «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының тәуліктік кестелерін құра отырып, олардың электр станцияларындағы бекітілген көлемдерді тиімді етіп бөлу арқылы еншілес және тәуелді электр станцияларының жүктемелерінің мақсатқа сәйкестігіне сүйе­неді. Сауда Үйі энергия блоктары авария жағдайында тоқтап қалған кездерде басқа энергия көздерінің авария жағдайында істен шыққан қуаттарын ауыстыру арқылы тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттейді.

Нарықта қуат профициті болған жағдайда және өндіруші кәсіпорындар бойынша жүктемені оңтайландыру жағдайында икемді баға белгілеу саясатын іске асыруда Сауда Үйінің тікелей қатысуымен «ЕГРЭС-1» ЖШС, «ЕГРЭС-2» АҚ және «АлЭС» АҚ барлық электр энергиясын сатып алуға ниет білдіргендерге электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта бәсекеге қабілетті, нарықтық баға бойынша ойдағыдай сатты.

2018 ж. «ЕГРЭС-1» ЖШС мен «ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ көтерме нарықтың 25 субъектісін тартты («Silk Way Energy» ЖШС, «Энергия инновациялар» ЖШС, «Алтын-Энерго-Сервис» ЖШС, «ДХТ Нефтегазмаш-Сервис» ЖШС, «Samga Development» ЖШС, «Жамбыл электр желілері» ЖШС, «Тараз Электроснаб» ЖШС, «Жарык 65» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС және т.б.), оларға 893 млн. кВт•с электр энергиясы жеткізілді.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 2018 жылы Ресей Федерациясына 3 757,98 млн. кВт•с электр энергиясын экспорттады.

Ірі электр станциялары – ЕГРЭС-1 мен ЕГРЭС-2-нің атқарған табысты жұмысы электр энергиясын сату көлемін арттыру қызметінен анық көрінеді:

Атауы

Станция

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Өндіру, кВт•сағ

ЕГРЭС-1 және ЕГРЭС-2

14 013 464

20 292 465

24 558 117

Сату (экспортқа), кВт•сағ

ЕГРЭС-1 және ЕГРЭС-2

13 228 707

19 320 907

23 500 927

Сату (экспортсыз), кВт•сағ

ЕГРЭС-1 және ЕГРЭС-2

11 237 032

14 615 371

19 742 947

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның қуат нарығына қатысуы

2018 жыл ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ электр станциялары «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында өткізілетін электр қуатының имитациялық сауда-саттығына қатысты.

2018 жылы 5 желтоқсанда Солтүстік және Оңтүстік өңірлер үшін электр қуатының нақты сауда-саттығы өтті, онда Компанияның электр станциялары электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша өз қызмет көлемдерін сатты.

«КОРЭМ» АҚ сауда алаңында өткен қуатты орталықтандырылған сату қорытындылары бойынша Компанияның электр станциялары айына 590 мың теңге/МВт бағамен 2148,7 МВт электр энергиясын сатты.

Қуат нарығын ендіру аясында «Самұрық-Энерго» АҚ жобаны іске асырады, оны аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның алты еншілес компаниясының сауда қызметін толық орталықтандыру күтіледі. Жаңа операциялық модельге сәйкес, режимдер мен тәуліктік кестелерді басқару, экспорттық жеткізілімдер, «KEGOC» АҚ, «КОРЭМ» АҚ және басқа құрылымдармен өзара іс-қимыл Корпоративтік орталық деңгейінде жүзеге асырылатын болады.

Компания басқаруды орталықтандырудың арқасында электр өндіруші компаниялардың оңтайлы жүктемесін қол жеткізуге болады деп есептейді, өйткені ескі модель олардың арасындағы бәсекелестіктің болу мүмкіндігін ескермеді.

Қуат сауда-саттығына «онлайн» режимінде орталықтандырылған қатысу мейлінше табысқа жетуге ықпал ететін дұрыс басқару шешімдерін жедел қабылдауды, сондай-ақ олардың қуат нарығына қатысу тиімділігін арттыруды қарастырады.