«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Көмір нарығы

Көмір өнеркәсібі Қазақстан Республикасының аса маңызды ресурстық салаларының бірі болып табылады. BP Statistical Review of World Energy деректеріне сәйкес, 2018 жылғы жағдай бойынша Қазақстан дәлелденген көмір қорының көлемі бойынша әлемде сегізінші орынға ие – 25,6 млрд. тонна немесе жалпыәлемдік – 2,5 %.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы еліміздегі көмір өндіру көлемі 113,7 млн. тоннаны (көмір концентратын есепке алмағанда) немесе 2017 жылдың ұқсас көрсеткішіне 105 %-ды (107,9 млн. тонна көмір) құрады.

Қазақстанда энергетикалық көмір нарығы біршама бөлшектенген – ірі ойыншылар «Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ мен «РУСАЛ» БК), «ЕЭК» АҚ («ERG» ЖШС), «Шұбаркөл Көмір» АҚ («ERG» ЖШС), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қаражыра» АҚ, «Ангренсор Энерго» ЖШС болып табылады.

мың тонна

№ р/с

Облыс

2017 жыл

2018 жыл

Δ, %

1

Павлодар

62 467,9

70 325,2

13 

2

Қарағанды

35 909

34 987,3

–3 

3

Шығыс Қазақстан

6 867

8 290

21 

4

Өзге

721

100,9

–86 

 

ҚР бойынша барлығы

105 964,9

113 703,4

7 

Көмір сатудың жалпы сызбасы

«Богатырь Көмір» ЖШС-ның ірі тұтынушыларының арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Степногор қалаларының энергия жүйелері, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 бар.

Көмір алу үшін электр станциялары өз беттерімен Екібастұз станциясынан («Богатырь Көмір» ЖШС) белгіленген станцияға дейін көмір тасымалдауды ұйымдастырады.

Көмір өндіру, млн. тонна

Биржа мәмілелерінің қорытындылары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеу екі түрлі жолмен: теміржол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Тұтынушылар ауылдық жергілікті жерлердегі ұсақ қазандықтар болып табылады, олар үшін Екібастұз көмірі төлқұжаттық отын болып табылады.

2018 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның үлесі Қазақстанда өндірілетін барлық көмірдің 39,5 %-ын, Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 59 %-ын құрады.

2018 жылдың қорытындылары бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС. 45 158 мың тонна көмір сатылды, оның ішінде:

  • ҚР ішкі нарығына 35 572 мың тонна, бұл 2017 жылға қарағанда (30 693 мың тонна) 11 %-ға көп, оның ішінде коммуналдық –тұрмыстық мұқтаждықтарға – 1 519 мың тонна;
  • экспортқа (РФ) – 9 587 млн. тонна, бұл 2017 жылға қарағанда (10 166 мың тонна) 5,7 %-ға аз.

Ішкі нарықта көмір сату көлемін ұлғайту 4 879 мың тоннаны құрады, ол казақстандық энергия өндіруші ұйымдардың мұқтаждықтарының өсуіне және жаңа тұтынушының – көмір тиеуіне байланысты.

Экспортқа шығарылатын көмірді сатудың 579 мың тоннаға немесе 6 %-ға азаюы ресейлік кәсіпорындар тарапынан сұраныстың төмендеуіне байланысты.

Алдағы кезеңге болжам:

2019 жылға жасалған болжам бойынша көмір сату көлемі 2018 жылдың фактілеріне қарағанда 2,9 млн тоннаға немесе 6,4 %-ға азаяды. 2020 ж. арналған болжамда көмір сату көлемі 2019 жылға қарағанда 1,5 %-ға немесе 0,6 млн тоннаға ұлғаяды.

2017–2018 жж. тұтынушыларға көмір сату

№ р/с

Облыс

көлемі Сату, мың тонна

Δ,

2018/2017 жж.

2017 ж.

2018 ж.

1

«АлЭС» АҚ

3 256

3 299

101,3 %

2

«Қарағанды Энергоорталық» ЖШС

3 301

3 521

106,6 %

3

«Астана-Энергия» АҚ

3 525

3 640

103,2 %

4

«Павлодарэнерго» АҚ ПЖЭО-2, 3

1 895

3 289

173,6 %

5

«Степногор ЖЭО» ЖШС

869

984

113,3 %

6

«ЕГРЭС-1» ЖШС

8 850

11 559

130,6 %

7

«ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ

3 456

3 285

95,0 %

8

«Bassel Group LLS» ЖШС

544

605

111,2 %

9

«СевҚазЭнерго» АҚ

2 806

2 672

95,2 %

10

«Павлодарэнерго» АҚ ЭЖЭО

505

513

101,6 %

11

«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК

295

323

109,5 %

12

«ГРЭС Топар» ЖШС

0

359

 

13

«Согра ЖЭО» ЖШС

0

5

 

14

Комтұрмыс

1 390

1 519

108,6 %

 

ҚР ішкі нарығындағы барлығы

30 693

35 573

115,9 %

15

Рефтинск ГРЭС (РФ)

9 936

9 564

96,3 %

16

Серовск ГРЭС (РФ)

41

0

0,0 %

17

Троицк ГРЭС (РФ)

143

9

6,4 %

18

Қорған ЖЭО (РФ)

37

0

0,0 %

19

Яровое ЖЭО

0

14

0,0 %

20

Қырғызстан

9

0

0,0 %

 

Экспортқа барлығы

10 166

9 587

94,3 %

«Богатырь-Комир» ЖШС көмір сату, мың тонна