«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Жасыл энергетика

«Шардара СЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Шардара СЭС» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласына жақын жерде Сырдария өзенінде орналасқан су торабы. Су торабының міндеті – кешенді ирригация, энергетика, су тасқынымен күрес, балық шаруашылығы. Бұл Нарын-Сырдария СЭС каскадының соңғы сатысы. СЭС бөгеті маусымдық реттеуші Шардара су қоймасын құрайды, бөгет алаңы – 900 км².

СЭС-тің белгіленген жобалық қуаты – 100 МВт, қуатының орташа көп жылдық өндірісі – 377 млн. кВт. Жабдықтарды жаңғырту жобасы аяқталған кезде СЭС-тің белгіленген қуаты 126 МВт-ны, орташа көп жылдық өндірісі 537 млн кВт•с құрайды.

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Таза табыс/залал

млн. теңге

1 376

1 706

1 526

EBITDA

млн. теңге

2 194

2 330

2 174

EBITDA Margin

%

69

68

66

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

100

100

100/50* МВт 01.03.2018 ж. бастап

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн. кВт•с

334,0

359,4

348,7

Электр энергиясын сату көлемі

млн. кВт•с

329,352

354,752

344,6

* гидроагрегаттарды жаңғырту аяқталғанға дейін азайту

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

Толық ақпаратты Сіз компанияның www.sharges.kz сайтынан ала аласыз


«Мойнақ ГЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

Мойнақ ГЭС – Алматы облысы Райымбек ауданы Шарын өзенінде салынған алғашқы жоғары қысымды және ТМД кеңістігіндегі ең жоғары қысымды су электр станциясы. Мойнақ ГЭС ҚР оңтүстік өңіріндегі ең жоғары жүктемелерді жабуға арналған электр энергиясының маневрлік көзі болып табылады.

Станцияны пайдалануға берген кезден бастап 5 млрд. квт•сағаттан астам электр энергиясы өндірілді, компания қазіргі кезде Қазақстандағы ең тиімділігі жоғары су электр станциясы болып табылады.

Мойнақ ГЭС-ін іске қосу Алматы облысын, әсіресе Райымбек ауданын дамытуға күшті серпін берді. ГЭС ғимараты өлкені түрлендіріп, оған келбетіне жаңаша өң берді. Аудан қосымша табыс көзіне, индустриалды кәсіпорынға және тұрақты жұмыс орындарына ие болды.

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Таза табыс/залал

млн. теңге

4 740

3 076

(5 296)

EBITDA

млн. теңге

8 434

9 118

8 060

EBITDA Margin

%

85

84

79

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

300

300

300

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн. кВт•с

1 166

1 226

1 036

Электр энергиясын сату көлемі

млн. кВт•с

1 160

1 221

1 034

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

Толық ақпаратты Сіз компанияның www.moynak.kz сайтынан ала аласыз


«Өскемен ГЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 89,99 %)

2017 жылы қазанда AES Suntry Power Limited компаниясымен концессия шарты тоқтатылып, активтер Қазақстан Республикасының республикалық меншігіне берілді.

Негізгі қызмет түрі: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет

Орналасқан жері: заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Аблакетка кенті (заңды мекенжайы). Атқарушы органның мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27.


«Бұқтырма ГЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 90 %)

«Бұқтырма ГЭС» АҚ энергетика, көлік және балық шаруашылығының көптеген мәселелерін шешеді. Су электр станциясын салғаннан кейін су көлігінің жұмыс істеу жағдайлары 500 шақырым қашықтықта терең су жолының пайда болуы және реттелген шығыстардың су торабы арқылы өткізудің арқасында күрт жақсарды.

«Бұқтырма ГЭС» АҚ жұмыс көлемінің үлестік шамасы бойынша да, сондай-ақ электр энергиясын өндірудің құндық көрсеткіштері бөлігінде де өте үнемді су электр станциясы болып табылады.

ГЭС-тің белгіленген қуаты 675 МВт-ны құрайды, орташа жылдық өндіру – 2,77 млрд кВт•сағ. ГЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі ең жоғарғы жүктемелерді жабады. 2002 жылы Бұқтырма бөгеті бетон сапасының барлық күтілетін параметрлерден артық болуына байланысты әлемдегі ең мықты бөгет болып танылды.

Негізгі қызмет түрі: Өз жылжымайтын мүлкін жалға алу және басқару, өзге машиналарды, жабдықтарды және материалдық құралдарды жалға алу.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070825, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Серебрянск қаласы, Графтио көшесі, 5.

Компания концессияға берілген.


«Шүлбі ГЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 92,14 %)

2017 жылы қазанда AES Suntry Power Limited компаниясымен концессия шарты тоқтатылып, активтер Қазақстан Республикасының республикалық меншігіне берілді.

Негізгі қызмет түрі: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет

Орналасқан жері: заңды мекенжайы – Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Аблакетка кенті (заңды мекенжайы). Атқарушы органның орналасқан жері: Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 27.


«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп ауқымында жұмыс істейтін алғашқы ірі жел электр станциясы болып табылады.

Компанияның жел паркі Ақмола облысында, Ерейментау қаласына жақын жерде орналасқан, экология үшін қауіпсіз жұмыс істейтін қуаты 2,05 МВт 22 жел турбинасынан тұрады. Іске қосылған сәттен бастап ЖЭС 550 млн. кВт•с астам электр энергиясын өндірді. Барлық өндірілетін электр энергиясының 100 %-ы Қазақстанның Ұлттық электр желісі – «KEGOC» АҚ-қа қосылады.

Қазіргі кезде «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС өзінің алғашқы жобасын – «Ерейментау қаласы ауданында келешекте 300 МВт-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 45 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асырды.

Орналасқан жері: мекенжайы – Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12А, (Жел электр станциясының орналасқан жері – Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбас ауылдық округі, № 041 квартал, № 95 учаске).

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Таза табыс/залал

млн. теңге

(444)

(23)

436

EBITDA

млн. теңге

2 131

3 421

3 201

EBITDA Margin

%

62

78

72

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

45

45

45

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн. кВт•с

152

166

158

Электр энергиясын сату көлемі

млн. кВт•с

151

166

157

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

Толық ақпаратты Сіз компанияның www.pves.kz сайтынан ала аласыз


«Ereymentau Wind Power» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның негізгі және бірден-бір қызметі «Ерейментау қ. ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асыру және бұдан әрі электр энергиясын өндіру болып табылады.

Жоба 20 жел мұржасынан, әр мұржаға іргелес тұрған кран негіздерінен, ішкі жолдардан, ішкі электр желілерінен, диспетчерлік пункттен және энергия жүйесіне қосылатын қосалқы электр станцияларын салуды көздейді.

Жел электр станциясын Ерейментаудан оңтүстік-шығысқа қарай жалпы алаңы 1242  га учаскеге салу жоспарланып отыр. Учаске қыраттардан, жарқабақтардан, негізінен солтүстікке қарай ағып жатқан болмашы жылғалардан тұрады. Қыраттардың үстіңгі бөліктері мен басы – кәдімгі дала жайылымдары, ал төменгі бөлігі мен алқаптар орман учаскелері мен гидрофильді өсімдіктерден тұрады. Неғұрлым жазық болып келетін жапсарлас аумақ бытыраңқы суаттардан тұрады.

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Таза табыс/залал

млн. теңге

(220)

(207)

(167)

EBITDA

млн. теңге

(212)

(141)

(161)

EBITDA Margin

%

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

Толық ақпаратты Сіз компанияның www.ewp.kz сайтынан ала аласыз


«Samruk-Green Energy» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Samruk-Green Energy» ЖШС негізгі қызметі жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру болып табылатын компания. «Samruk-Green Energy» ЖШС-ның алғашқы жобасы 2013 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласында салынған қуаты 2 МВт күн электр станциясы болды.

2018 жылы қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының арасындағы келісім аясында іске асырылған қуаты 1 МВт күн электр станциясы мен қуаты 5 МВт жел электр станциясы іске қосылды.

Қазіргі кезде «Samruk-Green Energy» ЖШС Қапшағай қ. ауданында келешекте 100 МВт-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу жобасын іске асыру бойынша жұмыс істеуде. Аталған жобаны іске асыру жылына 140 млн. кВт•сағатқа жуық электр энергиясын өндіруді, парниктік газдарды жылына 116 мың тоннадан артық азайтуды және табиғи отынды жылына 39 000 тонна көмірден артық үнемдеуді көздейді.

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Таза табыс/залал

млн. теңге

(65)

(21)

(4)

EBITDA

млн. теңге

(28)

15

20

EBITDA Margin

%

–25

10

14

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

2

2

2

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн. кВт•с

3, 228

3, 215

3, 232

Электр энергиясын сату көлемі

млн. кВт•с

3, 109

3, 101

3, 117

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

Толық ақпаратты Сіз компанияның www.samruk-green.kz сайтынан ала аласыз


«Тегіс Мұнай» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Тегіс Мұнай» ЖШС-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Придорожное» кен орнында жер үсті инфрақұрылымын салу және жайластыру, «Придорожное» кен орнынан Бейнеу – Бозой – Шымкент магистралды газ құбырына дейін газ құбырын салу, газды өндіру, өңдеу және сату болып табылады.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасай отырып, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, Компания жобаланатын объектілердегі жобаның өнеркәсіптік және энергия өндіруші бөлімдеріне энергиятиімді технологияларды ендіру үшін ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институттармен бірлесіп жұмыс жасайды.

«Тегіс Мұнай» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобасы болып табылады, табыс алу 2020–2021 жж. жоспарланып отыр.


«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС

(«Тегіс Мұнай» ЖШС – 100 %)

«Маңғышлақ-мұнай» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысының «Придорожное» кен орнында газды барлау жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылады. Жоба жоспарланып отырған қуаты 175,6 МВт бу-газ қондырғысын салуды қамтамасыз ету үшін газ кен орнын әзірлеуді көздейді.

Негізгі міндет өңірде газ тапшылығының орнын толтыру, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік көмекті және бюджетке салық аударымдарын арттыру мақсатында кен орнын өнеркәсіптік пайдалану болып табылады.

Кен орны 1978 жылы табылды. 13 барлау ұңғымасын бұрғылау және сынақтан өткізу нәтижесінде Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия 1100 м және 2400 м тереңдікте 16,5 млрд. текше м көлемде табиғи газдың бар екенін тауып, растады.

«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобасы болып табылады, табыс алу 2020–2021 жж. жоспарланып отыр.

Толық ақпаратты Сіз компанияның www.mangyshlak-munay.kz сайтынан ала аласыз.


«Энергия Семиречья» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 25 %, ZENITH GLOBAL FZE – 75 %)

«Энергия Семиречья» ЖШС – электр энергиясын өндіру және сату, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, объектілерді жобалау және салу қызметін көрсететін кәсіпорын. Кәсіпорын 2009 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Шелек дәлізінде келешекте қуаты 300 МВТ‑ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасын жүзеге асыру үшін құрылды.

Жақын арада «Жоңғар қақпасы 72 МВт» жобасы аясында Жоңғар қақпаларындағы желді мониторингілеуді аяқтау, сондай-ақ Шелек энергия торабын дамыту («Самұрық-Энерго» АҚ мен HYDROCHINA CORPORATION арасындағы Келісімді іске асыру) көзделіп отыр.

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Таза табыс/залал

млн. теңге

(49)

(43)

(26)

EBITDA

млн. теңге

(93)

(81)

(83)

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР


«Energy Solutions Center» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Energy Solutions Center» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобын әкімшілік қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетуге арналған сервистік компания болып табылады. Компания 2016 жылы 16 наурызда құрылды.

Қызмет тізбесіне мыналар кіреді:

  • АТ инфрақұрылымды сүйемелдеу бойынша қызметтер;
  • Интернет ресурстарды сүйемелдеу қызметі;
  • Көлік қызметін көрсету;
  • Жылжымайтын мүлікті басқару (жалға алу, сатып алу, салу) қызметі.

Негізгі қызмет түрі: арнайы кеңселік қызмет көрсету (персонал аутсорсингі), АТ-қызметтер, көлік қызметтері.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы – Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 15 А, Б блогы, 2-қабат.

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Таза табыс/залал

млн. теңге

55

51

89

EBITDA

млн. теңге

72

72

122

EBITDA Margin

%

22

11

13

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

Толық ақпаратты Сіз компанияның www.e-s-center.kz сайтынан ала аласыз