«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Көмір өндіру

«Богатырь Көмір» ЖШС

(Forum Muider B.V. – 100 %)

«Богатырь Көмір» ЖШС – ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша әлемдегі аса ірі кәсіпорындардың бірі. «Богатырь-Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 59 пайызы және ҚР-дағы жалпы көмір өндіру көлемінің 39,5 пайызы тиеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС бойынша бекітілген көмір қоры шамамен 2,9 млрд. тоннаны құрайды. «Богатырь Көмір» ЖШС бойынша көмір қоры горизонтқа дейін минус 200 м (үстіңгі бетінен өлшегендегі тереңдігі 400 м) бекітілген. Кәсіпорынның қазіргі қуаты жағдайында көмір қоры кемінде 70 жыл жұмыс жасауға жетеді.

1970 жылы пайдалануға берілген «Богатырь» кесігі 5, 6, 9, 10 алаңдарда (учаскелерде) көмір қорын игереді. Кесіктің тереңдігі үстіңгі қабатынан өлшегенде 280 метрге жетті (белгі: Балтық шаралар жүйесі бойынша минус 80 м горизонт).

«Северный» кесігі 1954 жылы пайдалануға берілді, көмір өндіру 1, 2, 3, 4 алаңдарында (учаскелерде) жүргізіледі. Кесіктің тереңдігі үстіңгі қабатынан өлшегенде 230 метрге жетті (белгі: Балтық теңізінің деңгейінен Балтық шаралар жүйесі бойынша минус 80 м горизонт).

Екібастұз бассейнінің негізгі өнеркәсіптік қабаттары – орташа қуаты 160 м және жайғасу тереңдігі 670 метрге дейін 1, 2, 3, 4 қабаттар. Бассейн бойынша көмірдің жалпы қоры – 9 млрд. тоннадан артық.

Кәсіпорын «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы мен Қазақстанда, сондай-ақ Ресейде орналасқан үшінші тараптардың өндіруші объектілеріне көмір жеткізеді.

«Богатырь Көмір» көмірі тұтынуға тартымды қабілеттерге ие, оны жаққан кезде қазандық агрегаттары қолданбайды, және қысқы уақыттарда теміржол вагондарын қатпайды. Көмір жылу электр станцияларында тозаң секілді жағуға, сонымен қатар коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған.

«Богатырь Көмір» ЖШС орташа жану жылулығы ~ 4 000 ккал/кг, күлділігі ~43 %, ылғалдылығы ~5 % КСН маркілі көмірді өндіреді.

Мұндың үстіне, кәсіпорын міндеттемелерді қабылдай отырып, қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды іске асыруға қажетті ресурстарды бөледі. 2017–2018 жж. кезеңінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға бағытталған қаражат көлемі 2,808–2,852 млрд. теңгені құрады, бұл жоспарланған қаржыландырудан 2,3 есеге көп. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияның жалпы қысқаруы 30 млн. тоннадан асты.

Негізгі шығындар, 2,6 млрд. теңге, қазынды кеңістікті толтыру мақсатында «Северный» және «Богатырь» кесіктерінің ішкі үйінділеріне аршыма тау жыныстарын орналастыруға байланысты. Бұл компанияның сыртқы тау жыныстарының үйінділеріне 30 млн. тонна аршыма тау жыныстарын азайтуына мүмкіндік берді.

Қоршаған ортаның сапасы мен жұмыс орындарының жай-күйін ұстап тұрудың маңызды шарасы шахта суларын пайдалануға байланысты кесіктердегі автожолдарда, кенжарларда көмір қазған кезде шаңды басу бойынша іс-шараларды орындау болып табылды. Бұрғылау станоктарының аспирациялық жүйелерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету ұңғымадан алынатын барлық бұрғылау өнімдерінің 90 %-ға жуығын жобалық деңгейде тұту тиімділігін ұстап тұруға мүмкіндік берді. Бұл іс-шараларға жұмсалған шығын шамамен 89 млн. теңгені құрады. Жүргізілген жұмыс­тардың нәтижесінде 2018 ж. шаңның түзілуін 40 тоннаға азайта алдық.

Алдыңғы жылдардағыдай, үйінділердегі тотықтандыру-қалпына келтіру процестеріне тұрақты мониторинг жүргізілді. Үйінділерді түзудің технологиялық сызбаларын қатаң сақтау, көмір жыныстарының жаңа тотықтандыру-қалпына келтіру процесінің жаңа ошағы пайда болуының инкубациялық кезеңінен аспайтын мерзімде экскаватор төгінділері мен үйінділердің жаппаларын инертті жыныстармен оқшаулау олардың даму қарқынын төмендетуге және алаңдарды бульдозермен тегістеу және виб­рациялық катокпен тығыздау бойынша орындалатын жұмыс­тарды азайтуға көмегін тигізді.

Іргелес аумақтағы сыртқы тау жыныстары үйінділерінің әсерін зерттеу мақсатында жер асты суларының сапасы бақылаушы ұңғымалар желісінің көмегімен үнемі бақылау­да болды.

Бұдан бөлек, кәсіпорында шығарылатын өнімнің – көмір мен қиыршық тастың сапасының нормативтік талаптарға сәйкестігіне, оның ішінде табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігіне және радиоактивті қауіптілік класына тұрақты бақылау жүргізілді.

Биыл «Богатырь Көмір» ЖШС қайта өңдеумен, залалсыз­дандыру, кәдеге асыру, қауіпсіз жою және пайдалы тұтынумен айналысатын сырт ұйымдар мен кәсіпорындарға беру арқылы «жасыл» экономикаға энергия үнемдеу және қалдықтарды қайта пайдалану, оларды азайту бойынша қолдау көрсетуді жалғастырды. Кәсіпорында пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтарының қалған түрлерін орналастыру үшін қалдық полигондарының меншік иелерімен шарттар жасалды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-ның перспективті жоспарлары Қазақстанның энергетика саласының «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Қарағанды 3-ЖЭО жаңа энергия қуаттарын ендіру және Нұр-Сұлтан қ. Энергия жүйесін қайта құру жөніндегі ірі жобалармен, сондай-ақ Балқаш ЖЭС-і мен Талдықорған қаласында ЖЭО салумен байланысты.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

«Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» және «Северный» кесіктері бойынша бекітілген көмір қоры

млн. тонна

Қабат

Бекітілген қорлар

бойынша ЖШС « Көмір Богатырь » барлығы

1

397,9

2

630,8

3

1 401,7

4

484,6

Барлығы:

2 915,0

Қабат

Бекітілген қорлар

«Северный» кесігі бойынша (1, 2, 3, 4 учаскелер)

1

199,8

2

298,1

3

662,2

4

205,9

Барлығы:

1 366,0

Қабат

Бекітілген қорлар

Оның ішінде: «Богатырь» кесігі бойынша (5, 6, 9, 10 учаскелер)

1

198,1

2

332,8

3

739,4

4

278,7

Барлығы:

1 549,0

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Таза табыс/залал

млн. теңге

11 191

21 960

28 334

EBITDA

млн. теңге

22 785

34 506

41 441

EBITDA Margin

%

36,4

43,3

45,5

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Атауы

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Көмір өндіру көлемі

млн. тонна

35,1

40,4

44,9

ҚР-дағы көмір сату көлемі

млн. тонна

25,9

30,7

35,6

өз ЭС-ға

млн. тонна

11,5

15,6

18,1

сыртқы ЭС-ға

млн. тонна

14,4

15,1

15,9

Көмірді экспорттау көлемі

млн. тонна

9,2

10,2

9,6