«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Есептік кезеңдегі негізгі оқиғалар

2 тамыз

«Интер РАО» ЖАҚ бастамасы бойынша Ресей компаниясының «Интер РАО» ЖАҚ және «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС арасында жасалған шарт аясында өзара іс-қимыл моделін қарастыру қажеттілігі себебіне орай «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-дан электр энергиясын импорттау тоқтатылды. Сондай-ақ «Интер РАО» ЖАҚ «Ресей – Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе» экспорт-импорт және «БЭЖ ЭО» АҚ мен «KEGOC» АҚ арасында ақпарат алмасу қағидаттары негізінде бәсекелестік таңдау нәтижелерін бір тәулік бұрын синхрондауға қатысты Қазақстан БЭЖ бен Ресей БЭЖ-дің параллельді жұмыс режимін жоспарлау бойынша ережені пысықтау туралы бастама жасалды

28 қараша

ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді қалыптастырған кезде ескерілетін шығындардың құрамын толықтыру бөлігінде «Электр энергиясына шекті тарифті бекіту туралы...» қағидатына өзгерістер мен толықтырулар енгізді

29 қараша

ҚР Энергетика министрлігі Қуат нарығының енгізілуіне байланысты 590 мың теңге/МВт*ай мөлшерінде электр қуатын дайындықта ұстап тұру бойынша қызметке бірыңғай шекті тарифті бекітті

30 қараша

«Самұрық-Энерго» АҚ үшінші шығарылым облигация­ларын 21,7 млрд. теңге сомасында бірінші облигациялық бағдарлама аясында орналастырды

тамыз-желтоқсан

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін және ҚР Үкіметінің 2019 жылға арналған ҰЭМ ТМРТжТҚҚ реттейтін субъектілері үшін ТКШ қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға сәйкес, «Алматы Электр Станциялары» АҚ (жылу энергиясына арналған тарифтер), «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «АлматыЭнерго­Сбыт» ЖШС үшін 2019 жылға арналған тарифтер төмендетілді. Төмендетілу себептері шығындарды төмендету және субъектілердің табысын жою, газға арналған құнды төмендету, өтемақы төленетін тариф­терді енгізу болып табылады

8 қараша және 5 желтоқсан

«Самұрық-Энерго» АҚ Азия Даму Банкімен жалпы сомасы 120 млн. АҚШ доллары мөлшерінде теңгемен кредиттік келісімдер жасады

14 желтоқсан

ҚР Энергетика министрлігі Қуат нарығының енгізілуіне байланысты 2019–2025 жж. кезеңіне 43 ЭӨҰ тобы үшін электр қуатына шекті тарифті бекітті. Тарифтер 2019–2025 жж. кезеңге бекітілді

ҚР Энергетика министрлігі ЭӨҰ үшін электр энергия­сына шекті тарифтерді есептеу кезінде ескерілетін бұрын бекітілген табысты жою бөлігінде «Электр энергиясына шекті тарифтерді есептеу кезінде ескерілетін бұрын бекітілген табысты анықтау әдістемесіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізді (бұрын бекітілген Әдістемеде табыстың деңгейі 12 % құрады)