«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Макроэкономикалық факторлар

Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы желтоқсанда тұтынушылық инфляция алдыңғы аймен салыстырғанда баяулады және 0,7 % құрады (қарашада 0,9 %), жылдық мәнінде 5 жыл ішіндегі минимумға жетіп, 5,3 % құрады (2017 жылы 7,1 %). Бағаның жылдық артуына негізгі үлесті жекелегенде +1,9 % азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, сондай-ақ +1,5 % қызметтер қамтамасыз етті. (дереккөз: ҚР ҰБ).

Валюта бағамдарының динамикасы:

 

31.12.2017 жыл

31.12.2018 жыл

%

KZT/USD

332,33

384,2

116

KZT/EUR

398,23

439,37

110

KZT/RUB

5,77

5,52

96

Компания қызметіне қаржы-экономикалық шолу

Есептік саясат қағидаттары

Компанияның 2018 жылғы электр энергетикасы және көмір салаларындағы жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

Қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындылары туралы есепті құрастырған кезде бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы үлестік қатысу әдісін қолданады. Бұған қоса, қолданыс­тағы есептік саясатқа сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді көрсету бастапқы құн бойынша, яғни қайта бағалауды ескермей жүргізіледі. Еншілес ұйымдар сатып алу тәсілі бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізіледі. Сатып алынған сәйкестендірілетін активтер, сондай-ақ бизнесті біріктірген кезде алынған міндеттер және шартты міндеттер бақыланбайтын қатысу үлесінің мөлшеріне тәуелсіз сатып алу күніне әділ құн бойынша көрсетіледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, шоғырландырылған теңгерімде үлестік қатысу әдісін қолданған кезде «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан иелік ету үлесі 50 % құрайтын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Forum MuiderB.V.» көмір активтері компаниясы сияқты ірі компаниялардың айналымдары алынып тасталды.

Шоғырландырылған қаржылық нәтижені қалыптастырған кезде «Самұрық-Энерго» АҚ аталған компаниялар бойынша табыс үлесі «үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдардың табыс/залал үлесі және инвес­тицияларды құнсыздандыру» бабында көрсетілген.