«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Компанияның қызмет түрлерін тарифтік мемлекеттік реттеу

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының және табиғи монополия мен реттелетін нарықтардың субъектілері және бәсекелес нарықта үстем жағдайды иеленетін субъектілер болып табылатын, бірлескен кәсіпорындарының операциялық қызметі «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» және «Бәсекелестік туралы» заңдармен реттеледі. Энергия компаниялары қызметінің түрлеріне тәуелді тарифтік реттеу ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің немесе салалық министрлік – Энергетика министрлігінің құзыретіне жатады.

Электр энергиясын өндіруге арналған орташа мөлшерленген тарифтер

Атауы

Өлш.бірл.

2016 ж. факт

2017 ж. факт

2018 ж. факт

2019 ж.

болжал

2020 ж.

болжал

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

теңге/кВт•сағ

7,33

6,39

6,85

6,27

6,42

Электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

5,25

5,43

Қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

590

611

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

теңге/кВт•сағ

6,68

6,60

7,53

7,08

7,29

Электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

6,07

6,27

Қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

590

611

«Алматы электр станциялары» АҚ

теңге/кВт•сағ

8,60

8,60

8,60

9,90

10,87

Электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

8,89

9,20

Қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

590

980

« СЭС Шардара »  АҚ

теңге/кВт•сағ

9,50

9,50

9,50

7,35

10,92

Электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

6,52

6,74

Қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

590

3 000

«Мойнақ СЭС» АҚ

теңге/кВт•сағ

8,25

8,65

9,51

9,46

15,96

Электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

7,10

7,35

Қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

590

2 151

«Samruk-Green Energy» ЖШС

теңге/кВт•сағ

36,13

42,12

45,11

47,37

49,02

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

теңге/кВт•сағ

22,68

26,44

28,31

29,73

30,77

Есепті кезеңде мынадай тарифтер қолданылды:

  • энергия өндіруші ұйымдар үшін 2009–2015 жж. кезеңге белгіленген шекті тарифтердің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін станциялар үшін 2016–2018 жж. кезеңде тарифтер 2015 ж. тарифтер деңгейінде сақталды. ҚР Үкіметінің ұлттық экономиканы қолдау жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, 2017 ж. ішінде және қазіргі уақытқа дейін «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 8,42 теңге/кВт•сағ-тан аспайтын тарифтер бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асырады. ЕТҰ – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жататын 1-топтың ЭӨҰ-ның фактілі тарифтер электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сату және электр энергиясын Ресей Федерациясына экспорттау себебінен бекітілген деңгейден елеулі төмен.

2018 ж. «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның орташа мөлшерленген тарифі 6,85 теңге/кВт•сағ құрады, ол 2017 ж. деңгейден 0,46 теңге/кВтч\сағ-қа (6,39 теңге/кВт•сағ) жоғары. Орташа мөлшерленген тарифтің ұлғаюы электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда нарықтық бағалар бойынша сату нәтижесінде болды.

2018 ж. «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-тың орташа мөлшерленген тарифі 7,53 теңге/кВт•сағ құрады, ол 2017 ж. деңгейден 0,93 теңге/кВт•сағ-қа (6,60 теңге/кВт•сағ) жоғары. Орташа мөлшерленген тарифтің ұлғаюы электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сату нәтижесінде болды.

Ауқымды инвестициялық бағдарламаларды ескере отырып, «Мойнақ СЭС» АҚ және «Шардара СЭС» АҚ үшін 9,50 теңге/кВт•сағ мөлшерінде жеке және есептік тарифтер бекітілді, бұл ретте электр энергиясының бір бөлігін орталықтандырылған сауда-саттықтарға шығару есебінен «Мойнақ СЭС» АҚ-тың 2017 және 2018 жылдар аралығындағы нақты тарифтері бекітілген деңгейден төмен болды.

2014 ж. қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейін Отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасы негізінде 2019 ж. бастап Қуат нарығы енгізілді. Қуат нарығын енгізу энергия өндіруші ұйымдар үшін тарифті құру құрылымын өзгертеді. Электр энергиясына ЭӨҰ үшін (43 топ үшін) электр энергиясына шекті тариф бекітілді, электр қуатын дайындықта ұстап тұру жөніндегі қызметке барлық ЭӨҰ үшін 590 мың теңге/МВт*ай бірыңғай шекті тариф бекітілді. Тарифтер 2019–2025 жж. кезеңге бекітілді. Алайда, бекітілген тарифтер жылдар бойынша тиімділік пен индекстеуді қайта қарастырмайды. Бұл ретте, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес, қажеттілік жағдайында электр энергиясына арналған тарифтер жыл сайын түзетіледі. Электр энергиясына бекітіліген шекті тариф Компанияның шығындарын жаппайтындықтан, басшылық көрсетілген әдістемеге сәйкес 2020 ж. бастап тарифті түзетуді жоспарлап отыр. 2021 ж. бастап және одан кейін тарифтер тұтынушылар бағасының индексін ескере отырып болжалады. Сондай-ақ 2020 ж. бастап «Мойнақ СЭС» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ және «Шардара СЭС» АҚ үшін қуатқа арналған жеке тариф белгілеу қарастырылған.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге арналған тарифтер бекітілген және ЖЭК технологияларына тәуелді (жел, күн және басқа энергия көздер үшін бөлек) ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді және жыл сайын индекстеуге жатады.

Жылу энергиясын өндіруге арналған тариф

Атауы

Өлш.бірл.

2016 ж. факт

2017 ж. факт

2018 ж. факт

2019 ж.

болжал

2020 ж.

болжал

«Алматы электр станиялары» АҚ

теңге/Гкал

2 872

3 363

3 917

3 871

3 869

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

теңге/Гкал

683

740

816

831

849

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

теңге/Гкал

352

446

555

555

Заңнама инвестициялық құрамдастықты қоса отырып және шығындарды жыл сайын индекстеу үшін жылу энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тарифтердің ұзақ мерзімді (5+ жыл) шекті деңгейлерін бекітуді қарастырады. Табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау комитеті шекті тарифтерді бекітеді. Алайда, тарифтерді арттыру жылына бір реттен артық жүргізілмейді және объективті себептер бойынша станциялардың шығындары ұлғайған жағдайда тарифтерді арттырусыз сақтау тәуекелдері бар.

Электр энергиясын жеткізу қызметтеріне арналған тарифтер

Атауы

Өлш.бірл.

2016 ж. факт

2017 ж. факт

2018 ж. факт

2019 ж.

болжал

2020 ж.

болжал

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

теңге/кВт•сағ

5,35

5,83

5,89

5,53

5,95

Аудандық энергия жеткізетін компаниялар (АЭК) үшін 2016–2020 жж. арналған инвестициялық құрамдастықты енгізе отырып, тарифтік сметалар негізінде ұзақ мерзімді шекті тарифтер бекітілді, мұны қажет болған жағдайда уәкілетті орган түзетеді. Алайда, объективті себептер бойынша АЭК шығындары өскен жағдайда (иесіз желілерді және жабдықтарды және т.б. балансқа қабылдау) тариф­терді арттыру жылына бір реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ тарифтерді арттырусыз сақтау тәуекелдері бар.

ЭҚҰ электр энергиясын сатуға арналған тарифтер

Атауы

Өлш.бірл.

2016 ж. факт

2017 ж. факт

2018 ж. факт

2019 ж.

болжал

2020 ж.

болжал

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

теңге/кВт•сағ

15,66

16,38

16,42

16,68

17,65

Энергиямен қамтамасыз ететін компаниялар монополия­лық реттеуге жатады. Тарифті есептеуге операциялық, қаржылық және инвестициялық компоненттер енгізілді. Өңірлерде халықтың әлеуметтік тұрақтылығын сақтау мақсатында Реттегіштің тарифтің өсуін жасанды ұстап тұру тәуекелі бар. 2017 ж. заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, тәулік аймақтары бойынша сараланған та­риф­тер жойылды. Жеке тұлғалар үшін тұтыну нормалары бойынша саралау сақталды, заңды тұлғалар үшін электр энергиясын жеткізу орташа босату тарифтері бойынша жүзеге асырылады.

Көмір өндіруге арналған тариф

Атауы

.бірл Өлш.

2016 ж. факт

2017 ж. факт

2018 ж. факт

2019 ж.

болжал

2020 ж.

болжал

«Богатырь Көмір» ЖШС

теңге/тонна

1 779

1 944

2 013

2 019

2 081

«Богатырь Көмір» ЖШС-ның көмірін өндіруге арналған тариф тұтынушылардың 3-тобы үшін ҚР тұтынушылары үшін прейскурант арқылы дербес бекітіледі (ҚТЖ-ның жанасу станциялардағы энергетика, көмір жинау станциялардағы энергетика, коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар). Реттелу ҰЭМ ТМРжБҚК Кәсіпкерлік кодексі негізінде жүзеге асырылады.