«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Инвестициялық қызмет

«Самұрық-Энерго» АҚ активтерін дамытудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ өндіруші қуат көздерін енгізудің таяу аралыққа белгіленген мерзімі Қазақстан Республикасындағы жалпы қуат қондыр­ғыларының тез тозуы жағдайында пайдаланылатын жабдықтардың жоғары техникалық деңгейін көрсетеді. Жүктеме деңгейі артып, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру жалғасқан жағдайда «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының энергетика саласында операциялық тиімділігі жоғары кәсіпорынға айналуы мүмкін.

Заманауи көмір энергия блоктарының, маневрлі қуат құрылғыларының, когенерация станциялары мен болашақ энергия көздерінің дамуы, қолданысқа енуі Компанияға стратегиялық серіктестермен бірлесе отырып ЖЭК жобаларын жүзеге асыру арқылы нарықтағы тұрақты жетекші орынды иеленуге мол мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық бағдарламасы өндірістік қуат көздерін жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңадан салуға, сондай-ақ энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге және электр қуаты мен жылу энергиясына деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.

Инвестицияға жұмсалған шығындар, млн.теңге

Компания Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін сыртқы заемдар мен облигациялар секілді түрлі құралдарды пайдаланады, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржыландыру үшін Республикалық бюджеттен бөлінетін ақшалай қаражатты тартады.

«Самұрық-Энерго» АҚ миссиясына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына энергия ресурстарының сенімді және бәсекеге қабілетті жеткізілуін қамтамасыз ету, акционерлік капиталдың құнын арттыру және «Самұрық-Энерго» АҚ бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында 2018 ж. мынадай инвестициялық жобалар іске асырылды:

«ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметінің арасындағы Келісім аясында қуаты 1 МВт КЭС және қуаты 5 МВт ЖЭС салу» жобасы

Жоба ҚХР Үкіметінің ҚР Үкіметіне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету аясында іске асырылды. Жобаның мақсаты – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып (5 МВт ЖЭС-ның жылдық электр энергия­сын өндіру көлемі – 17 млн. кВт•с жуық; 1 МВт КЭС-тің жылдық  өндіру көлемі – 1,4 млн. кВт•с) жылына 18 млн. кВт•с электр энергиясын өндіру. 2018 ж. 30 қарашада Алматы облысы Нұрлы ауылы ауданында Алматы қ. БЭА «ИТП Алатау» нысанының аумағында салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«220 кВ «Горный Гигант» ҚС-ның жүктемесін кейіннен «Горный Гигант» ҚС-ны бөлшектеу арқылы 110 кВ желілері бойынша 220 кВ «Ерменсай» ҚС-ға ауыстыру» жобасы

Жобамен жұмыс істеп тұрған қосалқы станцияның зақымдану қаупін жою және Алматы қ. орталық аймағын сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуі көзделген.

Жоба «Горный Гигант» қосалқы станциясы орналасқан жерде болған топырақ көшкіні нәтижесіндегі төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 220 кВ «Горный Гигант» ҚС-ның жүктемесін кейіннен «Горный Гигант» ҚС‑ны бөлшектеу арқылы 110 кВ желілері бойынша 220 кВ «Ерменсай» ҚС-ға ауыстыруды көздейді. 2018 жылы 22 желтоқсанда «Горный Гигант» ҚС жүктемесін 110 кВ желілері бойынша «Ерменсай» ҚС-ға ауыстыру толық көлемде аяқталды. Жоба мақсатына қол жеткізілді.

Компанияның іске асырылатын инвестициялық жобалары портфеліне 9 инвестициялық жоба кіреді, оларды іске асыру жұмыс істеп тұрған станциялардың белгіленген қуатын ұлғайту және жаңа қуаттарды құру арқылы Қазақстанның электр энергиясына және электр қуатына деген тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.

«Богатырь» Екібастұз көмір кеніші кесігінде көмірді өндіру, тасымалдау, сапасын тұрақтандыру және тиеудің циклды-ағынды технологиясына (ЦАТ) көшу» жобасы

ЦАТ жобасы «Богатырь» кесігін көмір өндірудің циклды-ағынды технологиясына кезең-кезеңмен көшіруді және конвейерлік көлікте біркелкілеу қоймаларына кейіннен беткі тиеу кешендеріне тиеу арқылы жеткізуді көздейді. Жобаны іске асыру қажеттілігі темір жол көлігін пайдалану тиімді болмайтын тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен байланысты.

Жобаны іске асыру «Богатырь» кесігінің өндірістік қуатын жылына 32 миллионнан 40 миллион тоннаға дейін арттыруға, кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыруға, көмір өндірудің өзіндік құнын төмендетуге және көмір тасымалдау мен тиеу жабдықтарын жаңартуға мүмкіндік береді.

«Придорожное» газ кен орнын игеру» жобасы

Жоба ішкі және сыртқы нарыққа сату мақсатында табиғи газ өндіруді жүзеге асыру үшін инфрақұрылым жүйесін салуды көздейді. Жоба аясында сондай-ақ «Придорожное» кен орнынан «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырына дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Жобаның мақсаты ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи газға деген тапшылығын жабу болып табылады, бұл ретте газ өндірудің жылдық жоғары мөлшері 290 млн. м3 болады деп күтілуде.

2018 жылы 30 маусымда ҚР Энергетика министрлігі Газ өндіру туралы келісімшартқа қол қойды.

«Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы

Жоба станция жұмысының өнімділігі мен пайдаланылу қауіпсіздігін арттыру үшін моральдық және табиғи тұрғыдан тозған жабдықтарды ауыстыруды көздейді, соның нәтижесінде станцияның белгіленген қуатын 126 МВт-ға арттыра отырып, жылына қосымша 57 млн кВт•сағ. электр энергиясын өндіру мүмкіндігі пайда болады. Жоба бойынша жабдықтар жеткізілді, монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

«Қапшағай қ. қуаты 416 кВт КЭС салу» жобасы

Жоба «Astana Solar» ЖШС қазақстандық кремний өндірісі негізінде фото-электр модулін пайдалана отырып қуаты 416 кВт күн электр станциясын салуды көздейді. Жобаны жүзеге асыру жылына қосымша 0,5 млн. кВт•сағ. электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, Қазақстанның энергия тапшы Оңтүстік өңірін энергиямен қамтамасыз ету болып табылады.

Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлануда.

«Екібастұз ГРЭС-2-ні № 3 энергия блогын сала отырып кеңейту және қайта жаңарту» жобасы

Жоба № 3 энергия блогын сала отырып станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-қа ұлғайтуды және жылына қосымша 4,8 млрд. кВт•сағ электр энергиясын өндіруді көздейді.

«Екібастұз ГРЭС-1 қуатын қайта жаңарту және кеңейту (№ 1 блокты қалпына келтіру)» жобасы

Жоба Қазақстан мен Ресейдегі электр энергиясына деген өсіп отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында Екібастұз ГРЭС-1-дегі қуаты 500 МВт № 1 энергия блогын қалпына келтіруді көздейді.

«Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын салу» жобасы

Жоба Ерейментау қаласы ауданында келешекте қуатын 300 МВт-ға дейін арттыру мүмкіндігі бар қуаты 50 МВт жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаны жүзеге асыру жылына 180 млн. кВт•сағ. электр қуатын қосымша өндіруге мүмкіндік береді.

Жоба мақсаты жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндірген кезде көмірсутекті энергия тасымалдағыштарды пайдалану деңгейін азайту болып табылады.

Жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.

«Шелек дәлізінде келешекте 300 МВТ-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасы

Жоба Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде келешекте қуаты 300 МВТ-ға дейін ұлғайтылатын 60 МВт жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаны іске асыру жылына қосымша 225,7 млн. кВт•с электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты электр энергиясын өндірген кезде көмірсутекті энергия тасымалдағыштарды пайдалану деңгейін азайту үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдану болып табылады.

Жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы жүріп жатыр.

«АлЭС» АҚ Алматы 1-2-3 ЖЭО, нысандарына газ тарту» жобасы

Жұмыс істеп тұрған Алматы ЖЭО нысандарын жаңғырту жобаларын жүзеге асырудағы негізгі мақсат «АлЭС» АҚ энергия көздерінен Алматы қаласы мен Алматы облысының экологиясына келетін жағымсыз әсерді азайту болып табылады.

Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру бойынша:

2018 жылы жобаның ТЭН-і әзірленді, онда қуаты жағынан жұмыс істеп тұрған ЖЭО-ға ұқсас, газбен жұмыс істейтін жаңа станция салу негізгі нұсқа ретінде қаралды.

Газ-турбиналық технологиялар негізінде жаңа энергия көзін сала отырып, Алматы ЖЭО-1 – ді кеңейту:

Жоба бойынша Инвестициялық ұсыныс әзірленді.