«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Өтімділік пен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Сыртқы кредиторлардан ковенантты орындау:

Ковенант

Норматив

2018 ж. нақты

Ауытқу Факт

2018/ Норматив

Ескертпе

Қарыз/EBITDA (ЕҚҚДБ, ҚХБ)

4,5-тен аспайды

3,18

–1,32

Сақталады

EBITDA/Пайыздар (ЕҚҚДБ)

Кемінде 3

2,95

–0,05

Сақталады *

Кредитордың есептеу әдістемесі бойынша ковенант мәні – 3,77 құрайды.

Қарыз/ капитал Меншікті (ҚДБ және ЕАДБ)

2-ден аспайды

0,65

–1,35

Сақталады

Атауы

2016

Факт

2017

Факт

2018

Факт

2019 (болжал)

2020 (болжал)

Қарыз/EBITDA

5,41

4,64

3,18

3,82

2,56

Қарыз/ капитал і Меншікт

0,75

0,75

0,65

0,65

0,53

Ағымдағы өтімділік

0,66

1,36

1,04

1,21

0,90

2018 жылы Компанияның қаржылық тұрақтылығы өндіріс көлемінің ұлғаюы мен тарифтердің өсуі, сондай-ақ қарыз жүктемесінің азаюы мен активтерді сату нәтижесінде жақсарды. 2018 ж. қорытындысы бойынша Компанияның шоғырландырылған қарызы 2017 жылмен салыстырғанда 53 млрд. теңгеге төмендеп, 383 млрд. теңгені құрады.

Қаржылық тұрақтылықты жақсарту үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қабылдаған шаралар

31.12.2018 жылғы жағдай бойынша 48,7 млрд. теңге сомасындағы қарыздың мерзімінен бұрын өтелуі қамтамасыз етілді, оның ішінде:

  • ЕҚҚДБ 4,4 млрд. теңге сомасында;
  • «Халық банк» АҚ 38,5 млрд. теңге сомасында;
  • «Cбербанк» АҚ ЕБ 5,75 млрд. теңге сомасында өтелді.

Қаржылық шығындарды оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстар аясында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының ағымдағы қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесі 1-1,5 % азайтылды.

2018 ж. қорытындысы бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету және қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу нәтижесінде сыйақылар бойынша шығыстан үнемделген қаражат 3 млрд. теңгені құрады.

Қосымша, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қарыз бен қаржылық тұрақтылықты басқару саясатының талаптарына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ Компанияны жасыл тәуекел аймағына енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Аталған Іс-шаралар жоспары EBITDA көрсеткішін жақсартуға, шығындарды оңтайландыруға және қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған 2017–2022 жж. аралығында нақты шараларды іске асыруды көздейді.