«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)

 Бенчмаркинг – «Самұрық-Энерго» АҚ-ны басқарудың маңызды элементтерінің бірі. Бенчмаркингті жүргізу мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін шетелдердің ұқсас компанияларымен операциялық және қаржылық көрсеткіштерді сәйкестендіру болып табылады. Бенчмаркинг үшін мына көрсеткіштер қолданылды:

  • EBITDA margin (EBITDA маржасы);
  • Қарыз/EBITDA;
  • Инвестицияланған капиталдың тиімділігі (ROIC).

Бенчмаркинг үшін төмендегідей ұқсас компаниялардың деректері пайдаланылды:

  • Inter RAO UES PJSC (Ресей);
  • CEZ Group (Чех Республикасы);
  • Drax Group (Ұлыбритания).

Бенчмаркинг нәтижелері:

2018 жылғы EBITDA margin

2018 жылғы Return on Invested Capital (ROIC)

Қазіргі кезде шетелдік ұқсас компаниялармен салыстыр­ғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ кейбір көрсеткіштері бойынша нәтижелері төмен.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері «Самұрық-Энерго» АҚ қолжетімді қаржылық левереджді толықтай пайдаланатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, EBITDA margin көрсеткіші бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің ұқсас компанияларынан басым түседі. Бұл көрсеткіш сатудан түсетін кірістің жоғары екенін білдіреді.

ROIC (салынған ұзақ мерзімді капиталдың рентабельділігі) көрсеткіші бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ өзге европалық ұқсас компаниялардан біршама асып түседі. Десек те, осы көрсеткіш бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің экономикалық шарттары тұрғысынан ұқсас келетін ресейлік холдингтен едәуір төменгі деңгейде, бұл инвестициялар тиімділігін арттыру қажеттілігін (рентабелділік, қайтарымдылық) көрсетеді.

2018 электр энергия тарифтері, АҚШ центтері

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясаттың жетекшісі болып табылатынын атап кету қажет. Осыған байланысты, сондай-ақ энергетикалық сектордың мейлінше тозуына байланысты 2009 жылдан бастап әлеуметтік маңызды инвестиция­лық жобалар іске асырылды (ҚР Энергия жүйесінің сенімділігі мен жұмысының үздіксіздігіне бағытталған), бұл Компанияның табыстылық деңгейін сақтаған кезде инвестицияланған капиталдың елеулі өсуіне әкеп соқты.

Инвестициялардың рентабелділік көрсеткіштеріне ықпал ететін қосымша фактор ұқсас компаниялардың мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы электр энергиясына тариф деңгейінің төмен болуы болып табылады.

Мемлекет

кВт•с тарифтері

АҚШ центімен

АҚШ долларының орташа бағамы 2018 ж.

Қазақстан

16,25 теңге

4,7

344,8 теңге

Ресей

3,9 рубль

6,2

62,7 рубль

Чех Республикасы

0,16 еуро

18,8

0,85 еуро

Ұлыбритания

0,14 фунт

18,6

0,75 фунт