«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Сатып алуды басқару

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында сатып алу рәсімдері «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 ж. 28 қаңтардағы шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидасына (хаттама № 126) сәйкес жүргізіледі.

Тауарларды, жұмыстарды қызметтерді сатып алу кағидаттары:

  1. сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы
  2. сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау
  3. сапалы тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу
  4. Холдинг сатып алатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердегі жергілікті қатысу үлесін ұлғайту
  5. Холдингтің мүгедектер ұйымы (кәсіпкерлік қыз­метті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) қолдау талабымен сатып алу үдерісіне қатысу үшін барлық әлеуетті өнім берушілерге, отандық тауар өндірушілерге, отандық кәсіпкерлерге тең мүмкіндіктер беру
  6. әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік
  7. Холдинг ішіндегі кооперацияны дамыту мақсатымен Холдингке кіретін ұйымдар арасында сатып алуға жәрдемдесу
  8. қабылданатын шешімдерді бақылау және жауапкершілік
  9. сатып алу үдерісінде делдалдардың қатысуын азайту
  10. инвестициялық стартегиялық жобаларды тиімді іске асыру

Компания сатып алу қағидаттарына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында «Сатып алуды санаттық басқару» жобасын енгізді. Жоба сатып алу қызметін оңтайландыруды көздейді.

«Сатып алуды санаттық басқару» жобасының мәні сатып алынатын материалдардың техникалық және өзге де ерекшеліктері бойынша ұқсас түрлерін бір санатқа біріктіру болып табылады. Санаттық басқару қосымша құндылықтарды іздестіру, экономикалық тиімділікті арттыру, жиынтық құнды бағалау және жеткізілімдер тізбегіндегі шығынды азайту дегенді білдіреді. Енгізілген өзгерістер сатып алу бағасын төмендетуге, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға, иеліктегі заттардың жиынтық құны негізінде әлеуетті жеткізушіні таңдау есебінен жергілікті өндірушілерді дамытуға, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың оңтайлы әдістерін табуға, ұзақ мерзімдегі және қысқа мерзімдегі аралықта пайданы ұлғайтуға ықпал етеді. Бұған қоса сатып алынатын нәрсені жиынтық құны негізінде таңдау сатып алу құнын бағалап қана қоймай пайдалану және жою шығындарын бағалауға, соның нәтижесінде неғұрлым қолайлы әрі тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

2018 жылы «Арнайы киімдер», «Техникалық қызмет көрсету және арнайы техниканы жөндеу», «Жеке қорғаныш құралдары» және «Көмір тасымалы» санаттары бойынша сатып алудың санаттық категориясы әзірленді. Бұл санаттар өткен кезеңдердің шығыстарын, келешектегі қажеттіліктерді, жеткізілімдер нарығын және бизнес талаптарын талдау нәтижесінде жасалған тұжырымдарды қамтиды.

Сатып алу қызметіне енгізілген трансформациялық өзгерістер аясында кадр әлеуетіне де назар аударылады. 2018 жылы сатып алу жүйесін жетілдіру жұмыстары басталды, осы жұмыстардың бір бағыты Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың сатып алу қызметі мамандарын сертификациядан өткізу болып табылады. 2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы сатып алуға жетекшілік ететін басшылар, басшылардың орынбасарлары сертификаттаудан табысты өтті.

Сатып алу қағидаттарына сәйкес Компания бұрынғыша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметті сатып алудағы жергілікті қамтудың үлесіне мониторинг жүргізуге баса назар аударады.

Жергілікті қамту үлесі бойынша ақпарат, млн. теңгемен*

 

нақты 2016

нақты 2017

нақты 2018

Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы

ЖҚ %

Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы

ЖҚ %

Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы

ЖҚ %

тауарлар

118 986,63

92 

122 783,06

75 

152 323,77

83 

Ж/Қ

183 028,05

70 

149 580,49

80 

153 420,06

88 

* Ескертпе: «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС деректері

Бұдан басқа Компания әлеуметтік жауапкершілікке де көңіл бөліп келеді.

2018 жылы Компания мүгедектер ұйымдарымен, оның ішінде «Ассоциация инвалидов Восток» қоғамдық бірлестігімен, «Мамай – Астана» ЖШС-мен, «Гермес 21 век» ЖШС-мен, «МЕГАПОЛИС – АСТАНА» ЖК-мен, «Koktem-2016» ЖШС-мен, «Delta inc» ЖШС-мен, Ахманова Д.Х. ЖК-мен, «BAYAZIT Life» ЖШС-мен, «Общество инвалидов «Ар-Рохим» қоғамдық бірлестігімен, «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесімен, «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігімен, «GrandCorp» ЖШС-мен, ӘБЕНОВ ЖК-мен, «Қолғанат-Қарағанды» ЖШС-мен шарттар жасады.

2016 жылы мүгедектер ұйымдарымен 114,8 млн. теңге сомасына шарттар жасалды.

2017 жылы мүгедектер ұйымдарымен 383,3 млн. теңге сомасына шарттар жасалды.

2018 жылы мүгедектер ұйымдарымен 369,3 млн. теңге сомасына шарттар жасалды.