«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

ТРАНСФОРМАЦИЯ

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының негізгі міндеті – операциялық шығындарды азайту, өткізу нарығының экспорттық әлеуетін кеңейту, қоршаған ортаны қорғау және активтерді басқарудың жаңа тәсілдерін ендіру. 

«Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Компанияны технологиялық, табысы жоғары әрі тиімді бизнес-құрылымға айналдыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018–2028 жылдарға арналған Даму стратегиясында көрсетілген стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін сенімді тұғырнама құруға бағытталған.

Трансформациялау бағдарламасының негізінде бес негізгі бағыт бойынша жұмыстар қатар атақарылады:

  1. Бизнес-процестерді реинжинирингілеу – ресурстарды басқару бойынша кешенді жүйелерді ендіру, барлық ұйымдарда трансформациялау жобаларының периметрін бірлесіп жоспарлау және корпоративтік басқару.
  2. Цифрландыру – мақсатты базалық процестерді автоматтандыру.
  3. Компанияның заңдық құрылымын жеңілдету – «Самұрық-Қазына» қорының Жекешелендіру жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес активтерді жекешелендіру.
  4. Адамдарды трансформациялау – Компанияда корпоративтік мәдениетті кешенді дамыту, көшбасшылықты дамыту бағдарламасын, қызметкерлердің лауазымдарына сәйкестігін бағалау жүйесін ендіру. Сабақтастықты жоспарлау, негізгі жайғасымдарға кадр резервін даярлау бағдарламасын, «Жас Өркен» жас мамандарды дамыту бағдарламасын іске асыру. Ескішілдікке негізделген процестерді пайдаланған кезде сервистік модельдерді қолдану, жоғары жетістіктерге жеткен қызметкерлерді мойындау бағдарламасын іске асыру. HR-талдау заманауи құралдарын, адам ресурстарын басқарудың автоматтандырылған процестерін дамыту.
  5. Өзгерістерді және жобалау тәсілін басқаруды ендіру – жобалар мен өзгерістерді басқару стандарттарын қолдану, Компанияның барлық басшыларының өзгерістерді және жобалау тәсілін басқару бойынша құзыреттерінің болуы. Өзгерістерді және жобалау тәсілін басқару әдістемесін әзірлеу мен қолдану Компания қызметі мен Компанияның негізгі қызметкерлерінің негізгі көрсеткіштеріне қосылады.

Трансформациялау бағдарламасының нәтижелері нақты қаржылық нәтижелер (пайда, үнемдеу) де, сондай-ақ жалпы Компания активтерінің құнын арттыруды қамтамасыз ететін сапалық нәтижелер де болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасы жобаларының портфелі 12 жобадан тұрады, оның: «Портфельді басқаруды ендіру» және «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін ендіру» деп аталатын екеуі ағымдағы жылы басталды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Трансформациялау бағдарламасының бір жобасы аяқталды.

Ақша мен қарызды тиімді басқару

«Корпоративтік қаржының жаңа моделін ендіру» жобасы

Жоба аяқталды. Корпоративтік қаржының жаңа моделі ендірілді

Ақша қаражаты мен қарыздарды басқару процестері – Компания үшін негізгі мәселенің бірі. Жоба өтімділікті басқаруды орталықтандыруға бағытталған, ол ең үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келеді.

Жоба арқылы Компанияда төлемдерді оңтайландырудың бірегей әдісі ретінде Кэш пулинг құралы ендірілді.

Жобаны іске асырудан түсетін пайданың болжанған сомасы 2021 жылға дейін 8,7 млрд. теңгені құрайды.

Жоба Компанияның операциялық қызметіне берілді.

Қол жеткізілген жетістіктермен тоқталып қалмай, Компания Трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асыруды жалғастырады.

Сату және трейдинг функцияларын орталықтандыру

«Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін ендіру» жобасы

№ 4 Фаза «Бақылау және қолдау». Сату мен трейдинг бойынша жаңа процесс енгізілді

2018 жылы Корпоративтік орталық (Сауда үйі) базасында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында электр энергиясын сату қызметінің бірыңғай орталығы процесі іске қосылды.

Сауда үйі «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша электр энергиясын сатудан түскен табысқа жауапты, пайданың орталығына айналды. Оның қызметі Қазақстанның барлық тұтынушыларына электр энергия­сын сату бойынша операцияларды, электр станцияларының қызметін жоспарлауға қатысуды, электр энергия­сының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығына орталықтандырылған қатысуды қамтиды. Сату процесін ендіру нәтижесінде толық емес 2018 жыл үшін жобадан түскен қаржылық пайда 3,5 млрд. теңгені құрады.

Компанияның өзгеріп отыратын экономикалық жағдайларға тиімді жауап қайтаруы үшін ұйымдастырудағы икемділік

«Бизнес-бастамалар портфелін басқару» жобасы

Жоба іске қосылды. «Жобаны іске қосу» 0-дік фаза деңгейінде.

Бизнес-бастамалар портфелін басқару жобасы аясында құрылған бизнес-процестер болашақта тек тиімділігі жоғары жобалардың өтуі мен келісілуін қамтамасыз етеді, әрі алдағы уақытта оларды іске асырған кезде шығындарды мейлінше азайту есебінен нақты пайда әкеледі.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бизнесті өзгерту бойынша жоспарды іске асыру жоспарланып отыр, ол ұйымдастырудағы және процестік өзгерістерді, күрделі және ұзақ мерзімді қаржы салымдары портфелін басқару бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді қамтиды.

Тәуекелдерді басқарудың қолда­ныс­тағы жүйесін жетілдіру

«Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасы

«Жобаны іске қосу» 0-дік фазасы аяқталды.

Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін ендіру жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобын корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының қорытындысы бойынша тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйе­сінің тиімділік деңгейін көтеруге қол жеткізуге бағытталған. 2019 жылға дейінгі бірінші толқынның ұйымдастыру периметріне КО мен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС кірді. 2020 жылдан 2021 жылға дейінгі екінші толқынға – «Шардара су электр станциясы» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ және «Алматы электр станциялары» АҚ кірді.

Айқын иерархия құру есебінен Компанияның басқарымдылығын арттыру

«Мақсатты ұйымдық құрылымға көшу» жобасы

Жобаның 2-толқынының «Мониторинг және қолдау» 4-фазасы аяқталды

Корпоративтік орталықта, «Екібастұз ГРЭС-1» АҚ-да мақсатты ұйымдық құрылымға көшу аяқталды. Енгізіліп жатқан мақсатты бизнес процестерге, жауаптылық аумағын функционалдық тұрғыдан бөлу және лауазымдардың жаңа тігінен түзілу иерархиясын ендіруге сәйкес грейдрлеу жүйесі әзірленіп, ендірілді және үміткерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігіне бағалау жүргізілді (Job Matching). 2018 жылғы қыркүйектен бастап жоба «Алматы электр станциялары» АҚ-да іске асырылуда.

IT – даму стратегиясы. ITSM-ді ендіру. IТ- процестерін автоматтандыру.

«IТ-ны басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасы

«Процестерді дайындау және іске қосу» 3-фазасы аяқталды

Жобалау командасы IТ-ны басқару бойынша мақсатты бизнес-процестерді, ОЦО-ны құру бойынша жобалау құжаттары мен материалдарды (150-ден астам құжат) әзірлеп, сипаттап жазды (халықаралық тәжірибе негізінде).

Өз күшімізбен АТ-ны басқару процестерін автоматтандыруға арналған «АТ-қызметтерін басқару» ақпараттық жүйе­сін әзірлеу үшін GLPI бағдарламалық өнімі (бұдан әрі – Жүйе) әзірленді.

IТ-инфрақұрылым мониторингінің кіші жүйесі әзірленіп, ендірілді («Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Energy Solutions Center» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ).

«IТ-қызметтерді басқару» ақпараттық жүйесін «Самұрық-Энерго» АҚ, «Energy Solutions Center» ЖШС‑да, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларға мүлдем төзбеушілік

«Кешенді қауіпсіздікті басқару бойынша жаңа модельді ендіру» жобасы

«Процестерді дайындау және іске қосу» 3-фазасы аяқталды

«Самұрық-Энерго» АҚ өндірістегі жазатайым оқиғаларға мүлдем төзбеушілік акциясын жариялады. Жобалау командасы кешенді қауіпсіздікті басқару жүйесінің ағымдағы жағдайын анықтау мақсатында бастапқы аудитті өткізді («Самұрық-Энерго» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ). Кешенді қауіпсіздік саласындағы мақсатты модель мен халықаралық стандарттарға сәйкес, жаңа стандарттар әзірленіп, ендірілді: Қауіпсіздіктің алтын қағидалары; Оқиғалардың түпкілікті себептерін анықтау әдістемесі; Әлеуетті қауіпті оқиғаларды, қауіпті/қауіпсіз мінез-құлық туралы хабарламаларды есепке алу; Наряд-рұқсатты берген кездегі жұмыстардың қауіпсіздігіне талдау жасау; Персоналды қауіпсіз мінез-құлыққа ынталандыру.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері мен жоғары басшылығы үшін тиісті тақырыптарда оқу өткізілді.

Сатып алуды санаттық басқаруды ендіру есебінен Компанияның операциялық шығындарын азайту

«Сатып алуды санаттық басқару» жобасы

Жобаның 5-толқынының «Мониторинг және қолдау» 4-фазасы аяқталды

Жоба сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер санаттарға бөлініп, әзірленді, 8 сатып алынатын санаттық стратегия іске асыру стадиясында. «Металл прокат», «Ірі габаритті дөңгелектер», «Арнайы киім», «Майлар мен майлағыштар» және «Арнайы техникаға және жылжымалы құрамға аралған бөлшектер» санаттары бойынша шарттар жасалды. 2022 жылға дейінгі мерзімде басқарылатын санаттардың жылдық шығындарының 80 %-ын жабу арқылы 20 сатып алынатын санаттық стратегияны іске асыру жоспарлануда.

Жобаны іске асырудан 3,1 млрд. теңге тиімділікке қол жеткізу жоспарланып отыр. Қаржылық тиімділіктен басқа өнім берушілердің толық әрі сенімді базасын құру, жеткізілетін өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыру күтілуде.

БЖЖ – жылдық және орта мерзімді жоспарлауды қалыптастырудың негізі

«Біріктірілген жоспарлау жүйесі» жобасы

«Іске асыру» 2-фазасы аяқталу деңгейінде

«Самұрық-Энерго» АҚ-да және компаниялар тобында («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС) IBM бағдарламалық жасақтамасына БЖЖ құралын ендіру (біріктірілген жоспарлау жүйесі) Компанияның көптеген даму сценарийлерін санап шығуға және модельдеуге, сондай-ақ неғұрлым сенімді деректерге (нормалар, коэффициенттер, төлқұжаттық деректер және т.б.) сүйене отырып, ең оңтайлы сценарийді ұсынуға мүмкіндік береді.

2018 ж. Екібастұз ГРЭС-1 станциясында ғана БЖЖ жобасын ендіруден түскен нақты пайда 910, 6 млн. теңгені құрады. Аталған пайда станцияның энергия блоктарының БЖЖ бойынша есептелген оңтайлы режимде жұмыс істеуі, сондай-ақ станцияның қуатты реттеу қызметін көрсетуі нәтижесінде алынды.

БЖЖ жобасының 2018–2021 кезең ішіндегі жоспарлы пайдасы 3,3 млрд. теңгені құрайды.

Ақпараттық қауіпсіздік

«Басқару жүйесін ендіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» жобасы

Бірінші толқын аяқталды

Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жарлығын іске асыру аясында Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстан Киберқалқан») дамытуға бағыт ұсталды, ол қоғам мен мемлекеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Жобаның мақсаты ақпараттық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерінің алдында ақпараттық қауіпсіздік процестерінің кемелдігін арттыруға, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының осалдықтары мен қауіп-қатерлеріне мониторинг жүргізу бойынша құралдарды пайдалана отырып, бақылау мен зиян келтіргіш белсенділікті талдауды қамтамасыз ету, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның осалдықтары мен қауіп-қатерлеріне мониторинг жүргізу, деректері мен ақпараттарын қорғау тиімділігін арттыру үшін жаңа бағдарламалық жасақтаманы ендіру болып табылады.

Жобаны ендіру мен іске асыру болашақта Бірыңғай жедел қауіпсіздік орталығын (Security Operation Center) құруға мүмкіндік береді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы жылдармен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ақпараттық қауіпсіздігі саласында ішкі нормативтік құжаттаманы бұзушылықты айтарлықтай азайтуға қол жеткізіліп, құпия ақпараттың ашылуына жол берілген жоқ.

Стратегиялық бастамаларды іске асыру аясында Компания есепті кезеңде екі жаңа жобаны іске қосты.

Цифрландыру

Жобалар қалыптасу сатысында

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының ерекше бағытының бірі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады. Компанияның 2018–2021 жж. арналған Жол картасы цифрландыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Цифр­ландыру офисі құрылып, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да цифрландыру жобаларын іске асыру дайындығына алдын ала тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар өтеусіз негізде Қазақстанның ғылыми-білім беру университеттерімен өндірістік деректердің математикалық моделін әзірлеу үшін математика және информатика мамандарын тарту мәселесі бойынша меморандумдарға қол қойылды. Бүгінгі күні Халықаралық бизнес университетімен (UIB) және Алматы энергетика және байланыс университетімен меморандумдар жасалды.

Болашақта цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметінің жалпы тиімділігін, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен құнын арттыруға бағытталған.

Бизнес-процестерді автоматтандыру

«Нысаналы процестерді ендіру» жобасы

Жоба іске қосылды. «Жобаны іске қосу» 0 фазасы стадиясы

Процестер мен шығындарды оңтайландыруды, бақылау мен олардың ашықтығын қамтамасыз ете отырып, 5-6 және одан көп кешенді бизнес-процестерге бір мезгілде қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін SAP S4/HANA жүйесінде нысаналы процестерді ендіру.

Жоба «АлЭС» АҚ-да іске қосылды.