«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

«Самұрық-Энерго» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі корпоративтік басқару тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл нәтижесінде Компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығына, акционерлер мен инвесторлар сеніміне, сондай-ақ инвестициялық тәуекелдер мен бизнесті қаржыландыру құнын төмендетуге ұмтылатын корпоративтік басқару тиімділігінің маңыздылығын толықтай түсінуіне байланысты.

Корпоративтік басқару аясында Компания келесі қағидаттарды ұстанады:

Акционерлердің, инвесторлар мен өзге де стейкхолдерлердің құқықтарын мүлтіксіз сақтау

Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің, сондай-ақ Атқарушы орган мен оның Комитеттерінің жұмыс тиімділігін арттыру

Корпоративтік шиеленістер мен мүдделер қақтығысын болдырмау

Акционерлер мен өзге де мүдделі тараптарға қатыс­ты ақпараттық ашықтық қағидатын сақтау (Компания басшылары мен директорларына сыйақы тағайындау рәсімінде нақты да ашық саясаттың қолданылуы, дивидендтік саясаттың ашықтығы, GRI және ХҚЕС стандарттарына сәйкес жыл сайынғы негізде қаржылық есептілік қамтылған жылдық есеп пен тұрақты даму саласындағы жылдық есептердің жариялануы және т.б.)

Компанияның басқару органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілеттігі пен жауапкершіліктерін нақты белгілеу

Басқару есептілігі жүйесін жетілдіру

Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін одан әрі ендіру арқылы корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін қолдануға тырысу

Жоспарлаудың, ішкі бақылаудың, комплаенс пен ішкі аудиттің, тәуекелдерді басқару мен орнықты дамудың тиімді процестерінің болуын қамтамасыз ету

2018 жылы өткізілген «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқару диагностикасының нәтижелері бойынша, жоспарлы көрсеткішке қол жеткізіліп, «орташа» кемелдік деңгейіне сәйкес келетін ВВ – корпоративтік басқару рейтингі берілді, бұл Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің белгіленген критерийлердің көпшілігінің барлық қолданылатын аспектілеріне сәйкес келетінін білдіреді.

Есепті кезең ішінде корпоративтік басқаруды жетілдіру аясында есепті кезең үшін Компанияның 2018–2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы бекітілді, Компанияның Директорлар кеңесінің жанындағы Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті, Компания Басқармасының жанындағы Кадрлар және сыйақы комитеті құрылып, Компанияның барлық стейкхолдерлерінен кері байланыс алу процесі әзірленді.

Еңбекті қорғау саласындағы оқиғаларды анықтау және тексеру үшін есептіліктің ашық жүйесі, ынталандыру жүйесі ендірілді, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының арасында 2019 жылға арналған Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Компанияның орнықты даму, корпоративтік басқару, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, корпоративтік қақтығыс­тар мен мүдделер қақтығыстарын шешу, ақпараттық қауіпсіздік және т.б. саласындағы ішкі нормативтік құжаттары әзірленіп, бекітілді.

«Комплаенс» қызметі «комплаенстың» жұмыс бағыттары, жаңа Мінез-құлық кодексінің, Бастамашылықпен ақпарат беру саясатының талаптары бойынша Корпоративтік орталықтың қызметкерлеріне, сондай-ақ еншілес ұйымдардың қызметкерлеріне арнап оқу курстарын өткізді.

Тәуелсіз консультанттың диагностикасы мен ұсынымдарының нәтижелерін ескере отырып, Директорлар кеңесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2019–2021 жылдарға арналған Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі өзектендірілген іс-шаралар жоспарын бекітті.