«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Акционер

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100 % акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі (www.sk.kz). Жалғыз акционер қызметтің басым міндеттері мен стратегиялық бағыттарын белгілеу арқылы Компанияны басқарады.

Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас жасау оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және оған құрметпен қарауға келіп тіреледі, ол адалдыққа, есептілікке, жауапкершілік пен ашықтыққа негізделген.

Компания қызметтің ұзақ мерзімді құны мен орнықты дамуының өсуін қамтамасыз ету арқылы Жалғыз акционердің мүдделерін сақтауға ұмтылады.

Компанияда Дивидендтік саясат қабылданған, оның негізгі қағидаттары мыналар:

  1. Жалғыз акционердің пайдасына дивидендтер төлеуді қамтамасыз ету принципі;
  2. стратегиялық инвестициялық жобаларды қаржыландыруды, сондай-ақ активтерді сатып алуды қоса алғанда Компания қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету қағидаты;
  3. инвестициялық қызметті қаржыландыру қажеттілігі қағидаты.

Сөйтіп, Компания қызметінің қорытындылары бойынша, 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған бағалы қағаздардың саны 8 602 187 данаға, орналастырылғандар саны – 5 601 687 данаға жетті. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бір жай акцияның баланстық құны 84 839 теңгені құрады. Бір акцияның табысы 861 теңгені құрады.

Жалғыз акционердің шешімімен, 2018 жылы 2017 жылдың қорытындыларына орай жай акция бойынша 2 041 000 000 теңге дивиденд төленді.