«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі басқару органы бола отырып, орнықты даму қағидаттары негізінде барлық стейкхолдерлердің мүдделері ескеріліп ойластырылған шешімдер қабылдау арқылы Компанияға стратегиялық басшылық жасауды және қызметтің ұзақ мерзімді тиімділігін қамтамасыз етеді.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, Директорлар кеңесі ұйым құндылығын арттыруға айтарлықтай ықпал ете алады. Сондықтан да Кеңес құрамы құзыретінің маңыздылығы тәжірибе, білік-дағдылар, білім және ойлау сипатының әр алуандығы тұрғысынан жоғары сапалы теңгерімге деген ұмтылысты анықтайды. Директорлар кеңесі құрамының сапасына қойылатын талаптар «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесін құру қағидаларымен реттеледі.

Компанияның Директорлар кеңесінің 31.12.2018 ж. жағдай бойынша құрамы:

  • ДК төрағасы – Айдарбаев Алик Серікұлы
  • Басқарма төрағасы – Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы
  • Жалғыз акционердің өкілі – Рахметов Нұрлан Құсайынұлы
  • Тәуелсіз директор – Лука Сутера
  • Тәуелсіз директор – Спицын Анатолий Тихонович
  • Тәуелсіз директор – Андреас Сторзел
  • Тәуелсіз директор – Хоакин Галиндо Велез

2019 жылы Жалғыз акционердің шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі Алик Серікұлы Айдарбаев өкілеттігін тоқтатты. Жалғыз акционердің 2019 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен Директорлар кеңесінің төрағасы болып Бейбіт Еркінбайұлы Қарымсақов тағайындалды.

Директорлар кеңесі мүшелеріне қатысты негізгі деректер төменде келтірілді. Кеңестің әрбір мүшесінің толық түйіндемесімен сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz.

Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционер мүдделерін қорғаушы өкіл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 31 қазан 1962 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 28 қаңтар 2019 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді

«Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі

Стратегиялық және корпоративтік басқару, экономика, қаржы, юриспруденция және аудит саласы бойынша сарапшы


Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 23 желтоқсан 1966 жыл

Бірінші сайланған уақыты:  24 қыркүйек 2018 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді

Стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару, қаржы, нарықты дамыту және юриспруденция саласы бойынша сарапшы


Рахметов Нұрлан Құсайынұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерін қорғаушы өкіл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 24 қыркүйек 1965 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 28 қаңтар 2017 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді

«Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директоры

Стратегиялық басқару, экономика, қаржы және аудит саласы бойынша сарапшы


Лука Сутера

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің аға тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Италия Республикасы

Туған күні: 07 шілде 1971 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 08 мамыр 2012 жыл

Аға тәуелсіз директор болып сайланған уақыты:
14 қазан 2016 жылы

Қайта сайланды: 05 шілде 2016 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің
акцияларына иелік етпейді

Аудит комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі, Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі

Мына салалар бойынша сарапшы:

  • Бухгалтерлік есеп, қаржы, аудит, (CPA сертификаты бар)
  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
  • Корпоративтік стратегия
  • Бірігу және жұтылу
  • Инвестициялық баға
  • HR және ұйымдастыру
  • Өнімділікті басқару
  • Корпоративтік басқару (IoD UK дипломы бар директор)
  • Компанияларды пайдалануға беру, біріктіру және олардың айналымы.
  • Компанияның ірі ауқымды трансформациялау бағдарламалары

Қоса атқаратын жұмысы және ДК-ге мүшелік:

Nebras Power Қаржы тобының вице-президенті, Басқарма мүшесі. (Катар мемлекеттік халықаралық энергетикалық компаниясы).

2011 жылдың сәуірінен Ресей Тәуелсіз директорлары қауымдастығының мүшесі болып табылады.

2014 жылдың сәуірінен Британ Директорлар институтының (IoD) мүшесі.

2015 жылғы тамыздан Group Chief Financial Officer Nebras Power, Катар мемлекеттік халықаралық энергетикалық компаниясының мүшесі


Хоакин Галиндо Велез

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Испания Корольдігі

Туған күні: 27 тамыз 1957 жыл

Бірінші рет сайланған уақыты: 28 қаңтар 2017 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді

Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Аудит комитетінің мүшесі; Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі

Мына салалар бойынша сарапшы:

  • Дәстүрлі және жаңартылған электр энергиясын өндіру: O&M және Энергетикалық менеджмент
  • Инжиниринг және құрылыс
  • Стратегиялық даму
  • Бизнесті дамыту
  • Экологиялық сұрақтар
  • Интеграция және трансформация бағдарламалары

Қосалқы атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі:

Испания Директорларлар Институтының мүшесі (ICA).

Испания Энергетикалық Клубтың мүшесі


Андреас Сторзел

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Германия Федеративтік Республикасы

Туған күні: 12 қазан 1963 жыл

Бірінші сайланған күні: 05 шілде 2016 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Аудит комитетінің мүшесі; Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.

Корпоративтік басқару, стратегиялар, қаржы, инвестициялар, бірігу және жұтылу салалары бойынша сарапшы

Қосалқы атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі:

2014 жылдан бастап қазіргі кезге дейін – innogy Middle East& North Africa бас атқарушы директоры, Дубай, БАӘ

2012 жылдан 2014 жылды қоса алғандағы мерзімде RWE Middle East Ltd бас директоры, Дубай, БАӘ.


Спицын Анатолий Тихонович

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Ресей Федерациясының азаматы

Туған күні: 24 мамыр 1939 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 08 мамыр 2012 жыл

Қайта сайланған уақыты: 05 шілде 2016 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің ак­ция­ларына иелік етпейді.

Тағайындаулар және сыйақы комитетінің төрағасы; Аудит комитетінің мүшесі; Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі, Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.

Экономика, қаржы, басқару және стратегиялық даму саласы бойынша сарапшы.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының (РЖҒА) толық мүшесі, КСРО және РФ Архитекторлар одағының мүшесі.

Қоса атқаратын жұмысы және ДК-ге мүшелік:

Қазіргі кезде РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы экономика және қаржы қоғамдық секторының профессоры, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығы Интеграциялық мәселелерді стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, Халықаралық инвестициялар академиясының бірінші вице-президенті, ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры.


Директор лауазымы терең практикалық білімді, тәжірибені және үнемі жетіліп отыруды талап етеді. Осы мақсатта «Самұрық-Энерго» АҚ-да корпоративтік басқару жүйесіндегі басты процестердің бірі ретінде Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін бағалау көзделген.

2018 жылы PricewaterhouseCoopers тәуелсіз сарапшылары корпоративтік басқару рейтингін бағалау аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тиімділігіне талдау жүргізді, осы талдау нәтижесінде Директорлар кеңесі мен оның әрбір мүшесінің Компанияның тұрақты дамуы мен ұзақ мерзімді құнынын өсуіне қосқан үлесі анықталды, сондай-ақ жұмысты жақсарту бағытындағы жаңа әдістер мен ұсыныстар айқындалды. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесінің мүшелері қайта сайланғанда немесе олардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда назарға алынатын болады.

Кеңес мүшелері Жарғыға, заңнамаға және Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Компания алдындағы міндеттерін сапалы орындауға дербес жауапты болып табылады, атап айтқанда бизнестің табыстылығына ықпал ету, Компания миссиясы мен пайымына сәйкес дұрыс шешімдер қабылдау басты талаптар болып саналады.

Кеңестің қазіргі құрамында Тәуелсіз директорлардың болуы Компания мүддесіне сай келетін объективті шешімдердің қабылдануына кепіл болып табылады.

Тәуелсіз директорларды таңдаудың басты шарты кәсіби шеберлік пен дербестікті жеткілікті дәрежеде игеру болып табылады, яғни қандай да болмасын тараптың ықпалынсыз шешімді дербес қабылдай білу дағдысы болуы шарт. Тәуелсіз директорлар Компанияда ең озық әлемдік тәжірибені қолдану үшін өз тәжірибелерімен бөліседі. Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінің Комитеттерін басқару арқылы халықаралық деңгейдегі тәжірибелерін пайдаланады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның Тәуелсіз директорлары тәуелсіздік талаптарына толықтай сәйкес келді.

Директорлар кеңесінің қызметі

Директорлар кеңесі отырыстарының саны

 

2016

2017

2018

Отырыстар саны

11

11

14

Тікелей нысанда

7

9

11

Сырттай нысанда

4

3

3

Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуы

 

2016

2017

2018

Жалпы статистика

100 %

100 %

96 %

Айдарбаев Алик Серікұлы

100 %

Лука Сутера

100 %

100 %

100 %

Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуы

 

2016

2017

2018

Спицын Анатолий Тихонович

100 %

100 %

93 %

Андреас Сторзел

100 %

100 %

93 %

Хоакин Галиндо Велез

100 %

93 %

Рахметов Нұрлан Құсайынұлы

100 %

93 %

Жоламанов Бақытжан

Төлеужанұлы

100 %

2018 жылы Компанияның Директорлар кеңесі 11 тікелей отырыс өткізді, 3-еуі сырттай нысанда. Отырыстар барысында 222 мәселе қаралды.

Негізгі қаралған мәселелер

Директорлар кеңесі тоқсан сайынғы негізде тәуекелдерді басқару; корпоративтік басқаруды жетілдіру; Жалғыз акционердің болжалы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; инвестициялық жобалар бойынша инвестицияны игеру; даму жоспарының орындалуы; Компанияны тәуекелділіктің жасыл аймағына шығару бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанушылық және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс туралы есептерді қарады.

2018–2028 жж. арналған Стратегия, 2018–2028 жж. арналған Кадр саясаты, Мінез-құлық кодексі, 2018–2028 жж. арналған Инновациялық-технологиялық стратегия, Бастамашылдықпен ақпараттандыру саясаты, Корпоративтік шиеленістер мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты, Комплаенс тәуекелін басқару саясаты бекітілді, Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау комитеті құрылды, Тұрақты даму саласындағы басшылық, Стейкхолдерлер картасы және Тұрақты даму саласындағы бастамалар жоспары жаңартылды.

Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру

Директорлар кеңесінің құрамындағы Жалғыз акционердің өкілдері мен Басқарма Төрағасы сыйақы алмайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқарғаны үшін тәуелсіз директорлар жылдық белгіленген сыйақы, сондай-ақ комитет мүшесі ретінде Қоғамның Директорлар кеңесі комитетінің әрбір тікелей отырысына қатысқаны үшін қосымша сыйақы алады.

Тәуелсіз директорға оның тұрғылықты жерінен тыс жерде өткізілген Қоғамның Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына баруына байланысты (жол жүру, тұру, тәуліктік шығыстар) шығыстары өтеледі.

Тәуелсіз директорларға 2018 жылы төленген сыйақы

Тәуелсіз директорлар

Барлық төленгені

Спицын Анатолий Тихонович

АҚШ доллары

87 502

Лука Сутера

АҚШ доллары

87 502

Андреас Сторзел

АҚШ доллары

87 502

Хоакин Галиндо Велез

АҚШ доллары

86 113

Кеңес белгілі бір міндеттерді орындау үшін және келіп түскен мәселелер мен қабылданатын шешімдерге тиісті көңіл бөліп, оларды барынша тереңінен зерделеу және сапалы нәтижеге жету мақсатында өкілеттігін өз комитеттеріне береді.

Компанияның Директорлар кеңесі жанында: Аудит комитеті, Тағайындаулар және сыйақы комитеті, Стратегиялық жоспарлау комитеті, сондай-ақ Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау комитеті қызмет атқарады.

Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмыс қорытындылары бойынша есеп

Комитеттер бойынша отырыстарда қаралған мәселелер саны

 

2016

2017

2018

Аудит комитеті

43

48

81

Тағайындаулар және сыйақы комитеті

37

40

68

Стратегиялық жоспарлау комитеті

19

30

30

Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті

8

Аудит комитеті

Комитет қызметінің мақсаты Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасаудың тиімді жүйе­сін белгілеуге қатысты мәселелерді тереңдете зерттеу үшін Директорлар кеңесіне жәрдемдесуге бағытталған, оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығы, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқарудың сенімділігі мен тиімділігіне бақылау жасау, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуына бақылау жасау, сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету.

Комитет құрамы:

  • Лука Сутера – аға тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Аудит комитеті отырыстарының саны

 

2016

2017

2018

Отырыстар саны

8

9

12

Тікелей нысанда

8

9

12

Сырттай нысанда

0

0

0

Комитеттің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің қатысуы

100 %

100 %

91 %

2018 жылы қаралған мәселелер саны

81

Негізгі қаралған мәселелер

Қаржылық есептілікті әзірлеу мәселелері бойынша атқарушы органмен, сыртқы аудиторлармен кездесулер өткізілді. Ішкі аудит қызметі, «Комплаенс» және «Тәуекел Менеджменті және Ішкі Бақылау» департаменті жұмыстарының бірқатар мәселелері қаралды.

Комитет туралы ереже өзектендірілді.

Тағайындаулар және сыйақы комитеті

Тағайындаулар және сыйақы комитеті Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңестік органы болып табылады, ол Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелерін, Басқарма құрамын, Корпоративтік хатшыны, сондай-ақ басқа қызметкерлерді тағайындау және оларға сыйақы белгілеу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Комитет құрамы:

  • Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Лука Сутера – аға тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Тағайындаулар және сыйақы комитеті отырыстарының саны

 

2016

2017

2018

Отырыстар саны

11

9

12

Тікелей нысанда

11

9

12

Сырттай нысанда

0

0

0

Комитеттің дауыс беру құқығы бар

100 %

100 %

93 %

2018 жылы қаралған мәселелер саны

68

Негізгі қаралған мәселелер

Есептік мерзім ішінде Директорлар кеңесіне «Самұрық-­Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша Бақылаушы кеңес/Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау мәселелеріне қатысты ұсыныстар берілді. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы бойынша Жалғыз акционерге ұсыныстар берілді.

«Казгидротехэнерго» ЖШС, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Ereymentau Wind Power» ЖШС, «Energy Solution Center» ЖШС бас директорларына, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма құрамына ұсыныстар берілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі жетекшісінің және Корпоративтік хатшы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нақты мәндері, Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі жетекшісінің және Корпоративтік хатшы қызметінің ынталандыру НҚҚ қаралды.

Комитет туралы ереже, Таланттарды басқару қағидалары, Лауазымдарды бағалау ережелері өзектендірілді.

Стратегиялық жоспарлау комитеті

Стратегиялық жоспарлау комитетінің мақсаты Компания қызметінің басым (даму) бағыттарын, стратегиялық мақсаттарын (даму стратегияларын) әзірлеу, Компанияның орнықты даму жүйесін басқару, инвестициялық жобаларын, ұзақ мерзімді келешектегі Компания қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қоса алғанда, шеберлік-жоспарларын іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет құрамы:

  • Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Лука Сутера – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Стратегиялық жоспарлау комитеті отырыстарының саны

 

2016

2017

2018

Отырыстар саны

6

7

10

Тікелей нысанда

6

7

10

Сырттай нысанда

0

0

0

Комитеттің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің қатысуы

100 %

100 %

90 %

2018 жылы қаралған мәселелер саны

30

Негізгі қаралған мәселелер

Тоқсан сайын мынадай есептерді қарау: қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанушылық саласындағы жұмыс туралы, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның корпоративтік басқаруды жетілдіру және Корпоративтік басқару кодексін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы, «Самұрық-Энерго» АҚ Даму стратегиясын іске асыруда Жол картасының орындалуы туралы, Жалғыз акционердің болжалдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы, Компания­ның инвестициялық жобалары бойынша инвестициялардың игерілуі, стратегиялық НҚК-ні бекіту және оның орындалуын кейіннен бақылау туралы есептер.

Прогресс туралы есепті қарау және Pricewaterhouse­Coopers сыртқы консультанттарына Компанияның корпоративтік басқаруына тәуелсіз диагностика жүргізуге жіберу, 2018–2028 жж. арналған Даму стратегиясын, Цифрландыру, 2018–2028 жж. арналған Инновация­лық-технологиялық стратегияны қарау.

Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті

Комитет 2018 жылғы 31 наурызда тұрақты даму қағидаттарын енгізу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлу мақсатында құрылды.

Комитет қызметінің мақсаты қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Директорлар кеңесіне ұсыныстар әзірлеу, бағалау мен талдаулар жүргізу арқылы Компания қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет құрамы:

  • Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Лука Сутера – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті отырыстарының саны

2018

Отырыс саны

4

Тікелей нысанда

4

Сырттай нысанда

0

Комитеттің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің қатысуы

93 %

2018 жылы қаралған мәселелер саны

8

Негізгі қаралған мәселелер

Тоқсан сайынғы негізде Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік жарақаттанушылық саласындағы жұмыс туралы есепті қарау. Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ережеге, Қоғамның компаниялар тобындағы 2019 жылға арналған Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар алдын-ала мақұлданды.