«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

«Комплаенс» қызмет

Ақшалов Даурен Есалыұлы

«Комплаенс» қызметінің басшысы

Корпоративтік басқару, тәуекел және комплаенс бойынша International Compliance Association (ICA) халықаралық дипломы – Int.Dip. (GRC) International Compliance Association (MICA) мүшесі Іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) ICA Professional ICA Postgraduate Diploma in GRC – Prof.PGDip (GRC) үміткері

 Жедел желі
Пошталық мекенжайы: sk.hotline@deloitte.kz
Телефон: 8 800 080 19 94

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мейлінше азайту және болдырмау мақсатында 2017 жылы үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ құрылымында «Комплаенс» қызметі құрылды. Қызмет Комплаенс бағдарламасын енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясатты айқындайды, сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес тәуелді ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына бақылау жасайды.

Компанияның Комплаенс бағдарламасына Директорлар кеңесі мен Басқарма толық қолдау көрсетеді, ол Компания мәдениетінің ажыратылмас бөлігі болып табылады. 2018 жылы Мінез-құлық кодексі бекітілді, онда құндылықтар мен қағидаттар, мақсаттар, қызметкерлерге қарым-қатынас, активтерді қорғау, ақпаратты басқару, комплаенс, бизнес қоғамдастықпен өзара іс-қимыл және Компаниямен қарым-қатынас мәселелері толық қамтылды.

Корпоративтік орталық пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының алаңдарында сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың байқалу фактілеріне «абсолюттік төзбеу­шілік» корпоративтік мәдениетті қалыптастыру аясында еңбек шартына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер» талаптарын енгізді, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен өкіл шақыра отырып, қызметкерлер үшін таныстыру мақсатындағы комплаенс тренингтер өткізілді. Компания қызметкерлеріне тұрақты негізде комплаенс мәселелері бойынша үздік әлемдік және ұлттық тәжірибе туралы ақпарат жіберіледі. Компанияның ішкі интернет ресурсында «Комплаенс қызметі» ақпараттық парағы ашылды, онда комплаенс тәуекелдер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау мәселелері бойынша оқыту материалдары мен бейнероликтер бар. Бейімделу тренингінің бағдарламасына комплаенс талаптары туралы курс енгізілді.

Компанияның комплаенс бағдарламасының негізгі құралдарының бірі Компаниямен қарым-қатынас жасайтын үшінші тұлғалардың, серіктестердің, контрагенттердің сенімділігін тексеру болып табылады. Қызмет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және іскерлік беделді жоғалту тәуекелдерін болдырмау мақсатында үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру тәжірибесін енгізді. Мінез-құлық кодексі ережелерін Компаниямен жұмыс істейтін іскерлік серіктестерге, өнім берушілерге және басқа үшінші тұлғаларға қолдану мақсатында үлгілік шаруашылық шарттарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер» нормалары енгізілді.

Сонымен қатар, комплаенс бағдарламасы аясында барлық қызметкерлер мен мүдделі тараптарға нақты және болжамды заң бұзушылықтарына қатысты өз алаңдау­шылықтарын хабарлау, этика және комплаенс мәселелері бойынша реттегіш талаптарға және ішкі құжаттарға байланысты өзінің алаңдаушылығы туралы хабарлай алуы үшін Бастамашылықпен хабар беру желісі (жедел желі/Speak up) ретінде коммуникация құралдары ұсынылды. Бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға хабарламаны құпия немесе иесін көрсетпей жіберу мүмкіндігі берілді, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауды болдырмау және қорғауға кепілдік беріледі. Үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес және хабарлаушылардың мүдделерін қорғау үшін жедел желіге «Делойт» тәуелсіз компаниясы әкімшілік етеді, жедел желіге келіп түскен барлық арыздар мен шағымдар тіркеліп, кәсіби және құпия тексеруді қамтамасыз ететін «Комплаенс» қызметіне беріледі. Хабарламаларды неғұрлым тиімді өңдеу мақсатында байланыс ақпаратын ұсыну функциясы бар, сонымен қатар иесін көрсетпей хабарлама қалдыруға болады. Иесі көрсетілмеген шағымдар бойынша жауаптар кейіннен өтініш берушіге жолдау үшін тәуелсіз компанияға беріледі.

Қызмет тоқсан сайынғы негізде Директорлар кеңесіне Бас­тамашылықпен хабар беру желісі бойынша есеп ұсынады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның жедел желісіне 31 арыз түсті, оның 8-інің иесі көрсетілмеген. Барлық түскен арыздар бойынша тексеру/тергеу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша өтініш берушілерге жауаптар берілді. Арыздарды объективті қарау және шешім қабылдау үшін Компания бастамашылықпен хабар беру желісі бойынша келіп түскен арыздарды/шағымдарды қарау жөніндегі комиссияны құрды.