«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Ішкі аудит қызметі

Сейдіғалиева Ақмарал Кәкімқызы

Ішкі аудит қызметінің басшысы

CIA Ішкі аудитордың халықаралық сертификаты (Certified Internal Auditor). Халықаралық аудит және басқару институтының дипломы IFA «Ішкі аудит» (DipIFA). САР ЕССБА тәжірибелік бухгалтер сертификаты (Certified Accounting Practitioner).

Іскерлік әкімшілік магистрі Executive Master of Business Administration of SBS Swiss Business School.

Қызмет тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен кеңестер беру арқылы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуге көмектеседі.

2018 жылы Қызмет аудиторлық тексерістер жүргізуде жаңаша бағыттар қолданды. Өткен жылдарда Қызмет Компанияның еншілес және бағынысты ұйымдарында жекелей кешенді аудиттер жүргізуге ден қойса, 2018 жылы корпоративтік орталық пен оның еншілес және бағынысты компанияларындағы бизнес-процестерін біртұтас процесс ретінде қарастыратын толассыз аудит жүргізді.

Қызмет құрамында 7 адам жұмыс істейді, 2018 жылы 21 жоспарлы және 2 жоспардан тыс аудиторлық тапсырма орындалды.

Аудиторлық тапсырыстардың басымдық сипаты тәуекелділік деңгейі жоғары процестерді таңдау жолымен анықталады, сондай-ақ Жалғыз Акционер мен «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жүргізуге берген сұраныстары басымдыққа ие.

Қызметтің 2018 жылы атқарған маңызды жұмыстарының қатарында:

  • Компаниядағы Трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысын бағалауды;
  • инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын бағалауды;
  • адам ресурстарын басқару процестерін бағалауды атап өтуге болады.

Бұған қоса 2018 жылы Қызметтің өз жұмысын жетілдіру бағытында бірқатар шаралар іске асырылды, соның ішінде:

  • Сапаны қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасы – ішкі аудиттің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік беретін және оның қызметін одан әрі жетілдіру мүмкіндіктерін анықтайтын құжат.
  • Кепілдік картасы – бизнестің негізгі тәуекелдерін айқындайды, осы тәуекелдерді азайтуға кепілдік береді.
  • Ішкі бақылауды тестілеуге негізделген аудиторлық тексерістерге көшудің 3 жылдық жоспары.

Кәсібилікті арттыру қажеттігін түсіне отырып, Қызмет қыз­меткерлердің үздіксіз оқуы мен кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Қызмет жетекшісі мен қызметкерлері тұрақты негізде Ішкі аудит институты мүшелерінің кездесуіне, кәсіби сертификаттау оқуларына қатысып тұрады. Қазіргі уақытта Қызметте CIA ішкі аудитор халықаралық сертификатының, Халықаралық Аудит және Менеджмент институты дипломының IFA (DipIFA), САР ЕССБА халықаралық сертификатының, Ұлыбритания қаржылық менеджерлері институты дипломдарының (DipPIA и DiPCPIA) иегерлері жұмыс істейді.

Қызметтің 2018 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Директорлар кеңесі Қызметтің жұмысын «Тиімді» деп таныды.

Сондай-ақ «ПрайсУотерхаусКуперс» ЖШС тәуелсіз консультанттары 2018 жылы корпоративтік басқару деңгейін бағалау аясында Қызмет жұмысын «BBB» деңгейінде бағалады.

Менеджмент сапасы жүйесінің аудиті

Өнім мен қызметтер сапасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да 2011 жылдан бастап жыл сайын ISO 9001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізетін сапа менеджменті жүйесі ендірілді.

Компания халықаралық стандарттар негізінде менеджмент жүйесін жетілдіру қарқынды даму мен еліміздің энергетика нарығындағы жайғасымын күшейтудің маңызды факторы болып табылатынын сезінеді. Ішкі аудитпен қатар, 2018 жылы Компания ISO 9001:2015 халықаралық талаптарына сәйкестікке Сыртқы Бақылау аудитінен өтті. Сыртқы Қадағалау аудиті менеджмент жүйесін энергетикалық активтерді корпоративтік басқару қызметі бөлігінде қолдану саласында растай отырып, TÜV NORD CERT рәсімдеріне сәйкес өткізілді. Өткізілген Сыртқы Бақылау аудитінің қорытындылары бойынша Компанияда корпоративтік менеджмент жүйесінің дамуы мен жұмыс істеуінің жағымды тұстары атап өтілді.