«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Омбудсмен

Бекбас Оразбек Телібайұлы

ОК БҰ «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» төрағасы Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің «Еңбек сіңірген энергетигі»  Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі «Энергетиктердің кәсіподақтар федерациясы» ҚБ Кеңесінің мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері

Пошталық мекенжайы:o.bekbas@samruk-energy.kz
Телефон: +7 (7172) 69-23-56

Іскерлік этика қағидаттарын сақтау және әлеуметтік-еңбек сипатындағы дауларды оңтайлы реттеу мақсатында Компанияда Омбудсмен сайланды. Омбудсмен тәуелсіз тарап ретінде әрекет ете отырып, Компанияда корпоративтік құндылықтар мен мәдениетті, кәсіби мінез-құлық пен іскерлік этиканың жоғары стандарттарын дамытуға және орнықтыруға ықпал етеді.

Омбудсменнің рөлі өзіне жүгінген қызметкерлерге кеңес беру және еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ қызметкерлердің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына ықпал ету.

Омбудсмен жұмысының негізгі принциптері тәуелсіздік, бейтараптық, туралық және құпиялылық болып табылады.

1.   Тәуелсіздік:

  1. Омбудсмен өз қызметі және өзінің көзқарастары тұрғысынан тәуелсіз;
  2. Омбудсмен өзі жетекшілік ететін Компаниясында өзінің тәуелсіздігі мен бейтараптығына нұқсан келетін басқа лауазымдарды атқара алмайды.

2.   Бейтараптық және туралық:

  1. Омбудсмен өтініштерді қараған кезде өзін бейтарап, тура әрі тәуелсіз ұстайды;
  2. Омбудсмен қақтығысушы (дауласушы) тараптардың ешқайсысына жақтаспайды;
  3. Омбудсменнің арыздарды қарау нәтижелеріне байланысты жеке материалдық және (немесе) материалдық емес мүдделері болмауы тиіс.

3.   Құпиялылық:

  1. Омбудсмен өтініш білдірген адамнан рұқсатынсыз ақпаратты ашпайды, тіпті бұл жағдайда да түпкілікті шешімді өз қарауы бойынша қабылдайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген жағдайлар айрықша жайттар болып табылады;
  2. Омбудсмен саясатта бар және тәжірибеде қалыптасқан негізгі үрдістер, анықталған проблемалар туралы ұсынымдар қабылдаған кезде өзіне өтініш білдірген тұлғалардың аттарын атамайды.

Омбудсменің түсіндірмелері ұсынымдық сипатта болады. Омбудсменге жүгіну ерікті. 2018 жылы Омбудсменге түрлі сипаттағы өтініштер, барлығы 39 өтініш келіп түсті. Барлық өтініш білдірушілер өз сауалдары бойынша толық та тиянақты жауап алды. Өтініштер мен оларға берілген жауаптар тұтастай алғанда Компанияның әлеуметтік тұрақтылығына жағымсыз әсерін тигізбеді. Омбудсменге нәсілдік, діни ұстаным, ұлттық, жыныстық, жас ерекшелік, саяси және басқа да кемсітушіліктерге қатысты ешбір өтініш жасалған жоқ. Осыған орай жазбаша өтініштер де жасалмады.