«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Атқарушы орган

Компанияның ағымдағы қызметіне Басқарма нысанындағы алқалық атқарушы орган басшылық жасайды.

Басқарма Директорлар кеңесімен, барлық мүдделі тараптармен ынтымақтаса өзара іс-қимыл жасай отырып, Компания қызметінің даму стратегиясына, даму жоспарына және Жалғыз акционер мен Басқарушы орган қабылдаған шешімдерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Атқарушы органның төрағасы мен мүшелерінің өз қыз­меттерін атқаруы үшін жеткілікті білімі, дағдылары, тәжірибелері бар, сонымен қатар мінсіз іскерлік және жеке беделге ие.

Компания Басқармасы мүшелерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік критерийлері Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді және Компанияның ұйымдық құрылымына сәйкес стратегиялық мақсаттарды, бизнес-процестерді, міндеттемелерді және жауапкершіліктерді басқарудың, үйлестірудің тиімділіктерін арттыру талаптарына сәйкес келеді.

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ-НЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Басқарма құрамы

Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

Басқарма Төрағасы

Туған күні: 1966 жылы 23 желтоқсанда

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz


Әлиев Ерлан Жеңісұлы

Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Туған күні: 1969 жылы 11 ақпанда

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz


Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы

Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Туған күні: 1958 жылы 27 мамырда

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz


2018 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша Басқарма құрамы:

  1. Жоламанов Б.Т. – Басқарма төрағасы;
  2. Әлиев Е.Ж. – Экономика және Қаржы жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі;
  3. Ақбердин Р.О. – Даму және Сату жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі;
  4. Түйтебаев С.С. – Өндіріс және Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі;
  5. Сәулебай М.О. – Тәуекелдерді және құқықтық мәселелерді басқару жөніндегі директор, Басқарма мүшесі.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен, Ақбердин Ринат Олегович және Сәулебай Мәлік Оралұлы Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттіліктерін тоқтатты.

Басқарма мүшелеріне сыйақы беру

Компания Басқармасының қызметін бағалау шарттары мен тәртібін белгілеу және сыйақы төлеу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ «Басшы және басқарушы қызметкерлерінің қызметін бағалау және оларға сыйақы беру ережелері» жұмыс істейді.

Ереже мынадай қағидаттарға сүйенеді:

  1. сыйақының Компания мен оның акционерінің мүдделеріне сәйкес келетін міндеттердің орындалуымен өзара байланыстылығы;
  2. сыйақы мөлшерін анықтау қағидаттарының қарапайымдылығы мен ашықтығы;
  3. сыйақы мөлшерінің Компания қызметінің нәтижелеріне және қызметкерлердің нәтижелілігіне тәуелділігі.

Атқарушы органның басшысы мен мүшелерін Директорлар кеңесі бағалайды. Бағалаудың негізгі критерийі алға қойылған ҚНК-ге қол жеткізу болып табылады.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ басшылық қызметкерлеріне төленген сыйақының жиынтық мөлшері 104 896 000 теңгені құрады, ол сомаға алты негізгі қызметке төлеген жалақылары және басқа да қысқа мерзімді сыйақылар жиынтығы кірді.

Басқарманың қызметі

2018 жылы Компания Басқармасының 30 тікелей отырысы өткізіліп, 381 мәселе қаралды.

Негізгі қаралған мәселелер

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің қызметін бағалау қағидалары, «Самұрық-Энерго» АҚ Салық есебі саясаты, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерін кәсіби оқыту және бейімдеу қағидалары, «Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдер және есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті дайындау процестерін бақылау матрицасы, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша ішкі нормативтік құжаттар, «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының Жарғысы; еншілес және тәуелді компаниялардың бюджеттері/ Даму жоспарлары, лауазымдық жалақыларының сызбалары, штаттық кестелері бекітілді. Іске асырылатын жобалардың инвестициялық кезеңдері, Ішкі Аудит Қызметінің, «Комплаенс» қызметінің мәселелері қаралды.

«Самұрық-Энерго» отырыстарының Басқармасы АҚ саны

 

2016

2017

2018

Отырыстар саны

27

19

30

Ашық отырыстардың үлесі

100 %

100 %

100 %

Қатысуы

100 %

100 %

84 %

Қаралған мәселелер саны

430

344

381

Басқарма Комитеттері

Басқарманың жанында сарапшылардың Басқарма мүшелерінің неғұрлым күрделі міндеттерді шешуіне көмек көрсетуі үшін құрылған консультативтік-кеңес органдары жұмыс істейді.

Барлық комитеттер Компания Басқармасына есеп береді және осы органдар туралы ережелерге сәйкес өздеріне Басқарма берген құзырет аясында әрекет етеді.

Тәуекелдер жөніндегі комитет

Комитет Компанияның тәуекелдерін және ішкі бақылауды басқару саласында шешімдер қабылдаған кезде Басқармаға көмек көрсетеді, тәуекелдерді анықтауға, өлшеуге, қадағалауға, бақылауға тартылған процестердің дамуын қамтамасыз ете отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау мен менеджмент жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ оны тиімді қолдау бойынша ұсыныстарды, ұсынымдарды әзірлейді. Комитет осы салалардағы жұмысты үйлестіруге бақылау жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы – Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор;

Комитет төрағасының орынбасары – Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Дамыту және Сату жөніндегі басқарушы директор; Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор; Өндіріс және Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор; Қаржы контролері; «Тәуекел Менеджменті және Ішкі Бақылау» департаментінің директоры; Ішкі Аудит Қызметінің жетекшісі (дауыс беру құқығынсыз); «Комплаенс» қызметінің жетекшісі (дауыс беру құқығынсыз).

2018 жылғы   есеп

Отырыстар саны

4

Қаралған мәселелердің саны

11

Қатысуы, %

94 %

Негізгі мәселелер

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару бойынша кейбір ішкі нормативтік құжаттарды
өзектендіруді алдын ала мақұлдау туралы

Негізгі тәуекелдердің сипаттамасы мен талдауы, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2017 жылғы
4 тоқсандағы, 2018 жылғы 1, 2 және 3 тоқсандағы тәуекелдерді мейлінше азайту бойынша жоспарлар
мен бағдарламаларды іске асыру туралы мәліметтері көрсетілген Тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті
алдын ала мақұлдау туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018 ж. арналған Тәуекел-мәдениетті бағалау жөніндегі есебін қарау туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2019 жылға арналған шоғырландырылған Тәуекелдер тіркелімін, шоғырландырылған Тәукелдер картасын, әрбір негізгі тәуекелге қатысты төзімділік деңгейлерін анықтай
отырып, Негізі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Негізгі тәуекелдік көрсеткіштерінің
паспорттарын алын ала мақұлдау туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2019 жылға арналған тәуекел-тәбетін алдын ала мақұлдау туралы

Департаменттің 2018 жылға арналған Жұмыс жоспарының орындалуы бойынша есепті қарау туралы

Тәуекелдер және менеджмент жүйесі комитетінің 2018 жылға арналған Жұмыс жоспарының орындалуы
туралы есепті қарау және Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2019 жылға арналған Жұмыс жоспарын
бекіту туралы

Қызметті жоспарлау және бағалау комитеті

Комитеттің негізгі мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыру, оның ішінде олардың активтері мен шығындарының құрылымын оңтайландыру, ҚНК-ге мониторинг жүргізу, Даму жоспарларын, қаржылық есептілікті қарау.

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;

Комитет төрағасының орынбасары – Дамыту және Сату жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Өндіріс және Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор; Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; «Қаржылық Бақылау» департаментінің директоры; «Баға Мониторингі және Санаттарды Басқару» департаментінің басшысы; Ішкі Аудит Қызметінің аудиторы (дауыс беру құқығынсыз).

2018 жылғы   есеп

Отырыстар саны

35

Қарастырылған мәселелер саны

88

уыҚатыс, %

100 %

Негізгі мәселелер

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы

Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2019–2023 жылдарға арналған Даму жоспарының жобасын қарау туралы

Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының Жылдық бюджетінің жобасын қарау туралы

Бекітілген бюджеттің түзетулерін келісу туралы

Инвестициялық-инновациялық кеңес

Кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша инвестициялық және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Осы мақсаттар үшін Кеңес инвестициялық және инновациялық қызмет, инвестиция алды және инвестициялық жобалар сатысының белгіленген кезеңдерін іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлейді, келесі сатыға көшуге қатысты ұсыныстар әзірлейді, Компанияның басқа заңды тұлғаларының акцияларын (қатысу үлестерін), оның ішінде жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектінің жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алудағы басымдық құқығын іске асыру аясында сатып алу және иеліктен шығару, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобын сыртқы заңды тұлғалармен біріктіру, инвестициялық жобалар аясында заңды тұлғаларды құру бойынша ұсынымдар әзірлейді.

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы – Басқарма Төрағасы;

Комитет төрағасының орынбасары – Өндіріс және Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Дамыту және Сату жөніндегі басқарушы директор; Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор; Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор; Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; Жобалау Офисінің Басшысы; «Комплаенс» қызметінің басшысы – сарапшы ретінде дауыс беру құқығынсыз; «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі Аудит Қызметінің бас аудиторы – сарапшы ретінде дауыс беру құқығынсыз;

Тәуелсіз сарапшы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» ҰАҚ өкілі.

2018 жылғы   есеп

Отырыстар саны

7

Қарастырылған мәселелер саны

23

Қатысуы, %

90

Негізгі мәселелер

«Алматы энергия кешенін газдандыру. Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға тигізетін әсерін мейлінше азайта отырып жаңғырту» жобасының инвестиция алды кезеңін мақұлдау туралы

Кеңсу өзенінің ағысын Мойнақ СЭС Бестөбе су қоймасына бұру

Қапшағай қаласында қуаты 416 кВт күн электр станциясын салу» жобасының инвестициялық
кезеңін іске асыру туралы

Активтер мен пассивтерді басқару комитеті

Комитеттің мақсаты Компанияның уақытша бос ақша қаражатын орналастыру туралы инвестициялық шешімін алдын ала мақұлдаумен байланысты мәселелер бойынша шешімдердің уақытылы және сапалы қабылдануын қамтамасыз ету болып табылады. Комитет қаржылық активтерге қатысты ұсыныстардың әзірленуін, оның ішінде ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялауды жүзеге асырады, құралдарды орналастырған кезде жоспарлы және нақты іс жүзіндегі нормативтердің сақталу жағдайына бақылау жасайды. Сонымен бірге, Комитет инвестициялық портфельдің ағымдағы және болжанатын нарықтық жағдайға сәйкес келу мәніне талдау жасайды, тәуекелдерді мейлінше азайту мақсатында оларды хеджирлеу бойынша ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ қазынашылық портфельді қайта инвестициялау, әртараптандыру және жіктеу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;

Комитет төрағасының орынбасары – Өндіріс және Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – «Тәуекел Менеджменті және Ішкі Бақылау» департаментінің директоры; «Қазынашылық және Корпоративтік Қаржы» департаментінің директоры; «Бухгалтерлік және Салық Есебі» департаментінің директоры; «Стратегиялық Жоспарлау және Экономикалық Талдау» департаментінің директоры; Қаржы контролері.

2018 жылғы   есеп

Отырыстар саны

2

Қарастырылған мәселелер саны

2

Қатысуы, %

100 %

Негізгі мәселелер

Жаңа банктік салым ашу туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның банк-контрагенттерге баланстық және баланстан тыс міндеттемелері бойынша шоғырландырылған шектелімдерін бекіту туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 15 шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ Активтерді және пассивтерді басқару комитеті мен Кредит комитетін біріктіру туралы шешім қабылданды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Кредит комитеті

Кредит комитетінің негізгі міндеттері кредит (заемдар), қаржылық көмек және кепілдік бере отырып тартумен, «Самұрық-Энерго» АҚ активтері мен пассивтерінің құрылымын тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу­мен байланысты мәселелер бойынша уақытылы және сапалы шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Өндіріс және Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; «Қазынашылық және Корпоративтік Қаржы» департаментінің директоры; «Тәуекел Менеджменті және Ішкі Бақылау» департаментінің директоры; Жобалау Офисінің басшысы; Қаржы контролері.

Тәуелсіз сарапшы – «Комплаенс» қызметінің басшысы

2018 жылғы   есеп

Отырыстар саны

8

Қарастырылған мәселелер саны

8

Қатысуы, %

94 %

Негізгі мәселелер

«Жинақбанкі» АҚ ЕБ-мен 2016 жылғы 16 маусымдағы № 16-14285-01-КЛ (Транштер) Кредиттік желі ашу туралы шартқа № 4 қосымша келісімді жасау туралы

Азия Даму Банкімен Кредиттік келісім жасау арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның меншікті капиталын екі пайыздан (қоса алғанда) он пайызға дейін құрайтын шамаға міндеттемелерін ұлғайту туралы

Стратегиялық жоспарлау комитеті

Комитет 2018 жылы құрылды.

Комитетті құру мақсаты ұзақмерзімді болашақта Компания қызметінің тиімділігін арттыруға әсер ететін шараларды әзірлеу жөніндегі мәселелерді қоса алғанда стратегиялық дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Комитет құрамы:

Комитет Төрағасы – Басқарма Төрағасы;

Комитет Төрағасының орынбасары – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Өндіріс және Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Дамыту және Сату жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор; «Стратегиялық Жоспарлау және Экономикалық Талдау» департаментінің директоры; «Қазынашылық және Корпоративтік Қаржы» департаментінің директоры; «Активтерді Қайта құру және Сату» департаментінің директоры; «Генерация және Отын» департаментінің директоры; «ЖЭК және Тарату» департаментінің директоры; «Өндірістік Тиімділік» департаментінің директоры; Сауда Үйінің басшысы; «Нарықты Дамыту» департаментінің директоры; Жобалау офисінің басшысы; «Инвестициялық Талдау» департаментінің директоры; «Адам Ресурстарын Басқару» департаментінің директоры; Трансформация офисінің басшысы; Цифрландыру офисінің басшысы; «Корпоративтік Басқару және Орнықты Даму» департаментінің директоры; «Ақпараттық Технологиялар» департаментінің директоры; «Стратегиялық Жоспарлау» бөлімінің басшысы.

2018 жылғы есеп

Отырыс саны

4

Қарастырылған мәселелер саны

17

Қатысуы, %

100 %

Негізгі мәселелер

Э/э өндіру және сату көлемдері туралы, оның ішінде экспорттық бағыттар бойынша (CASA-1000, РФ, Қырғызстан, Өзбекістан, ҚХР және т.б.)

Көмірді өндіру және сату көлемдері туралы, оның ішінде экспорттық бағыттар бойынша

Э/э сату бойынша жаңа өнімдердің портфелін дамыту туралы

Перспективті инвестициялық жобалар тізімі туралы

Сыртқы ортамен байланысты мүмкін болатын қауіптер мен тәуекледерді талдау туралы (PESTEL-талдау)

Компанияның миссиясы, пайымдауы, бірінші және екінші деңгейдегі стратегиялық мақсаттар туралы

Ішкі және сыртқы нарықтарда э/э мен көмірді сату көлемдері бойынша болжалдар туралы

Бизнес-бағыттар бөлігінде стратегиялық бастамалар туралы

Кадрлар және сыйақылар комитеті

Комитет 2018 жылы құрылды.

Комитет қызметінің мақсаты адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу, кардлық сая­саттың Компанияның Стратегиясына сәйкес келуін талдау, бағалау және мониторингілеу, Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдардың басшылық ететін және басқарушы қызметкерлер лауазымының тізімін қарастыру, тағайындау немесе Басқарма жүзеге асыратын тағайындауларды келісу болып табылады.

Комитет құрамы:

Комитет Төрағасы – Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор;

Комитет Төрағасының орынбасары – Басқарма Төрағасы офисінің басшысы;

Комитет мүшелері – Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; Басқарма Төрағасының кеңесшісі (қауіпсіздік бойынша); «Адам Ресурстарын Басқару» департаментінің директоры.

2018 жылғы есеп

Отырыс саны

10

Қарастырылған мәселелер саны

57

Қатысуы, %

100 %

Негізгі мәселелер

Адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу (штаттық кестені/лауазымдық жалақы схемасын, кадрлық саясатты бекіту жөніндегі ұсыныстар беру)

Басқарма жүзеге асыратын лауазымдарды тағайындау немесе келісу

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті

Комитет 2018 жылы құрылды.

Комитет қызметінің мақсаты еңбекті және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару саясаттары мен жүйелердің тиімділігін бағалау мәселелері бойынша тиісті ұсыныстарды ұсыну жолымен Компанияның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешуде тиімді жұмысты қамтамасыз ету; өлімге әкелген барлық жазатайым оқиғаларды, сондай-ақ маңызды инцеденттерді және бұндай оқиғалар мен инцеденттер нәтижесінде қамданатын шараларды талдау; еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлігінде кез келген тәуеліз аудиторлық тексеріс­тердің нәтижелерін зерттеу, қозғалатын мәселелерге жауап ретінде әзірленген кез келген стратегияларға және жоспарларға шолу және мүмкін болған жағдайда аталған мәселелерге қатысты Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру болып табылады.

Комитет құрамы:

Комитет Төрағасы – Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор;

Комитет Төрағасының орынбасары – Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – «Генерация және Отын» департаментінің директоры; «ЖЭК және Тарату» департаментінің директоры; «Еңбекті және Қоршаған Ортаны Қорғау» департаментінің бас менеджері; «Корпоративтік Басқару және Орнықты Даму» департаментінің бас менеджері.

2018 жылғы есеп

Отырыс саны

4

Қарастырылған мәселелер саны

9

Қатысуы, %

95

Негізгі мәселелер

«Орын алған оқиғалар үшін тәртіптік жауапкершілік тартуға мораторий» енгізу қажеттігі туралы мәселелерін қарастыру (өлімге әкеп соққан және ауыр салдарлы жазатайым оқиғаларды қоспағанда)

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның кешенді қауіпсіздігін басқару бойынша жаңа моделін ендіру» SKE.06 жобасы аясында әзірленген стандарттарды бекіту тәртібі туралы мәселені қарастыру