Тәуекелдерді басқару жүйесі
Қазақстан Республикасы экономикасының өсу қарқынының төмендеуі, ұлттық валютаның әлсіреуі, электр энергетикалық нарығы құрылымының өзгеруі және тарифті оңтайландыру Компанияның қызмет етуінің жағдайына негізгі ықпалын тигізеді. Бұл ретте, өндірудің төмен құнды электр энергетикалық көмірдің үлкен қорларының, тиімді энергетикалық қуаттардың және мемлекет пен Жалғыз акционердің тарапынан қолдаудың болуы экспорттық әлеуеттің дамуы және ішкі нарықта бәсекелестікті арттыру үшін мүмкіндік береді.
2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметіне тиісті 32 тәуекел сәйкестендірілді және бағаланды, НҚК-ның шекті мағыналары жаңартылды, тәуекелдер иелері тәуекелдер факторларын және оларды төмендету жөніндегі шараларды өзектендірді. 2017 жылы болып өткен іске асырылған кейбір жағдайларға байланысты, сондай-ақ Компанияның ішкі аудит қызметінің тексеріс нәтижелері бойынша есептердің негізінде, Тәуекелдер тіркеліміндегі тәуекелдерге қайта бағалау жүргізілді. 14 тәуекел 2018 жылғы Тәуекелдер картасының негізгі аймағына енді:
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін ендіру және жетілдіру компания тобының стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуінің қажетті шарты және таяу болашақтағы маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады.
- ЕТҰ-лардың іске асырылатын/перспективалық жобалар мен инвестициялық жобалардың тәуекелдері
- Қызметтік міндеттемелерді орындау барысында қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зақым келтірген өндірістегі жазатайым оқиғалардың тәуекелі
- Валюталық тәуекел
- Кредиттік тәуекел
- Қоғамның ұзақ мерзімді даму стратегиясын орындамау/уақытылы өзектендірмеу тәуекелі
- Сыртқы кредиторлардың ковенантын және листингтік талаптардын бұзу тәуекелі
- Электр энергиясын іске асыру жоспарын орындамау тәуекел
- Трансформациялау бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекел
- Активтердің құнсыздану тәуекелі
- Операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметті жүзеге асыру үшін өтімділіктің жеткіліксіздік тәуекелі
- Өндірістегі авариялар және апаттар тәуекелі
- Активтерді сатып алумен, қайта құрумен және іске асырумен байланысты тәуекелдер
- Тарифті құру тәуекелі
- Қоғамдар тобының адам ресурстары тәуекелі
Компания «Үш қорғаныс желісі» моделін пайдалана отырып, COSO стандартын ұстанады:
2018 жылғы негізгі өзгерістер (негізгі тәуекелдерді митигациялау)
ЕТҰ-лардың іске асырылатын/перспективалық жобалары мен инвестициялық |
|
Қызметтік міндеттемелерді орындау барысында қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зақым келтірген өндірістегі жазатайым оқиғалардың тәуекелі (өзгеріссіз) |
|
Валюталық тәуекел (сарғылт аймаққа митигациялау) |
|
Кредиттік тәуекел (өзгеріссіз) |
|
Компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясын орындамау/уақытылы өзектендірмеу тәуекелі (сарғылт аймаққа митигациялау) |
|
Сыртқы кредиторлардың ковенантын және листингтік талаптарды бұзу тәуекелі (өзгеріссіз) |
|
Электр энергиясын сату жоспарын орындамау тәуекелі (ықтималдылық бойынша төмендету) |
|
Трансформациялау бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекел (өзгеріссіз) |
|
Активтердің құнсыздану тәуекелі (сары аймаққа митигациялау) |
|
Операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметті жүзеге асыру үшін өтімділіктің жеткіліксіздік тәуекелі (сары аймаққа митигациялау) |
|
Өндірістегі авариялар және апаттар тәуекелі (ықтималдық бойынша төмендеуі) |
|
Активтерді сатып алумен, қайта құрумен және іске асырумен байланысты тәуекелдер (өзгеріссіз) |
|
Тариф белгілеу тәуекелі (ықтималдылық бойынша арттыру) |
|
Компания тобының адам ресурстары тәуекелі (ықпалы бойынша арту және ықтималдылық бойынша азаю) |
|