«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

Корпоративтік басқару тәжірибесінің Корпоративтік басқару кодексі қағидаттарына сәйкес келуі туралы

Компания ережелері мен нормалары барлық органдар, барлық лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер үшін қадағалануы міндетті болып табылатын Корпоративтік басқару кодексін басшылыққа алады. Осы мақсатта Корпоративтік хатшы Кодекстің тиісті деңгейде қадағалануы бойынша мониторинг жүргізіп, Директорлар кеңесі мен Атқарушы органға ақпарат беріп отырады, сондай-ақ жыл сайын оның қағидаттары мен ережелерінің сақталуы/сақталмауы туралы есеп дайындайды.

Компания 2018 жылы Кодекс қағидалары мен ережелеріне сәйкестік деңгейіне бағалау жүргізіп, соның негізінде өз Есебін әзірледі. Компанияның Ішкі аудит қызметі GAP-талдауына бағалау және Есепке тексеру жүргізді.

Компания өз қызметінде Корпоративтік басқару кодексінің талаптары мен ұсыныстарын орындайды, соның ішінде келесі тарауларды есепке алмағанда:

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары

Сақталады/
Сақталмайды/
Ішінара сақталады

Кодекс ережелерінің сақталу/сақталмауы туралы ақпарат

1-тарау. Үкімет Қордың акционері ретінде

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады.

Қор мен оның ұйымдарының негізгі стратегиялық міндеті – Қор мен оның ұйымдарының ұзақ мерзімді құнының өсуі және орнықты дамуы болып табылады, бұл Қор мен компаниялардың даму стратегиясында көрсетіледі. Қабылданатын барлық шешімдер мен іс-әрекеттер даму стратегиясына сәйкес келуі тиіс.

Қор мен компанияларда активтердің оңтайлы құрылымы құрылуы тиіс. Қор мен компаниялар өз активтерінің құрылымын және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын барынша жеңілдетуге тырысуы тиіс.

Ұйымдар қызметтерін өзінің негізгі (бейінді) қызметінің аясында жүзеге асырады. 

Қызметтің жаңа түрлерін жүзеге асыруға аталған нарықта бәсекелес жоқ немесе Қор мен ұйымдардың қатысуы шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді деген шартпен жол беріледі.

Қор ұйымдарында бақылау акцияларының (қатысу үлесінің) болуы мен оларды сақтау ұсынылады.

Ішінара сақталады

Директорлар кеңесі 2018 жылғы 25 тамызда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2028 жылға дейінгі кезеңге арналған Даму стратегиясын бекітті, оның стратегиялық мақсаттары мыналар болып табылады: қатысу нарықтарында энергия ресурстарының сенімді және бәсекеге қабілетті жеткізілуін қамтамасыз ету; орнықты дамуын қамтамасыз ету; акционерлік капиталдың құнын арттыру. Қабылданатын барлық шешімдер мен қызметтер Стратегияға сәйкес келеді. Стратегияның іске асырылуын мониторингілеу мақсатында Компанияның Директорлар кеңесі және Басқармасы стратегиялық сессияларды өткізеді (Стратегияның жүзеге асырылуы бойынша есептерді қарау барысында), олардың барысында қызметтің негізгі бағыттары, міндеттері, проблемалық мәселелер, тәуекелдер, түзету шаралары талқыланады. Компанияның инвестициялық қызметі Стратегияны іске асыру аясында жүзеге асырылады.

Компанияның компаниялар тобына әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды ЕТҰ-лар кіреді: акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Кодекс «Қор мен компанияларда активтердің оңтайлы құрылымы құрылуы тиіс. Қор мен компаниялар өз активтерінің құрылымын және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын барынша жеңілдетуге тырысуы тиіс» деп ұсынады.

Дәл қазіргі кезеңде Компания «Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес, Қоғам өзінің 3 активін сату шараларын жүргізді:  құрамында «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС және «Энергия Семиречья» ЖШС-ның 26% қатысу үлесі бар «Тегіс – Мұнай» ЖШС. 2018 жылы  құрамында «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС бар «Тегіс – Мұнай» ЖШС-ны сату мақсатындағы конкурс екінші рет өткізілді. Өтінім түспеуіне байланысты конкурс өтпеді. 26% қатысу үлесі бар «Энергия Семиречья» ЖШС-ның меншік құқығын қайта тіркеу рәсімі өткізілді.

«Өскемен ГЭС» АҚ, «Шүлбі ГЭС» АҚ және «Бұқтырма ГЭС» АҚ өндірістік қызметпен айналыспайды; «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Шардара ГЭС» АҚ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында ұзақ мерзімді кредит шартына отырған, сондықтан олардың ұйымдық-құқықтық нысанын жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанына өзгерту қарызды мерзімінен бұрын талап ету тәуекелін тудырып, ең тіимді мемлекеттік кепілдіктен айырылуға әкеліп соғуы мүмкін. Соның салдарынан қарыз құны қымбаттап, ковенанттық пакет пен кредиттің басқа да талаптары күшейтіліп, қолданыстағы кредиттік және кепілдік құжаттаманың қайта бекітілуі үшін консультанттар жалдауға қосымша шығын жұмсалуы мүмкін. Соған орай кредиторлармен осы аталған компаниялардың ұйымдық-құқықтық нысанын ЖШС ретінде өзгертілуін келісуді қарыз портфелі оңтайланған соң немесе тартылған қарыздар толық өтелгеннен кейін жүргізу ғана тиімді.

15

Іскерлік этика қағидаттарын сақтау және әлеуметтік-еңбек сипатындағы Қорда және оның ұйымдарында туындаған дауларды оңтайлы реттеу мақсатында Омбудсмен тағайындалады.

Омбудсмен лауазымына тағайындалатын тұлғаның мінсіз іскерлік беделі, жоғары беделі және әділ шешімдерді қабылдау мүмкіндігі болуы шарт.

Омбудсмен Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады және әрбір екі жыл сайын қайта сайлауға жатады. Омбудсмен өзіне жүгінген қызметкерлерге, еңбек дауларының, қақтығыстардың қатысушысына кеңес беріп, және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын (оның ішінде қажет болған жағдайда құпиялылықты) сақтай отырып қолайлы, сындарлы және оңтайлы шешім қабылдауына ықпал ету, сондай-ақ Қор мен ұйым қызметкерлеріне әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, қызметкерлердің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу болып табылады.

Омбудсмен өзі анықтаған проблемалық, оның ішінде жүйелік сипатқа ие және тиісті шешімдерді (кешенді шараларды) қабылдауды талап ететін мәселелерді Қордың және/немесе оның ұйымдарының тиісті органдары мен лауазымды тұлғаларының қарауына енгізіп, оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстар береді.

Омбудсмен жылына кемінде бір рет белгіленген тәртіпте Қордың Директорлар кеңесінің Аудит комитетіне және Тағайындаулар мен сыйлықақылар комитетіне жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы есеп береді. Қордың Директорлар кеңесі Омбудсменнің қызмет қорытындыларын бағалап, және омбудсмен лауазымындағы тұлғаның қызметін ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Омбудсменнің жұмыс істеу орны, еңбек шарты Қор Басқармасының шешімімен белгіленеді.

Ішінара сақталады

Іскерлік этика қағидаттарын сақтау және Компанияда туындаған әлеуметтік-еңбек сипатындағы дауларды оңтайлы реттеу мақсатында 2017 жылғы 16 маусымда Қоғамның Директорлар кеңесі екі жыл мерзімге «Самұрық-Энерго Жергілікті кәсіподағы» ҚБ-ның төрағасы, іскерлік беделі мінсіз, жоғары мәртебесі және әділ шешімдерді қабылдау мүмкіндігі бар тұлға – О.Т. Бекбасты  Компанияның Омбудсмені етіп сайлады және тағайындады (№07/17 хаттама). 

2015 жылғы 20 қарашада Қоғамның омбудсмені туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілді (№07/15 хаттама). Ережеде Омбудсменнің міндеттері, құқықтары мен атқаратын қызметі толық айқындалды.

Омбудсмен тоқсан сайын Директорлар кеңесінің мүшелеріне атқарылған жұмыстар туралы есеп жіберіп отырады. Омбудсмен әзірленген есебін ТСК және АК-ға емес, тек ДК мүшелеріне ғана ұсынады.

5-тарау. Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі

5

Директорлар кеңесінің құрамында тәжірибесі, жеке басының сипаттамалары мен гендерлік құрамы бойынша әртүрлілікті қамтамасыз ету қажет. Директорлар кеңесі тарапынан қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін және барлық акционерлерге әділ қарым-қатынастың болуын қамтамасыз ету үшін ДК құрамына тәуелсіз директорлар  жеткілікті мөлшерде кіруі тиіс. Компанияның Директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлардың ұсынылатын саны Директорлар кеңесінің жалпы сандық құрамының елу пайызын құрайды.

Ішінара сақталады

Директорлар кеңесінде гендерлік құрам бойынша әртүрлілік жоқ.

7

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін қызметке кіріспе бағдарламасын және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі үшін кәсіби даму бағдарламасын бекітеді. Корпоративтік хатшы аталған бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Ішінара сақталады

Компанияда Директолар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін Кызметке кіріспе бағдарламасы әрекет етеді. Сонымен қатар, аталған бағдарламаның орындалуын мониторингілеу механизмін ендіру мақсатында 2016 жылы ол аталған рәсім ресімдеу бөлігінде өзектендірілді. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің Қызметке кіріспе бағдарламасынан өтуін қамтамасыз етті. Кәсіби даму бағдарламасы Директорлар кеңесінің тек кейбір мүшелері үшін бекітілді.

12

Директорлар кеңесінің отырыстарын әзірлеу және өткізу оның қызметінің ең жоғарғы нәтижелілігіне ықпал етуі тиіс Өз міндеттерін орындауы мақсатында Директорлар кеңесінің мүшелері үшін толық, өзекті және ағымдағы ақпарат қол жетімді болуы тиіс. Директорлар кеңесі өз міндеттерін тиімді түрде орындау үшін отырыстарын тұрақты негізде өткізіп тұрады. Директорлар кеңесінің отырыстары күнтізбелік жыл басталғанға дейін бекітілетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырыстары сырттай немесе тікелей қатысу арқылы дауыс беру нысанында өткізіледі, бұл ретте сырттай нысанда өткізілетін отырыстар саны мейлінше аз болуы шарт. Маңызды және стратегиялық сипаттағы мәселелерді қарау және шешім қабылдау Директорлар кеңесінің тікелей қатысу арқылы дауыс беру нысанында өткізілетін отырыстарда жүзеге асырылады. Кейбір ерекше жағдайларда Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырыстарын екі нысанда да бірлесе өткізуге мүмкіндік бар. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырыстарында корпоративтік хатшы тиісті ретпен хаттама әзірлеп, талқыланған мәселелер мен қабылданған шешімдерді толық көрсетеді.

Ішінара сақталады

Директорлар кеңесі Жұмыс жоспарын бекітіп, алдағы жылы өткізілетін отырыстардың болжамды мерзімін көрсетеді. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің барлық отырыстарын Корпоративтік хатшы және Аудит комитетінің хатшысы толық хаттамаға енгізеді.

Директорлар кеңесінің алдағы уақытқа жоспарланған отырысында қаралатын мәселелер бойынша материалдар мен ақпаратты Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің мүшелеріне алдын ала (отырыс болатын күннен 10 күн бұрын) жібереді.

Бірақ Директорлар кеңесінің отырысы болып жатқанда күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу жағдайлары (Директорлар кеңесі отырыстарының 2018 жылғы 25 қаңтардағы, 2018 жылғы 27 сәуірдегі, 2018 жылғы 25 мамырдағы, 2018 жылғы 29 маусымдағы хаттамалары) байқалады, тиісінше материалдарды ұсыну мерзімі сақталмаған.

Кейбір жағдайларда ДК мүшелерінің Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылатын материалдардың сапасын жақсартуға қатысты ескертпелері болады.

7-тарау. Ашықтық

2

Қор және оның ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты дер кезінде ашық жариялап отырады. Қорда және ұйымдарда ақпаратты жария ету және сақтау қағидаттары мен ережелерін айқындайтын, және мүдделі тұлғаларға жариялауға жататын ақпараттар тізімі көрсетілген ішкі құжаттар әзірленіп, бекітілуі тиіс. Қор және ұйымдар ақпараттың қол жетімді мәлімет санатына жатқызылу тәртібін, ақпаратты сақтау және пайдалану талаптарын, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпия ақпаратқа еркін қол жеткізуші тұлғалар тобын айқындайды, және оның құпия сақталуы үшін тиісті шараларды қабылдайды.

Ішінара сақталады

Компанияда ақпаратты жария ету және сақтау қағидаттары мен ережелерін реттейтін нормативтік құжаттар бекітілген.

Компанияда:

Мүдделі тұлғаларға жария ету санатына енгізілген ақпараттар тізбесі, Қоғамның web-сайтына ақпарат әзірлеу және орналастыру тәртібі қолданылады, бұл құжатта ақпараттың жариялануына және ұсынылуына жауапты лауазымды тұлғалар мен тиісті құрылымдық бөлімшелер, есептілік нысаны анықталған;

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты;

«Самұрық-Энерго» АҚ-та құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

Қаржылық есептілік және қор биржасы депозитариінің интернет ресурстарына ақпарат әзірлеу және орналастыру тәртібі секілді құжаттар қолданылады.

Сондай-ақ Компанияда ақпаратты жария ету қағидаттары мен ережелерін айқындайтын Ақпараттық саясат қолданылып келеді, бұл құжат қазіргі уақытта өзектендіруді қажет етеді.

Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сәйкестігі туралы толық есеппен мына сайтта танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/other-statements.