«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

ОРНЫҚТЫ ДАМУ

Қазіргі әлемде, компания табысты болуы үшін өзінің бар ықыласын тек қаржылық жағдайына бөлуі жеткіліксіз, біз қоғамда өсіп сүріп жатқанымызды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға және келешек ұрпаққа қамқорлық жасауға тиіспіз, өйткені Компаниямыздың қызметі еліміздің экономикасын дамытумен, электр энергиясы мен жылудың сапалы жеткізілуін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Компания өзінің экономикаға, экологияға, қоғамға тигізетін әсерінің маңызын толық сезінеді және ұзақмерзімді құнның өсуіне ұмтыла отырып, мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ұзақмерзімді перспективада орнықты дамуды қамтамасыз етеді.

Орнықты даму қағидаттары:

  1. ашықтық
  2. есеп берушілік
  3. айқындық
  4. этикалық мінез-құлық
  5. мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу
  6. заңдылық
  7. адам құқықтарын сақтау
  8. сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
  9. мүдделер қақтығысына жол бермеушілік
  10. жеке бастың үлгісі

Орнықты даму қағидаттары үш деңгей бөлігінде ендірілді:

  1. Стратегиялық бірігу – Орнықты даму қағидаттары Стратегияға ендірілді (миссияға, құндылықтарға және стратегиялық мақсаттарға);
  2. Операциялық бірігу – Компания басшылығы барлық корпоративтік шешімдерді орнықты даму саласындағы қағидаттар мен мақсаттарға сәйкестік критерийлеріне сүйене отырып қабылдайды;
  3. Мәдени бірігу Команияда оқыту, Компанияның корпоративтік порталына мақалалар орналастыру, сондай-ақ Мінез-құлық кодексі аясында іске асырылады.

Компания өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын біріктіре отырып, оның ішінде өз стратегиясында және күнделікті қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын ұстанатынын хабарлайды.

Компания төмендегі қағидаттардың орындауды өз міндетіне алды:

  1. Адам құқықтарын сақтау саласында: халықаралық қоғамдастық жариялаған адам құқықтарына қолдау көрсету және сақталуын құрметтеу; адам құқықтарының бұзылуына өзінің қатысы жоқтығын қамтамасыз ету.
  2. Еңбек қатынастары саласында: қауымдастықтардың бостандығын қолдау және ұжымдық шарттар жасау құқығын іс жүзінде тану; мәжбүрлі еңбектің барлық нысандарын жоюды жақтау; балалар еңбегін қанауды толығымен жоюды жақтау; еңбек және жұмыспен қамтамасыз ету саласында кемсітушілікті жоюды жақтау.
  3. Қоршаған ортаны қорғау саласында: қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерлердің алдын алуға ықпал ету; қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдау; экология­лық таза технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдесу.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында: бопсалаушылықты және пара алуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық нысандарына қарсы тұру.

БҰҰ Жаһандық шартына қосылу аясында, Компания жыл сайын қол жеткізілген прогресс туралы хабарламаларды https://www.unglobalcompact.org/ сайтында және Компанияның https://www.samruk-energy.kz/ru/sustainability/soobshchenie-o-dostignutom progresse-v-2018-godu-ao-samruk-energo корпоративтік сайтына орналасты­рып жариялайды.

Компанияның қағидаттары, бағдарламалары, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларының есептері және жаңа жобалары туралы барлық ақпарат корпоративтік сайттың «орнықты даму» бөліміне орналастырылады: https://www.samruk-energy.kz/ru/sustainability.

Компанияның орнықты даму саласындағы қызметі озық халықаралық стандарттар тәжірибесіне негізделген.

Компанияның орнықты дамуының экономикалық құрамдасы ұзақ мерзімді құнның өсуіне, акционерлердің және инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз етуге, рәсімдердің тиімділігін арттыру, барынша жетілдірілген технологияларды құру мен дамытуға салынатын инвестициялардың өсуіне, еңбек өндірісін арттыруға бағытталған.

Экологиялық құрамдасы биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсерін азайтуға, органикалық ресурстарды оңтайлы пайдалануға, экологиялық, энергия және материал үнемдеуші технологияларды қолдануға, экологиялық лайықты өнімді құруға, қалдықтарды азайтуға, өңдеуге және жоюға бағытталған.

Әлеуметтік құрамдас әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бағытталған, соған қоса мыналарды қамтиды: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау, қызметкерлерге әділ сыйлықақы беру және құқықтарын құрметтеу, персоналды жеке дамыту, персонал үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, демеушілік және қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын өткізу.

Компания мерзімді түрде аталған үш аспект бойынша өз қызметіне және тәуекелдерге талдау жүргізеді, сондай-ақ өз қызметі нәтижелерінің мүдделі тараптарға жағымсыз әсерін болдырмауға немесе азайтуға тырысады.

Компания орнықты дамуға әсер ететін жаһандық факторлар жалпы бизнесті жүргізу процесінде шектеулерге, қиындықтарға және тәуекелдерге сөзсіз әкеп соғатынын түсінеді. Компанияның негізгі міндеті – тиісті болжалдау мен жоспарлау көмегімен жоғары тәуекелді жағдайларда өмір сүруді қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ тәуекелдерді мүмкіндіктерге айналдыру және белгісіз болашаққа дайындалу.

Компания өзінің операциялық қызметінде тәуекелге бағдар ұстаған тәсілді қолдана отырып, құнның орнықты артуына қол жеткізуге және ұзақ мерзімді перспективада бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тырысады.

Осы мақсаттар үшін, тұрақты негізде тәуекелдерді басқару құралдарын және орнықты дамуға жүйелік тәсілді қолдана отырып, тәуекелдерге кешенді бағалау жүргізеді:

  1. орнықты дамудың жаһандық факторларының әрекетімен байланысты ағымдағы және келешек тәуекелдерді бағалау;
  2. экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және экологиялық трендтерді болжалдау;
  3. Компанияның қатысатын өңірге ағымдағы әсерінің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілерін талдау;
  4. Компанияның қатысу өңіріне тигізетін әсерін басқару жөніндегі шараларды әзірлеу, тәуекелдерді азайту және мүмкіндіктерді іске асыру;
  5. жалпы тәуекел мәдениетін арттыру, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне талдау жүргізу, ағымдағы және келешек тәуекелдермен байланысты мүмкіндіктерді анықтау.

Компания үшін орнықты даму саласындағы негізгі трендтер мен тәуекелдер

Үрдістер

Тәуекелдер

Мүмкіндіктер

Экономикалық аспект

Электр энергиясын тұтынудың өсу қарқынының баяулауы

Макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы, электр энергиясына сұраныстың өсу қарқынының азаюы; жаңа қуаттарды енгізудің сұраныстың нақты өсімінен артық жоспарланатын қарқынының жоғары болуы

Активтердің қалыптастырылған портфелін тиімді пайдалану

Бағалардың жаһандық құбыл­малылығына қарай ресурс өндіретін салалардың дағдарысқа ұшырағыштығына байланысты экономикалық жүйенің тұрақсыздығының өсуі

Жаңа жобаларды қаржыландыруға қол жеткізуді қиындататын дағдарыстардың пайда болу ықтималдығының артуы

Өндіріс тиімділігін жақсарту, қолда бар активтерді жаңғырту

Энергия үнемдеуді арттыру және экономиканың энергия тиімділігінің өсуі

Дәстүрлі түрде өндірілетін электр энергиясына сұраныстың азаюы

Көмірді көмірдің «таза» озық технологияларымен үйлестіре отырып, пайдалану

Экологиялық аспект

Экономиканы көміртексіздендіруге бағытталған тренд

Газға, СЭС-ке, АЭС-қа, ЖЭК-қа қатысты көмір өндірісі бәсекелестігінің азаюы

Жаңа жобаларды әзірлеу үшін пайдалы болатын жағдайларда қарыз алу («таза көмір», көмірді жер асты газдандыру, метан өндіру, ЖЭК-өндірісін дамыту); пайдаланылатын отынның сапасын арттыру

Экологиялық заңнамаларды қатайту

Экологиялық нормативтерді және стандарттарды қатайту; эмиссиялар үшін төлем мөлшерлемелерін арттыру; суды тұтынуға қойылатын талаптарды қатайту – айналмалы сумен жабдықтауға көшу, парниктік газдар шығарындыларын реттеуді күшейту; қалдықтарды кәдеге жаратуға жұмсалатын шығындар

«Жасыл» технологияларды қолдануды кеңейту

Жергілікті қоғамдастықтардың экологиялық талаптарын көтеру

Жеткілікті кәсіби талдау жасалмаған жағдайда БАҚ-тың экологиялық ақпараттандырудағы белсенділігі, Компанияның теріс имиджін қалыптастыру

«Жасыл» көшбасшы және жауапты табиғатты пайдалану субъектісі ретіндегі PR, қоғамның адалдығын арттыру

Әлеуметтік аспект

Халық санының өсу қарқынының баяулауы

Электр энергиясына сұраныстың өсу қарқынының баяулауы

Мақсатты болған жағдайда экспорттық әлеуетті дамыту

Жоғары білікті мамандарға қажет­тіліктің артуы

Тиісті біліктілігі бар мамандардың жеткіліксіздігі, еңбек құнын «озық» арттыру және шығындардағы ЕТҚ үлесінің өсуі

Еңбек өндірісін арттыру; өндіріс сапасын жақсарту; білім беру және мамандарды даярлау сапасын арттыру

Индустриялық сектордағы жұмыс тартымдылығының азаюы

Компаниядағы бос орындарға орналасудағы қиындықтардың артуы

Кадр резервін, Компания ішіндегі лауазымдар сабақтастығын дамыту

Көрсетілген қағидаттардан, Компанияның қызметін ішкі және сыртқы бағалаудан, орнықты дамудағы, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді тиімді және табысты басқару мақсатындағы тәуекелдерге сүйене отырып, Компания төмендегі бағыттарда орнықты даму саласындағы бастамаларды іске асырады:

  1. жоғары этикалық стандарттарды ендіру және сенімге негізделген корпоративтік мәдениетті құру;
  2. орнықты даму қағидаттарын ендіру және барлық инвестициялық кезеңдерде жобалық басқару тәжірибесіне тәуекелге бағдар ұстаған тәсілді қолдану: Компанияның Орнықты даму саласындағы нұсқаулығына сәйкес, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салаларға ықпал етуін бағалау және басқару (мәжбүрлі жер аудару, биоәртүрлілік, мәдени мұра және т.б.);
  3. қаржылық тұрақтылықты арттыру;
  4. адал және еркін бәсекелестік, өзара тиімділік, ашықтық және өзіне алған міндеттемелер үшін толық жауапкершілік қағидаттарында негізделген жауапты сатып алуларға жәрдемдесу, сондай-ақ өнім берушілердің Компанияның Орнықты даму саласындағы нұсқаулығында бекітілген Компанияның өнім берушілері үшін этикалық нормаларды және Басқарушылық қағидаттарды сақтау жөніндегі талаптарды енгізу;
  5. қызметкерлерді еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қатыстыру және халықаралық стандарттарды қолдана отырып, еңбекті қорғауды басқару жүйесіне тиімді бақылау жасауды көтеру арқылы қауіпсіздік мәдениетін арттыру;
  6. әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру, БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ұстану, адам капиталына инвестициялар салу;
  7. экологиялық және экономикалық тұрғыдан озық технологияларды ендіруді іздеу мен ендіруді, өндірістік процестерлі оңтайландыруды, ЖЭК-ті пайдалана отырып, жобаларды іске асыруды, әлеуетті авариялық жағдайларды анықтау мен алдын алуды қамтитын экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету.

Компания «жасыл» экономика қағидаттарын ұстануға бағытталған және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» ауысу жөніндегі шаралар мен Тұжырымдаманың индикаторларын іске асырады.

Алғаш рет 2018 жылы ендірілген бастамаларға барлық негізгі стейкхолдерлер үшін осы немесе басқа бастамалардың маңыздылығына сүйене отырып басымдық орнатылды. Орнықты даму саласында бастамалар қызметінің негізгі көрсеткіштері стратегиялық, орта жоспарлы жоспарлау жүйесіне және еншілес ұйымдардың НҚК ағашына біріктірілді. Негізгі қызмет көрсеткіштерін әзірлеген кезде әрбір еншілес ұйымның қызмет ерекшелігі ескеріліп, тиісінше акценттер орын-орнына қойылды және шекті мағыналар белгіленді.

2018-2019 жылға арналған Орнықты даму аясындағы бастамалар жоспарына сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу 80% құрады. 2018 жылға жоспарланған 25 шаралардың ішінен 20 жүзеге асты, 5 – көрсеткіштерге сай орындалмады. Орындалмау себептері жоспардың Есебінде көрсетілген. Орнықты даму аясындағы бастамалар жоспарына есебімен 2018 жыл бойынша Жылдық Есептің PDF-нұсқаулығында таныса аласыздар. Орындалмаған шараларды жүзеге асыру мен көрсеткіштерді жақсарту мақсатында 2019 жылға түзету шаралары енгізілді.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл кез келген ұйымның қызметі үшін маңызды мәнге ие.

Мүдделі тараптармен жауапты, ойластырылған және ұтымды өзара іс-қимыл Компанияның орнықты дамуына ықпал етеді.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау мақсаты Компанияның стратегиялық дамуын және оның қызметін жетілдіру жолдарын дұрыс таңдауды, сондай-ақ Компанияның, сондай-ақ мүдделі тараптардың да ішкі және сыртқы мүдделері тараптардың мұқтаждарын, болжалдарын және пікірлерін; мүдделі тараптардың көзқарасы бойынша қиындықтар мен перспективаларды; ішкі және сыртқы тараптардың ойын толқытатын ең маңызды проблемаларды тануға, анықтауға және талдауға мүмкіндігі болғандықтан, олар ұтатын орнықты дамудың бұндай деңгейіне қол жеткізуге көмектесуді қамтиды.

Компанияның стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары

  1. Мүдделі тараптардың мүдделерін, пікірлерін және артықшылықтарын құрметтеу және есепке алу
  2. Мүдделі тараптарды уақытылы және үнемі ақпараттандыру
  3. Алған міндеттемелерді жауапты орындау.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасаудың негізі Компанияға маңызды ықпал ететін стейкхолдерлерді анықтау және сейкхолдерлердің Компанияға тәуелділік дәрежесін, маңыздылық матрицасын және Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау жоспарын құру болып табылады. Компания 2018 жылы стейкхолдерлердің үлесі мен олардың мүдделерін сипаттай отырып, өз қызметі барысында өзара іс-қимыл жасайтын әлеуетті стейкхолдерлердің толық тізімін анықтап, Стейкхолдерлер картасын өзектендірді. Бұдан кейін, Компания Митчел, Агла және Вуд моделі бойынша Компания үшін маңыздылығына қарай стейкхолдерлерге ранжирлеу жүргізді.

Мүдделі тараптардың картасын әзірлеген кезде Компания 4 кезеңнен тұратын Әдістемені ұстанды:

«Самұрық-Энерго» АҚ-тың Стейкхолдерлер картасы

Қазіргі таңда Компанияның мүдделі тараптары халық, қыз­меткерлер, Жалғыз акционер, өнім берушілер, еншілес ұйымдар, кәсіподақтар, серіктестер, тұтынушылар, мемлекеттік органдар, бәсекелестер, қаржылық институттар, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ, үлестес тұлғалар, рейтингтік және аудиторлық компаниялар болып табылады.


Компания өз қызметі аясында мынадай ұлттық және халықаралық ұйымдарға, қауымдастықтарға/ұйымдарға мүше болып табылады:

ТМД Электр энергетикалық кеңесі (бұдан әрі – ТМД ЭЭК). Қадағалаушы ретінде қатысуды 2012 жылдан бастады. Атқарушы комитет ТМД Электр энергетикалық кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық үйлестіруші органы болып табылады. ТМД ЭЭК-ге мүшелік ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерін шоғырландыру процесіне қатысуға, оның ішінде ұжымдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; энергия жүйелерінің параллель жұмыс істеуін камтамасыз етуге; ортақ электр энергетикасы нарығын құруға, энергетика саласында халықаралық шарттарды әзірлеуге; электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, техникалық ережелерді біріздендіру мен үйлестіруге және т.б. процестерге қатысуға мүмкіндік береді. Компания ТМД ЭЭК өткізетін ашық отырыстарға, жұмыс топтарының отырыстарына, семинарларға қатыса алады.

Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы (бұдан әрі – ҚЭҚ). 2011 жылдан бастап мүше болып табылады. ҚЭҚ-қа мүше болу ақпарат алмасуға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру мен дамытуға, сондай-ақ ҚЭҚ қамқорлығымен өткізілетін конференцияларға, семинарларға, форумдар мен өзге де шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

«KAZENERGY» қауымдасығы

2009 жылдан бастап Қауымдастықтың мүшесі болып табылады. KAZENERGY қауымдастығына мүшелік ҚР-ның инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бастамалар мен іс-шараларға, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға, сондай-ақ құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық мәселелер бойынша көмек алуға мүмкіндік береді. Қоғам KAZENERGY қауымдастығы ұйымдастыратын көптеген іс-шараларды, оның ішінде форумдарды, Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің даму келешегі туралы ұлттық баяндамаларды басып шығаруды айтарлықтай қаржыландырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП). 2013 жылдан бастап ҚР ҰКП-ның мүшесі болып табылады. ҚР ҰКП-ға мүшелік кәсіпкерлік ортамен байланысты нығайтуға, электр энергетикасы бизнесін дамытуға, оның ішінде ҚР заңнамалық базасын жетілдіру аясында дамытуға ықпал етеді.

Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық Кеңесі (бұдан әрі – ОА ҮЭК). Қадағалаушы ретінде 2014 жылдан бастап қатысты. ОА ҮЭК-ға мүшелік Орталық Азия елдерінің арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, ОА ҮЭК өткізетін электр энергетикасы саласындағы шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес (бұдан әрі – ДЭК). 2008 жылдан бастап ДЭК-ның мүшесі болып табылады. ДЭК-ке мүшелік жаһандық және өңірлік сипаттағы жобалар мен мәселелер бойынша ДЭК-пен жұмыс жасауға мүдделі, әлемнің энергетика саласындағы санаулы жетекші компанияларына ғана арналған бағдарламаны білдіреді. ДЭК бағдарламасы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін эксклюзивті іс-шараларға және дөңгелек үстелдерге қатысуға мүмкіндік беред.

БҰҰ Ғаламдық шарты

2011 жылдан бастап мүшелік етеді. БҰҰ-ның Ғаламдық шартына қосылу аясында Компания өз стратегиясында және күнделікті қызметінде Ғаламдық шарттың он қағидатын ұстанатыны туралы хабарлайды.


Компания кері байланыс алу және өздері үшін ерекше маңызды тақырыптарды жинақтаған кезде пікірлерді ескеру мақсатында барлық стейкхолдерлермен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды.

Компания және оның барлық мүдделі тараптары арасында тиімді диалог жүргізу мақсатында 2018 жылғы қарашада 2019 жылға арналған Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау жоспары қалыптастырылды және бекітілді, ол өзара іс-қимылға қойлатын қағидаттар мен талаптарды, мүдделі тараптарды сәйкестендіру дәне талдау тәртібін, өзара іс-қимыл жасау және хабарландыру жөніндегі шараларды анықтайды. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау жоспары Компанияның сайтында орналастырылған (https://www.samruk-energy.kz/images/2019/korp-upravlenie/plan steikholder 28_11_18.pdf). 2019 жылғы қорытындылары бойынша Компания көрсетілген Өзара іс-қимыл жасау жоспарын орындау бойынша есептің қалыптастыруын қамтамасыз етеді.

2018 жылы Компанияда 2017 жылғы қорытындылар бойынша Жылдық есепте жарияланған Стейкхолдерлермен өзара байланыс жоспары әрекет етті (толығырақ мына сілтеме бойынша: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/annual-reports). Жоспардың негізгі міндеті стейкхолдерлерді уақытылы, сапалы және толық көлемде хабарландыру тетігін құру болып табылады. Есептік кезеңде мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауды бақылау мен маниторингілеу Компанияға стейхколдерлердің басымдықтарын нақты түсіну негізінде олармен өзара іс-қимылды конструктивті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Компанияның қызметі үшін ең маңызды тақырыптарды (аспектілерді) анықтау, сондай-ақ оларды толықтыру мен нақтылау мақсатында Қоғамның топ-менеджерлермен талқылаулар және 2018 жылы әзірленген сауалнама аясында Жалғыз акционер, негізгі қызметкерлер, еншілес ұйымдар, серкітестер, қаржылық институттар, кәсіби қоғамдастықтар, қауымдастықтар және т.б. сұратылған сауалнаманы толтыру жолымен ішкі және сыртқы мүдделі тараптарға сауалнама жүргізілді. Бұған қоса, бүкіл стейкхолдерлерді максималды қамту мақсатында, Компания 2017 жылғы Компания қызметінің қорытындылары бойынша Жылдық есептің жарияланған интерактивті нұсқасы аясында бүкіл мүдделі тараптар үшін онлайн-сауалнама орналастырды (https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/ annual-reports).

Сауалнама барысында мүдделі тараптар сауалнамда ұсынған жылдық есепте ашу үшін әрбір тақырыптың маңыздылығын бес балдық шкала бойынша бағалады, сондай-ақ енгізілмеген, бірақ стейкхолдерлердің пікірі бойынша маңызды болып табылатын аспектілермен тізімді толықтыра алды.

Анықталған маңызды аспектілерге олардың толықтығы мен теңгерімделгендігі мәніне бағалау жүргізу үшін Компания басшылығының қатысуымен талқылаулар жүргізілді және Компания мен мүдделі тараптар үшін маңыз­ды орнықты даму тақырыптары туралы көрнекі түсінік беретін маңыздылық матрицасы қалыптастырылды.

Көлденең өсі бойынша мүдделі тараптар үшін аспектілердің маңыздылығын бағалау, вертикаль өсі бойынша – Компания үшін аспектілердің маңыздылығын бағалау көрсетілді.

Мүдделі тараптар мен Компания үшін маңыздылықтың 4 балдан жоғары бағасын алған тақырыптар барынша маңызды болып танылды және жылдық есеп мәтінінде көрсетілді. Олар маңыздылық матрицасының жоғары бөлігінде орналастырылған.

«Самұрық-Энерго» АҚ Маңыздылық матрицасы:

Елеулі түрлерге мына тақырыптар жатқызылды:

  • Компанияның ел экономикасына қосқан үлесі;
  • Компанияның құнын арттыру;
  • Лайықты ақы және өтемақы;
  • Қызметкерлер мен мердігерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау;
  • Энергия тиімділік;
  • Бопсалаушылық пен пара алуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы күрес;
  • Парниктік газдар мен басқа ластағыштардың шығарындыларын азайту (NOX, SOX және басқа маңызды ластағыш заттарды);
  • Экологиялық міндеттемелерге сәйкес келу;
  • Материалдарды, энергияны және суды тиімді пайдалану;
  • Қызмет ету өңірлерде тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау;
  • Инновациялық және операциялық тиімділікті дамыту.

Ағымдағы маңыздылық матрицасын және жаңа маңыздылық матрицасын талдау Компания мен оның мүдделі тараптары үшін инновацияларды дамытумен және операциялық тиімділікпен, энергия тиімділікпен, «Самұрық­Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін ғана емес, мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері үшін де қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етумен байланысты тақырыптар, лайықты ақы мен өтемақы және т.б. мәселелері бұрынғыдай елеулі болып қалатынын көрсетеді.

Аталған есепте стейкхолдерлер мен Компаниялар үшін барлық елеулі аспектілер ашылып көрсетілді (жоғары маңызды аймақ).

Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру – бұл Компанияның әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына ұмтылу болып табылады. Мүдделі тараптармен өзара тиімді қатынастарды қолдау ең маңызды мәселе болып табылады. Айқындық және ашықтық қағидаттарынан шыға отырып, Жалғыз акционермен, әлеуетті инвесторлармен, өнім тұтынушылармен және өзге стейкхолдерлемен өзара тиімді іс-қимыл жасау мақсатында Компанияда Ақпараттық саясат әрекет етеді. Саясат бүкіл стейкхолдерлер үшін ашуға жататын ақпаратты, ақпаратты жариялау және бүкіл мүдделі тараптардың мәліметіне жеткізу қағидаттарын, мерзімдерін белгілейді.

Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау аясында, 2018 жылы Компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша Шағымдар мен ұсыныстар дерек қорын құрып, мүдделі тараптармен бірыңғай кері байланыс тетігін ендірді. Шағымдар мен ұсыныстар дерек қорын ендіру мақсаты барлық мүдделі тараптардың алаңдаушылықтарды зерттеу жолымен стейкхолердермен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру болып табылады. Талдау «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша өтініштерді (шағымдар мен ұсыныстарды) шоғырландыру негізінде жүзеге асырылды және жүйелік проблемалық мәселелерді анықтау, кейін мүдделі тараптардың алаңдатушылықтарына әрекет ету үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі қолданыстағы тетіктерінің тиімділігін белгілеу үшін жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер аясында, талдаудың толықтығы үшін Компанияның https://www.samruk-energy.kz/ru/feedback-all корпоративтік сайтында «Кері байланыс» нысандары ендірілді. Кері байланыс «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметі аясында консультация, пікір, жауап, ұсыныс мәселесімен және кез келген бас алаңдатушылықпен жүгіне алатын кез келген стейкхолдерлерге арналған. Сонымен қатар, Компанияның сайтында ендірілетін инвестициялық жобалармен байланысты тұлғалар санаты үшін «Кері байланыс» нысаны белгіленді, бұнда жергілікті қоғамдастықтар, мердігерлердің қыз­меткерлері немесе жобаға қатынасы бар тұлғалар өз пікірін білдіре алады.

2018 жылғы өтініштердің саны

Көрсетілген өтініштер қозғайтын аспектілер, ең көп өтініш берілген өңірлерді анықтау, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына жүгінген тұлғалар санаты, өтініштердің мәні бойынша статистика және шағымдарды талдау мәніне талданды. Әрбір шағымға белгілі бір санат берілді.

ШАҒЫМДАР

Негізделген

Ішінара негізделген

Негізделмеген

Қайтарылған

3

12

28

2

Барлығы: 45

Стейкхолдерлердің өтініштері негізінде жүзеге асырылған қорытындылар Компанияның Директор кеңесіне хабарланды, бұнда ұсыныстар анықталды және стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл сапасын арттыру үшін шаралар әзірленді.