«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

«Экономикалық» санат

Құрылған және үйлестірілген экономикалық құн

Компания қызметінің экономикалық нәтижелілігі экономикалық құнды құру және үйлестіру кестесінде көрсетілді.

Құрылған экономикалық құн Компанияның табысын қалыптастырудың негізгі көздерін көрсетеді, атап айтқанда электр энергиясын өндіруден, жеткізуден және өткізуден, сондай-ақ көмірді сатудан түскен табыс және алған сыйлықақылар.

Құрылған құн жеткізушілер мен мердігерлер, Компания­ның қызметкерлері, акционерлері мен кредиторлары, мемлекет, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар арасында үйлестіріледі.

Үйлестірілген экономикалық құн

Жеткізушілер мен мердігерлерге төленетін төлемдер

Операциялық шығындар – материалдарды, өнім компоненттерін, құрылғылар мен қызметтерді, жалдау төлемдерін және т.б. төлеу бойынша контрагенттерге төленетін ақшалай төлем

Қызметкерлерге төленетін төлемдер

Жалақы қоры, әлеуметтік салықтар және аударымдар, зейнеткерлік және сақтандыру төлемдері, қызметкерлерге медициналық қызметтерге жұмсалатын шығындар және қызметкерлерді қолдаудың басқа нысандары

Капитал жеткізушілеріне төленетін төлемдер

Акционерлердің барлық санаттарына төленетін дивидендтер және кредиторларға төленетін пайыздар

Мемлекетке төленетін төлемдер

Салық аударымдары

Жергілікті қоғамдастықтарға салынатын инвестициялар

Қайырымдылық және бейүкіметтік ұйымдар мен зерттеу мекемелеріне берілетін қайырымдылық, қоғамдық инфрақұрылымды қолдауға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды, мәдени және білім беру шараларын тікелей қаржыландыру

2018 ж. қорытындылар бойынша құрылған экономикалық құн 353 млрд. теңгені құрады және үйлестіруші экономикалық құн 273 млрд. теңгені құрды, оның нәтижесінде үйлестірілмеген экономикалық құн 80 млрд. теңгені құрды. 2019–2023 жж. арналған бекітілген Даму жоспарына сәйкес 2019 және 2020 жылдары құрылған және үйлестірілген экономикалық құнды арттыру жоспарланады.

Көрсеткіш*

2017

2018

2019

2020

Факт

Факт

Болжал

Болжал

Құрылған экономикалық құн

349 242

352 681

366 548

370 773

Сатудан түскен түсімдер

346 563

351 100

366 209

369 586

сыйлықақылар Алған (пайыздар)

2 679

1 581

338

1 187

Үйлестірілген экономикалық құн

280 258

272 860

319 526

325 656

Жеткізушілер мен мердігерлерге төленетін төлемдер

174 610

161 571

186 122

201 408

Қызметкерлерге төленетін төлемдер

40 964

37 210

36 652

37 415

Капитал жеткізушілеріне төленетін төлемдер

31 033

34 047

45 967

34 884

Мемлекетке төленетін төлемдер

33 531

39 617

50 497

51 768

Жергілікті қоғамдастықтарға салынатын инвестициялар

121

415

289

181

Үйлестірілмеген экономикалық құн

68 984

79 822

47 021

45 117

* Бұрын көрсеткіштер төлеу әдісі бойынша есептелді. Ақшалай емес операцияларды, оның ішінде амортизацияны жою мақсатында ағымдағы көрсеткіштер ақша құралдарының қозғалысы туралы есептің деректеріне сүйене отырып есептелді. Көрсеткіштер бірлескен кәсіпорындарда иелік ету үлесін ескере отырып алынды.

«Инновациялық және операциялық тиімділікіті дамыту» аспектісі

Қазіргі кезде Компанияның инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған бірнеше жобалар іске асырылып жатыр, оның ішінде:

  1. Цифрлы электр станциясы. Жоба өндірістік-техникалық тұғырнама негізінде өндірістік-технологиялық деректерді, өндірістік процестерді қашықтан мониторингілеу мен болжамдау, тораптардың, агрегаттардың, жабдықтар мен «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік процестерін мониторингілеу жү­йелерін орталықтандырылған жинауды (цифрлық диспетчерлік) енгізу мүмкіндігін қарастырады. Бұл дұрыс деректер алуға және өндірісте адамның қатысуынсыз процестердің дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пилоттық жоба «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да іске асырылады.
  2. Назарбаев Университетімен бірлесіп күлі көп көмірді (күлі 50 % және одан көп күл – Екібастұз кен орнының № 3 қабаты және құнары алынған көмір/көмірді байыту қалдықтары) жағу үшін көмірдің қайнап жатқан қабаты мен айналып қайнап жатқан қабаты технологиясын пайдалану мүмкіндігіне зерттеу жүргізіледі.

      Күтілетін нәтижелер:

  • технологияларды әзірлеу және күлі көп көмірді жағу үшін көмірдің қайнап жатқан қабатының технологиясын қолдану перспективасына талдау жасау;
  • көмірді дәстүрлі жағу әдісімен салыстырғанда отын шығыны мен атмосфераға шығарылатын шығарындыларды азайту;
  • отынды қайнап жатқан қабаттың үстіндегі газды кеңістікте өртемей және себепсіз қыздырылған түтінді газдары бар едәуір жылуды алып кетпей, толық жағу.
  1. Қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесі плазмалық-отын жүйесін жарақтандыруды білдіреді, бұл мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
  • қазандық агрегаттарының жүктемелері төмен болған жағдайда тозаңды көмір шырағының жануын тұрақтандыруға;
  • төмен сұрыпты көмірді шырақ етіп жаққан жағдайда мазут шығынын болдырмауға;
  • көмір мен мазутты бір жағу көлемінде қазандық агрегаттарының үнемділігінің төмендеуіне және дұрыс жұмыс істемеуіне алып келетін бірге жағудың жағымсыз салдарларын жоюға.

Бұл технология Қытай Халық Республикасында, Ресей Федерациясында, Индонезияда және т.б. елдерде 200-ден 1 000 МВт-ға дейінгі энергия блоктарында ойдағыдай қолданылады.

  1. «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің Даму стратегиясы аясында көмірді байыту технологиясын ендіру есебінен «Богатырь Көмір» ЖШС көмір бизнесінің мөлшерін ұлғайтуды жоспарлайды. 2016 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді, оның аясында аталған бағыт бойынша жұмыстың техникалық жүзеге асырылуына және инвестициялық мақсаттылығына талдау жасалды. Нәтижесінде Екібастұз көмірін 5 500 ккал/кг-ға жылу шығару мүмкіндігіне дейін байытқан жағдайда перс­пективті жобаның инвестициялық көрсеткіштері оң болатыны анықталды.
  2. «Цифрлық қима» жобасын іске асыру тау-кен қазу және тау-кен көлік жабдықтарының жұмыс параметр­лерін (тасылатын жүктің салмағы, орналасқан жері, технологиялық жағдайы, қозғалыс жылдамдығы, дөңгелектердегі қысым мен температура және т.б.) автоматты түрде бақылауды, карьердегі автосамосвалдардың ай сайынғы көрсеткіштеріне: рейстер санына, жүк айналымына, мотосағаттарға, жүріп өткен жолына, отын шығынына, жүргізушілер мен тау-кен қазу және тау-кен көлік техникасы машинистерінің өндірістік тәртібіне: бос тұру уақытын, жұмыстың басталу және аяқталу уақытын автоматты түрде бақылау мен талдауды қарастырады, сондай-ақ көмірді өндіру мен тие­удің өндірістік процестерін басқарудың, нақты уақыт режимінде цифрлық деректерді өңдеу мен оларға талдау жасаудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру: визуалды, жылу және радиациялық бақылау үшін дрондарды пайдалану; топографиялық-геодезиялық түсірілімдер мен маркшейдерлік жұмыстар; 3D модельдеу және деректерге қолжетімділік; бірыңғай барлық кіші жүйелерді Дата-Орталықта біріктіру.

«Энергия тиімділігі» аспектісі

Компанияда Энергияны  үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жоспарлап, жүзеге асыру үшін негіз қалаушы құжат болып табылады.

Аталған бағдарламаның мақсаты отын-энергетикалық ресурстарды тиімді және экономикалық тұрғыдан мақсатты пайдалану бойынша шаралар әзірлеу болып табылады.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс аясында өткен жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған 75 шара орындалды, ол 35 мың тонна шартты отынды үнемдеуге мүмкіндік берді.

Ұйым ішінде энергия тұтыну

2015–2016 жылдар кезеңінде базалық 2014 жылмен салыстырғанда жалпы отын тұтынудың азаюы байқалады. 2017 жылы және 2018 жылдың қорытындылары бойынша отын (көмір) тұтынудың өсуі РФ-ға экспорттық жеткізілімдер үшін «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да электр энергиясын өндірудің артуына байланысты.

2015–2018 жылдар кезеңінде энергияны жалпы тұтыну электр энергиясын тұтыну бойынша да, сондай-ақ жылу энергиясын тұтыну бойынша да тұрақты қарқынға ие.

Ұйым ішінде тұтыну

2014

2015

2016

2017

2018

Отынды жалпы тұтыну, 106 ГДж, оның ішінде:

272,6

225,4

225,5

285,2

310,5

көмір

244,4

199,1

196,1

254,8

298,1

газ

24,7

23,6

27,3

28,4

10,0

мазут

2,0

1,3

0,8

0,7

1,2

бензин

0,3

0,3

0,3

0,2

0,2

дизель

1,3

1,1

1,0

1,1

1,2

Электр энергиясын жалпы тұтыну, 106 ГДж

14,0

12,8

12,5

13,0

11,8

Жылу энергиясын жалпы тұтыну, 106 ГДж

3,7

3,0

2,7

2,6

2,7

Энергияны жалпы тұтыну, 106 ГДж

17,7

15,8

15,3

15,6

14,5

Энергия сыйымдылығы

Аталған көрсеткіште ұйым ішіндегі отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемі, сондай-ақ өндірілген электр және жылу энергиясының, жеткізілген электр энергиясының, өндірілген көмірдің көлемі қолданылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 29,7 ш.о.т/млн. теңгені құрады.

Энергия сыйымдылығы

Энергия тұтынуды азайту

Базалық 2014 жылмен салыстырғанда тұтастай алғанда жылдар бойынша жалпы энергия тұтыну көлемінің азаю үрдісі байқалады.

Электр энергиясын тұтыну базалық та, сондай-ақ өткен жылға да қатысты азайып, 11,8*106 ГДж-ны құрады.

Жылу энергиясын тұтыну сонымен қатар базалық жылға қатысты азайып, 2,7*106 ГДж-ны құрады.

Энергияны жалпы тұтынудың азаюы оның шығындарын жеке мұқтаждықтарға қатысты қысқартуға байланысты.

Энергияны жалпы пайдалану, 106 ГДж