«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

«Экологиялық» санат

2018 жыл Қазақстанда үлкен экологиялық реформаның басталған кезеңі болды – 2020 жылы жаңа Экологиялық кодекстің шығуы жоспарланып отыр.

Бәрімізге белгілі, Қазақстан тұрақты даму жолына түсіп, әлемнің мейлінше дамыған 30 елінің қатарына ену жолын таңдады, олай болса экологиялық қауіпсіздік мәселесі біз үшін үлкен басымдыққа ие. Біз өзіміздің өндірістік кәсіпорындарымыз орналасқан аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу көп жағдайда Компания тарапынан жүзеге асырылып отырған экономикалық даму стратегиясына байланысты екенін мойындаймыз.

Компания мен оның еншілес кәсіпорындарының көп жылдық жұмысы барысында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне үлкен жауапкершілікпен қарау дағдысы қалыптасты. Өндірісте қолданылатын технологиялардың күрделілігі мен қауіптілігін ескере отырып, біз экологиялық секторға тән көптеген экологиялық тәуекелдердің бар екендігін, әсіресе болашақ ұрпақ пен өсімдік пен жануарлар әлемін құрайтын қоршаған ортаға қолайлы жағдай туғызу қажеттігін толықтай түсінеміз.

«Самұрық-Энерго» АҚ қолданыстағы заңнаманы, тұрақты даму тұжырымдамасын, сондай-ақ ең озық әлемдік тәжірибені басшылыққа ала отырып, өзінің экологиялық саясатын анықтады. Экологиялық саясатта белгіленген мақсаттар мен міндеттер Компанияның Ұзақ мерзімді даму стратегиясында ескерілген.

Экологиялық аспектіні басқару үшін Компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылған. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық компаниялар тобында «Экологиялық менеджмент» ISO 14001 стандарты енгізілді. Біз қоршаған ортаға деген қамқорлықты Қазақстанның әлеуметтік дамуына қосқан үлесіміз деп білеміз, сондықтан 2018 жылы ЭМЖ жүйесі әлеуметтік менеджмент жүйесімен біріктірілді. АДБ және ЕДҚБ ұйымдарымен ынтымақтастық тәжірибесінің болуы арқасында біз Халықаралық қаржылық корпорациялар талаптарына сәйкес менеджмент жүйе­сін жетілдіруді жоспарлап отырмыз.

Өндірістік процестердің тиімділігін экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялардың, зиянды өндірістік факторлардың деңгейін, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге ресурстарды тұтынудың нақты көлемін өлшеу және есептеу негізінде өндірістік экологиялық бақылау аясында жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны өндірістік мониторингілеу техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте аккредиттелген тәуелсіз лабораторияларды тарта отырып жүргізіледі. Өндірістік мониторингілеу объектілері атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулар, топырақтар болып табылады.

2018 жыл Павлодар облысында – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібстұз ГРЭС-2» АҚ және «Богатырь-Көмір» ЖШС сияқты топтың ең ірі еншілес компаниялары шоғырландырылған өңірде экология жылы болып жарияланды, олар жергілікті экология департаменті қоршаған табиғи орта компоненттерінің сапасын жақсарту үшін әзірлеген шараларда белсенді қатысты.

Ұйымның қызметі үшін климаттың өзгеруімен байланысты қаржылық аспектілер және өзге де тәуекелдер мен мүмкіндіктер

Әлемде климаттың өзгеру проблемасы ондаған жылдардан бері айтылып келеді. Әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге қатысты абыржушылық танытып отырғанының ресми дәлелі ретінде 1992 жылы 180-нен астам мемлекет қол қойған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның негізгі конвенциясын (БҰҰ-ның КӨНК) атап өтуге болады.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негізгі конвенция тараптарының 2018 жылғы желтоқсанда Катовицада (Польша) болған кезекті кездесуінде қатысушы елдердің үкіметтері климаттың өзгеруімен байланысты проблемаларды шешу үшін Париждік келісімнің орындалуына шолу жасады. Осы конференцияның ғылыми негізі КӨСХТ-тың (климаттың өзгеруі бойынша өкіметаралық  сарапшылар тобы ) жақында жарияланған ғаламдық 1,5 °C жылыну туралы Арнайы баяндамасы болып табылады.

Баяндамада климаттың қайтарымсыз өзгерістерінің алдын алу үшін ғаламдық жылынуды Цельсий бойынша индустриальды заманға дейінгі кезеңмен салыстырғанда бір жарым градусқа шектеу қажеттігі туралы қауіпті қорытынды шығарылды, сол үшін 2050 жылға қарай адам қызметінің нәтижесінде атмосфераға шығатын парниктік газдар мен жер экожүйесінің сіңіргіштік/сіңіруші қабілетінің ара қатысындағы таза балансты нөлдік деңгейге жеткізу қажет. Қазақстан Парижде ерікті үлес ретінде мәлімделген көлемді мақсатты 1990 жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай –15 % жеткізуге ұмтылады.

Сарапшылардың пікірін есепке ала отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ климаттың өзгеруі мәселесіне үлкен маңыз беріп отыр. Сондықтан да, Компанияда ЖЭС пен СЭС-тің дамуына үлкен назар аударылуда, жаппай энергия менеджменті жүйелері ендірілуде, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру бойынша кеңейтілген бағдарламалар әзірленді, Алматы электр станцияларын газдандыру бойынша маңызды жобалар жоспарлануда.

Бұған қоса, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС сияқты ЕТҰ-лары квота берілетін қондырғылар болып табылады және ПГ шығарындыларына квоталарды сатудың ұлттық жүйе­сі аясында ПГ шығарындыларын қысқарту бойынша міндеттемелер қабылдаған.

Жаңа технологияларға да ерекше назар аударылады: «Самұрық-Энерго» АҚ-тың тапсырмасы бойынша «Назарбаев Университеті» АБҰ негізінде «Таза көмір технологиялары» ғылыми лабораториясы құрылды; «Microalgae Biotechnology Laboratory» ЖШС-мен бірлесіп «ГРЭС-1» ЖШС-да СО2 түтін газдарын содалық ерітінділердің әртүрлі түрлерінің көмегімен микробалдырлар биомассасына конверсиялау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда; «Богатырь Көмір» ЖШС-да бүгінде қолда бар 1,5 мыңнан астам өнеркәсіптік шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша энергия сервистік шартқа қол қойылды.

Компания процестері мен өнімдерінің көміртектік сыйымдылығын азайту бойынша негізгі бағыттар мен мақсаттар Компанияның ұзақ мерзімді Даму стратегиясында және Экологиялық саясатында көрсетілді.

Парниктік газдардың шығарындыларын мемлекеттік реттеу мәселесі контексінде «Самұрық-Энерго» АҚ жағдайының SWOT-талдауы

Бұл ретте тұрақты даму идеологиясының ғаламдық таратылуы нәтижесінде бір технологиялардың (мәселен ЖЭК) белсенді түрде жетілуі байқалса, енді бір технологияларға сол тұрақтылық қағидаты негізінде шыдамдалықпен және ұқыптылықпен қарауға тура келетінін атап өту қажет. Қазақстандағы дәстүрлі энергия өндіруді жаңғырту және жаңалау қарқынының баяулығын дәл осы негізде түсіндіруге болады.

Жұмсалған материалдар

2018 жылдың қорытындысы бойынша энергия өндіру түрлеріне қатысты (дәстүрлі, СЭС және ЖЭК) бөлініс төмендегідей көлемде сипатталады:

  • дәстүрлі энергия өндіру үлесіне компания тобының жалпы электр энергиясын өндіру көлемінің 91 %-ы келеді, бұл 2017 жылға қарағанда 3 %-ға артық.
  • «таза» энергия көздері туралы айтатын болсақ, оның үлесі 9 % құрады, оның ішінде СЭС – 8,5 %, ЖЭК – 0,5 %, басқаша айтар болсақ, 2018 жылы СЭС-тегі өндіру үлесі 2 %-ға төмендеді, ал ЖЭК-тің үлесі шашамен сол деңгейде қалды.

2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда отын станцияларында электр энергиясын өндіру көлемі 13 %-ға ұлғайды, сондықтан да көмір мен мазут секілді материалдарды пайдалану деңгейі едәуір өсті. Бұл ретте Компанияның активтері тобынан Ақтөбелік станция шығып қалды, соның нәтижесінде газды пайдалану үш есеге дерлік төмендеп кетті.

Энергия өндіру

Жұмсалған материалдар

Суды пайдалану және суды тұтыну

Су – электр қуатына айналатын әлеуетті энергияға ие қайта қалпына келетін табиғи ресурс.

Біз жиынтық су энергиясын су электр станцияларындағы энергия көзі ретінде, сондай-ақ жылу электр станцияларында жылу жеткізгіш ретінде, су қоймаларын толтыруға, күлді жерлерді суландыруға, күл үйінділерінде судың деңгейін сақтауға, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланамыз.

Энергия көздері бойынша бөлгенде алынатын судың жалпы мөлшері

 

Өлшем бірлігі

Көлемі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Алынатын судың жалпы көлемі

Мың м3

9 671 594

10 313 409

10 546 314

Беткі су объектілерінен

Мың м3

9 619 606

10 261 611

10 498 150

Жер асты су көздерінен

Мың м3

6 817

6 858

7 341

Басқа ұйымдардың ағын сулары

Мың м3

406

399

274

Сумен жабдықтаудың муниципалдық және өзге жүйелерден

Мың м3

44 765

44 940

40 577

Суды пайдалану және тұтыну қолданыстағы ҚР заңнамаларына сәйкестікте жүргізіледі: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары су алуды қолда бар рұқсаттарына сәйкес жүзеге асырады: алынатын судың 98 % ГЭС-терде пайдалануға жұмсалады, ал 2 % – су тұтынуға пайдаланылады.

 

Өлшем бірлігі

Көлемі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Алынатын судың жалпы көлемі, оның ішінде

Мың м3

9 671 594

10 313 409

10 546 314

Суды пайдалану (СЭС)

Мың м3

9 497 020

10 121 167

10 345 085

Суды пайдалану үлесі

%

98,2

98,14

98,1

Суды тұтыну

Мың м3

174 574

192 242

201 229

Суды тұтыну үлесі

%

1,8

1,86

1,9

Суды пайдалану және суды тұтыну

Бірнеше мәрте және қайта пайдаланылатын сулар

Қоғамның барлық отын станцияларында суды пайдалану көлемін азайту үшін
судың айналмалы жүйесі қолданылады.

 

Өлшем бірлігі

Көлемі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Бірнеше мәрте және қайта

пайдаланылатын сулар көлемі

мың м3

2 921 806

2 663 002

2 959 034

Ағынды су төгіндісі

І санатты өнеркәсіптік объектілерінде табиғи объектілерге ағынды суларды төгу жұмыстары жүргізілмейді, ағынды сулар күлден тазарту жүйесінде қолданылады және күл қалдықтарымен бірге күл үйінділеріне келіп түседі. Бұл ретте алынатын су көлеміне қарағанда ағынды су төгіндісінің көлемі аса көп емес екенін ескеру қажет.

 

Өлшем бірлігі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Ағынды су көлемі

мың м3

64 842,095

60 144,078

77 001,4

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындары алынған беткі суға, ағынды суға талдамалық бақылау жасап, ұңғымалар жүйесіндегі жер асты суларының температуралық режиміне және су көлемінің өзгерістеріне мониторинг жасап отырады, ТӨҚ су құбырлары жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қалдықтар

2018 жылы күл-қоқыс қалдықтарының көлемі 7 663,95 мың тоннаны (норматив бойынша 9 166,9 мың тонна) құрады, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 20 % артық, бұл көмір арқылы өндіру көлемінің артуы мен УРУТ өсіміне байланысты болып отыр.

Жинақталған КҚҚ-ны кәдеге жарату жұмыстары әзірше баяу қарқынмен жүргізілуде. ЭГРЭС-2 станциясында құрғақ күл қондырғысы іске қосылды (бұдан әрі – ҚКҚ). 2018 жылғы жедел деректер бойынша ҚКҚ көмегімен 10 мың тоннаға жуық құрғақ күл жөнелтілді. ЭГРЭС-1, 2 станцияларының КҚҚ-сы Павлодар облысында автомобиль жолдарын салуға пайдалануда.

Сонымен қатар, жыл сайынғы күл үйінділерінің 30 га өңделген аудандарының топырақ құнарлығын қалпына келтіреді.

ҚҚҚ көлемі

Отын генерациясы секторы бойынша КҚҚ -ның салыстырмалы көрсеткіші

Атмосфераға тасталатын шығарындылар

2018 жылдың қорытындысы бойынша 2017 жылмен салыстырғанда отынмен жанатын станцияларда электр энергиясын өндіру көлемі 13 %-ға ұлғайды, сәйкесінше ластағыш заттардың жалпы шығарындыларының көлемі ұлғайды. Компания тобы бойынша 2018 жылы жалпы шығарынды 323,8 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 23 %-ға артық.

Атмосфераға шығатын эмиссиялар мониторингі азот тотықтары, күкірт тотықтары, көміртек тотықтары, ұшпа күл секілді ластағыш заттарды қамтиды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ЛЗ меншікті шығарындылары 10,2 г/кВт•с құрады, бұл 2017 жылмен салыс­тырғанда 7 % жоғары. «Генерация» секторы бойынша азот тотығының меншікті шығарындыларының мөлшері төмен эмиссиялы жанарғылар орнатылғанан кейін қысқарды, соның нәтижесінде бірқатар энергия блоктарында түтінді газдар құрамындағы азот тотығының бөлігі 650 мг/нм3 дейін азайды. Ал бірқатар объективті себептерге байланыс­ты күкірттің еселенген тотығының меншікті шығарындылары артты.

  • SO2 меншікті шығарындыларының артуындағы негізгі себептер:
  • «ГРЭС-1» ЖШС мен «ГРЭС-2» АҚ-та көмір құрамындағы күкірт мөлшерінің 2017 ж. 0,48 % көрсеткішінен 2018 ж. 0,57 % дейін артуы;
  • «АлЭС» АҚ ЖЭО-1 нысанында көмір қоймасының жо­йылуына байланысты қалған көмірді жағу, сондай-ақ табиғи газ жеткізіліміне шектеу қойылуына байланыс­ты мазутты пайдалану көлемінің артуы;
  • отын станцияларында электр қуатын өндіру үлесінің артуы (2017 ж. 88 % – дан 2018 ж. 91 %-ға артуы);
  • ГЭС-те өндіру үлесінің азаюы (2017 ж. 11,3 %-дан 2018 ж. 8,6 %-ға төмендеуі).

ЕГРЭС-1 мен ЕГРЭС-2-нің барлық энергия блоктарында жаңа буынды электр сүзгілері, сондай-ақ «АлЭС» АҚ станцияларында дымқыл күлді тұту эмульгаторлары іске қосылған соң атмосфераға шығарылатын шығарындылардың азаюында оң үрдіс байқалады.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның компаниялар тобы бойынша жалпы шығарынды көлемі

Компанияның жиынтық шығарындыларындағы "Генерация" секторы 2018 жыл

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша ЛЗ үлестік шығарындылары , кг/кВт•с

 

Өлшем бірлігі

Көлемі

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

NOx

мың  тонна

54,7

66,4

76,11

SO2

мың  тонна

132,9

160,4

202,4

Шаң (зола)

мың  тонна

28,0

34,4

41,4

СОЗ

тонна

жоқ

жоқ

жоқ

ЛОС

тонна

115,4

245,6

297,2

СО2

мың тонна

24 150,66

29 839,62

33 743,68

Жыл қорытындылары бойынша ластағыш заттардың және парниктік газдардың шекті шығарындыларын азайту бойынша қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігіне талдау жүргізілді, энергия тиімділігін арттыруға бағытталған түзетуші шаралар әзірленді: жану құрылғыларын жөндеу, өткір бу мен өнеркәсіптік қатты ысыту будың температурасы мен қысымның атаулы мәнін ұстап тұру, сормаларды жою және т.б.

Елеулі айыппұлдардың ақшалай мәні және қаржылық емес санкциялардың жалпы саны

2018 жылы экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін мемлекеттік инспекторлық тексерістер жүргізілді. Елеулі айыппұлдар сомасы 722 мың теңгені құрады.

 

Төлемдер, мың теңге

2016

2017

2018

елеулі айыппұлдардың ақшалай сомасы

 

10 587

12 596

721,5

қаржылық емес санкциялар қолданылған жайттар саны

 

0

0

0

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар мен инвестициялар, түрлері бойынша жіктелген

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның І санатты әрбір ЕТҰ-сында («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС) уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бар, оны орындау арнайы табиғатты пайдаланудың міндетті шарты болып табылады.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындары мен инвестициялары 6,63 млрд. теңгені құрады.

 

Шығындар, мың теңге

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Барлығы

1 197 259,2

2 213 407,5

6 629 260,84

қалдықтарды пайдалануға, шығарындыларды тазартуға, сондай-ақ экологиялық
зияндарды жоюға байланысты шығындар

825 732,8

1 825 147

6 556 645,24

қоршаған ортаға әсерді болдырмау үшін және экологиялық менеджмент жүйесіне
жұмсалған шығындар

371 526,4

388 260

72 615,6

Биоалуантүрлілік

Компанияның өндірістік қызметі, сондай-ақ болашақ жобалар жергілікті биологиялық алуантүрлілікке әсер етуі мүмкін. Біз биосфераға тигізер әсерді мейлінше азайтуға тырысамыз.

2009–2018 жылдары «АЖК» АҚ кәсіпорнының 1346,47 км құрайтын электр желілері құстардың электр тоғына түсуін болдырмау мақсатында оқшауланған электр сымдарымен (ОЭС) ауыстырылды.

Су экожүйесіне зиян келтурмеу үшін су электр станция­ларының жұмысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеттерімен, жергілікті әкімшіліктермен, сондай-ақ ҚОҚО басшылығымен келісіледі («Мойнақ СЭС» АҚ-мен болған жағдай).

«Мойнақ ГЭС» АҚ Қазақстандағы ПРООН сарапшыларымен Шарын ұлттық бағының Шарын өзенінің бойында орналасқан реликтілік шаған орманын сақтау жобасы бойынша ынтымақтастық орнатты.