«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

«Әлеуметтік» санат

«Біздің қызметкерлер» бөлімі

Адам ресурстарын басқару саясаты – персоналды басқару шараларының біртұтас жүйесі, ол «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018–2028 жылдарға арналған Кадр саясатына сәйкес іске асырылатын ұйымшыл әрі жауапты ұжым қалыптастыру мақсатында қызметкерлермен жұмыс істеудің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін белгілейтін нормалар мен қағидалардан тұрады.

Адам ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты – кадр әлеуетін дамыту, қызметкерлерді басқару мен ынталандыру жүйесін жетілдіру, әлеуметтік қорғалу жүйесін құру.

Қызметкерлер құрылымы

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі жұмыс берушілер қатарына кіреді. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, Компания қызметкерлерінің тізімдік саны 17 719 адамды құрады.

Есепті кезеңде жұмыспен толық қамтылған қызметкерлердің үлесі 100 %-ды құрады.

Компания қызметкерлерінің құрылымы соңғы жылдар бойында тұрақты болып қалып отыр. Компания қызметінің өндірістік ерекшелігіне орай өндірістің негізгі учаскелерінде ер адамдар жұмыс істейді, олардың жалпы саны 2018 жылы 73 %-ды құрады. Компания қызметкерлерінің негізгі үлесін 30-50 жас аралығындағы қызметкерлер (50 %) құрайды. 2018 жылы қызметкерлердің орта жасы 43-ті құрады. Орташа жұмыс өтілі – 11 жыл. 2018 жылы кадрлар тұрақтамаушылығы коэффициенті 8 %-ды құрады. Жергілікті халықтың санынан жұмысқа қабылданған жоғары дәрежелі басшылардың саны 98 %-ды құрайды.

Жұмысқа қабылдау рәсімі ҚР Еңбек кодексінің және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметкерлердің санын немесе штатты қысқартумен байланысты қызметкерлермен еңбек шарттарын бұзған кезде хабарлама берудің мейілінше қысқа мерзімі Компанияның Ұжымдық шартымен көзделген және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес бір айды құрайды.

Компания өз қызметкерлерін гендерлік белгі бойынша кемсітпейді және оқу мен дамыту бағдарламаларына, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарында мансаптық жоғарылау және жұмысқа орналас­тыруға рұқсат алу кезінде бірдей тәсілді қолданады.

2018 жылы Компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында тең мүмкіндіктерді берудің тәжірибелері мен рісімдерін жетілдіру және гендерлік теңдік мәселелерінде үздік халықаралық тәжірибені алу мақсатында Еуропа Қайта Құру және Дамыту Банкімен бірлесіп энергетика және электр энергетикасы саласында тең мүмкіндіктерді ұсыну бойынша озық халықаралық тәжірибелерді ендіру жөніндегі жобаны іске асыруға кірісті.

Аталған жоба аясында 2018 жылы ЕҚДБ консультанты ұлттық заңнамаға, тең мүмкіндіктер саласында жергілікті бастамаларға, Компанияның статистикалық деректеріне, сондай-ақ еркектер мен әйелдер бөлігінде энергетикалық мамандықтар бойынша жоғары және кәсіби-техникалық оқу орындарының мамандарын жыл сайын қабылдау/шығаруға, тең мүмкіндіктер және басқалар саласында үздік халықаралық тәжірибелерге талдау жүргізді. Аталған шаралардың қорытындылары бойынша ұсыныс­тар әзірленді және Тең мүмкіндіктер тәжірибесін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. 2019 жылы Компания «БҰҰ-әйелдер» серіктестік және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты аясында әзірленген «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын» қолдау туралы өтінішке қол қойды.

2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жұмыс істейтін әйелдердің саны 4 699 адам құрады.

2018 ж. жынысы бойынша бөлгендегі жұмыс күшінің жалпы саны

2018 ж. жұмыспен қамту түрі бойынша жұмыс күшінің жалпы саны

2018 ж. жұмысқа қабылдау туралы шарттың түрі бойынша бөлгендегі қызметкерлердің жалпы саны

2018 ж. Өңірлер бойынша бөлгендегі жұмыс күшінің жалпы саны

2018 ж. жынысы бойынша бөлгендегі кадрлардың тұрақсыздығы

2018 ж. жынысы бойынша бөлгендегі жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер

2018 ж. Өңірлер бойынша бөлгендегі жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер

2018 ж. жасы бойынша бөлгендегі кадрлардың тұрақсыздығы

2018 ж. Өңірлер бойынша бөлгендегі кадрлардың тұрақсыздығы

2018 ж. жасы бойынша бөлгендегі жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер

Жынысына, жасына қарай және аз ұлт өкілдері көрсетілген ұйым қызметкерлерінің құрамы

Көрсеткіш

Қызметкерлер

Үлесі

1.

Жынысы

17 719

 

1.1.

Ерлер

13 020

73 %

1.2.

Әйелдер

4 699

27 %

2.

топтары Азшылық (нәсілдік/этникалық, діни, мүмкіндіктері шектеулі)

17 719

 

2.1.

Қазақтар

10 485

59 %

2.2.

Орыстар

5 003

28 %

2.3.

Украиндар

705

4 %

2.4.

Ұйғырлар

344

2 %

2.5.

Татарлар

344

2 %

2.6.

Немістер

253

1 %

2.7.

Белорустар

129

1 %

2.8.

Корейлер

60

0,3 %

2.9.

Басқалар

396

2 %

3.

Жасына қарай топтар

17 719

 

3.1.

30 жасқа дейін

3 233

18 %

3.2.

30-дан 50 жасқа дейінгілер

9 113

51 %

3.3.

50 жастан асқандар

5 373

30 %

Даму және мансаптық өсу

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы өз қызметкерлерін үнемі дамыту мен оқытуға тырысады. Персоналды оқыту және дамыту жабдықтың және жалпы Компания­ның экономикалық, авариясыз және тиімді жұмысын қамтамасыз етудегі табыстың негізгі факторы болып табылады.

Компанияның кәсіби оқыту саласындағы негізгі бағыттары мыналар:

  1. басқару тапсырмаларын ойдағыдай шешу, көшбасшылық құзыреттерді дамыту және өзгерістерді басқару үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған оқу;
  2. Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, экология мәселелері бойынша өткізілетін оқу.

Сонымен, 2018 жылы көшбасшылық бағдарламасын іске асыру аясында СЕО және СЕО-1 деңгейдегі қызметкерлер үшін «Өзгерістерді басқару – жоба демеушісі» тақырыбында, СЕО-2 деңгейдегі қызметкерлер үшін өзгерістерді басқару және коучинг дағдыларын дамыту бойынша оқу ұйымдастырылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үдерістері жүйеге түскен. Қызметкерлер дербес тиімділікті басқару, тиімді коммуникациялар дағдылары, табысты таныстырылымдар, тиімді келіссөздер жүргізу, аналитикалық ойлау, тайм-менеджмент, есептерді тиімді дайындау және басқа мәселелер бойынша түрлі тренингтерден өтеді. Бағдарламаларды іске асыру сертификат немесе біліктілік куәлігін бере отырып, өндірістен қол үзіп те, қол үзбей оқу арқылы қарастырылады. Сонымен қатар басшылар мен мамандардың кәсіби өсуіне, жоғары тұрған лауазымдарға резервке дайындауға бағытталған бағдарламалар да көзделген.

2018 жылы қызметкерлерді оқыту мен дамыту бағдарламалары бойынша 642 іс-шара өткізілді. 2018 жылы оқытудың жалпы құны 358 127 мың теңгені құрады.

Қызметкерлер санаты және жынысы бойынша бөлгенде жылына бір қызметкерді оқыту сағатының орташа саны

Қызметкерлер санаты

2018 жылдың
аяғындағы жалпы саны

2018 жылы даярлауға арналған сағаттар саны

Жылына бір қызметкерді даярлауға жұмсалған сағаттардың орташа саны

еркек

әйел

еркек

әйел

Жоғары басшылық (топ-менеджмент)

53

9

1 631

277

31

ӘБП

815

544

23 270

15 513

29

Өндірістік персонал

12 835

3 209

567 353

141 838

44

Қызмет көрсетуші персонал

48

206

1 013

4 321

21

Қызметкерлер санаты

2017 жылдың
аяғындағы жалпы саны

2017 жылы даярлауға арналған сағаттар саны

Жылына бір қызметкерді даярлауға жұмсалған сағаттардың орташа саны

еркек

әйел

еркек

әйел

Жоғары басшылық (топ-менеджмент)

54

9

1 833

306

34

ӘБП

814

542

19 675

13 116

24

Өндірістік персонал

12 663

3 166

535 284

133 821

42

Қызмет көрсетуші персонал

50

215

883

3 763

18

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Компания тобында еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына және Компанияның Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы саясатына сәйкес бүкіл еншілес және тәуелді компанияларда еңбекті қорғау бойынша жұмыс жоспарлары әзірленіп және бекітілді, ұйымдастырушылық және алдын алу шараларының кешені өткізілді.

Бүкіл компания тобы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды. Оның құрамына басымдық негізде еңбек бойынша техникалық инспекторларды қоса алғанда, жұмыс берушінің өкілдері, қызметкерлердің өкілдері кіреді.

«Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментінің OHSAS-18001 жүйесі» халықаралық стандарты енгізілді.

Компанияның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарына аттестация жүргізілді. Жұмыс орындарына жүргізілген аттес­тацияға сәйкес зиян және қауіпті еңбек шарттары бар жұмыс орындары белгіленді. Бұған қоса, қызметкерлер тиісті жеңілдіктермен, соның ішінде жеке қорғаныш және арнайы киіммен қамтамасыз етілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық компанияларында зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Компанияда қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық стандарттардың, ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары талаптарының орындалуын қадағалау үшін жоспарлы және жоспардан тыс (кенеттен) тексерулер өткізу тәжірибесі енгізілген. Есепті кезеңде 10 жоспарлы тексеріс, 9 жоспардан тыс (кенеттен) тексерулер жүргізілді.

Компанияда қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өткізілді. Компаниялар тобындағы ұйымдардың бірінші басшыларының қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласы бойынша атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, кеңес қорытындысы бойынша еншілес компаниялардың өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау шаралары бойынша даму стратегиясына қатысты директивалық құжаттар қабылданды.

Еңбек қауіпсіздігін жақсарту, алдын алу мақсатында есепті кезеңде компаниялар тобындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін басшылардың қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылып, жазатайым оқиғалардың орын алуына әкеп соқтыратын жайттар талқыланып, өндірісте жарақат алу деңгейін азайту шаралары әзірленді.

«ҚМГ» ҰК АҚ-пен еңбек қорғау саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату меморандумы жасалды. Ынтымақтастық меморандумын орындау барысында Компания басшылары мен мамандары «ПетроКазахстан Ойл Продактс» (Шымкент) ЖШС-ын аралап қайтты. Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарының еңбек жөніндегі уәкілетті органдарымен қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы жазбаша келісімдер жасалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ пен оның еншілес және бағыныс­ты ұйымдарында ең ауыр зардаптарға әкелетін (қаза болу, апатқа ұшырау) жайттарды болдырмау үшін орын алған оқиғаларға қатысты есептердің ашықтығын арттыру мақсатында Қоғамның Директорлар кеңесі «2019 жылы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында орын алған оқиғалардың болуына кінәлі тұлғаларды тәртіптік жазалауға тарту мораторийін» бекітіп, қолданысқа енгізді.

Мораторий енгізу мақсаты: «Самұрық-Энерго» АҚ пен оның еншілес және бағынысты ұйымдарында ең ауыр зардаптарға әкелетін (қаза болу, апатқа ұшырау) жайттарды болдырмау мақсатында орын алған оқиғаларға қатысты есептердің ашықтығын арттыру. Мораторий қамтылатын аумақ – жазатайым оқиғаларға, топтық жазатайым оқиғаларға, жеңіл және ауыр дәрежедегі жазатайым оқиғаларға жақын жайттар.

Бизнесті трансформациялаудың SKE.06 «Самұрық-Энерго» АҚ кешенді қауіпсіздігін басқару жөніндегі жаңа моделін енгізу» жобасын жүзеге асыру барысында төмендегідей корпоративтік стандарттар бекітілді:

  1. Басшылық тарапынан еңбекті қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің бағалануы;
  2. Қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлықтық аудитін жүргізу;
  3. ҚЕ,ЕҚ, ЕжәнеҚ, ҚО тәуекелдерін бағалау;
  4. Қауіпсіздіктің алтын ережелері;
  5. Оқиғаларды есепке алу және тексеру;
  6. Персоналды қауіпсіздікті сақтауға ынталандыру.

Жүргізілетін жұмыстар аясында еңбек қорғау және қауіпсіздік саласының тәуекелдері белгіленіп, олардың ықпал ету дәрежелері мен басқару шаралары талқыланды.

Бұған қоса, Компанияның мердігерлеріне вертикальды бақылау жасау моделі (бас тапсырыс беруші – тапсырыс беруші – мердігер – қосалқы мердігер) белгіленді.

Сондай-ақ, барлық компаниялар тобының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қатысты үлгілік шарт нысандарында мердігерлерге/жеткізушілерге/орындаушыларға өз қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайы мен тұрмыс жайын қамтамасыз етуге қатысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы заңнамаларын қатаң сақтау жауапкершілігіне қатысты талаптар көзделген.

Мердігерлік, қосалқы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне қойылатын талаптар қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі салалық қағидаттарында, мердігерлік/қосалқы мердігерлік ұйымдармен жасалатын шарттарда, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының ішкі нормативтік құжаттарында баяндалды. Компания оқуытудан өтуді және кәсібі бойынша жұмысқа рұқсатын растайтын құжаттардың болуын, білікті куәліктердің болуын тексереді. Жұмысты бастауға рұқсат берген кезде, сондай-ақ шартқа сәйкес жұмысты орындау кезінде жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді. Демек, мердігерлік/қосалқы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне оқытуды 100 % қамтамасыз етті. Сондай-ақ ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның қауіпті өндірістік объектінің аумағында жұмыс жүргізетін мердігерлік ұйымдардың келушілеріне және қызметкерлеріне кіріспе нұсқама жүргізіледі.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу, хабарлау тәртібі және есепке алу ҚР Еңбек кодексінің «Еңбек қыз­метімен байланысты жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу» 20-тарауына және ҚР-ның өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылды.

Соған қарамастан, алдын алу шаралары ауқымды деңгейде жүргізілгенімен, 2018 жылы еңбек қызметімен байланысты 10 жазатайым оқиға тіркелді, оның ішінде 2-еуі қызметкер қазасына әкеліп соқтырса, 5 – ауыр зардап ретінде, 3 – жеңіл сипатта деп тіркелді.

Жарақаттардың атауы

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Химиялық күйік, термиялық күйік

1

Соғып алу

1

1

Жарақаттық ампутация

Электр жарақаттары (термиялық күйіктер)

4

2

Сынықтар

5

4

5

Бірнеше жарақат (сынықтар, соғып алу, ішкі органдардың жыртылуы)

4

1

1

Көз жарақаты

1

Бас-ми жарақаты, ми шайқалуы

2

Барлығы

15

7

10

Есепті кезеңде өндірістік жарақат мөлшерінің көбеюі өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеудің ашық жүргізілу жүйесін енгізумен түсіндіріледі.

Өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қабылданатын шаралар

Өндірістік жарақаттануды азайту үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бүкіл компаниялар тобы бойынша мынадай шаралар қолданылады:

  1. Жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептері барлық қызметкерлерге хабарланады.
  2. Барлық өндірістік персоналға жоспардан тыс нұсқама жүргізіледі.
  3. Жазатайым оқиға орын алған бөлімшелердің барлық қызметкерлерінің ТПЕ, ҚТЕ және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау туралы нұсқаулықтар бойынша білімдеріне кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
  4. Ай сайын кәсіпорынның бірінші басшысының қатысуымен Қауіпсіздік техникасы күні өткізіледі. Өткізілген Қауіпсіздік техникасы күнінің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар әзірленеді.
  5. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметтері қондырғыларға, ғимараттар мен құрылғыларға, жұмыс орындарына кешенді түрде тексерістер жүргізеді. Кешенді тексеріс қорытындылары бойынша орындау мерзімдері мен жауапты тұлғалар көрсетіліп, іс-шаралар жоспары әзірленеді.
  6. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқамалар беру және білімдерін тексеру ережелеріне сәйкес, барлық өндірістік қызметкерлерге оқыту жүргізіледі.
  7. Жөндеу науқаны алдында Компанияның барлық кәсіпорындарда құрылымдық бөлімшелердің наряд беруге, жұмыс басында басшы және өндіруші болуға құқығы бар инженерлік-техникалық қызметкерлеріне жасақты өндірістік жұмыстарға жіберу мен нарядты ресімдеуді дұрыс атқару бойынша практикалық сабақтары бар семинар-кеңестер өткізіледі.
  8. Кәсіпорындарда ең кемі бес жылда бір рет жұмыс орындарында еңбек жағдайлары бойынша аттестация жүргізіледі.
  9. Пайдаланылу ресурсын тауысқан және өндірістік персонал үшін айтарлықтай қауіп тудыратын жабдықтар жоспарлы түрде ауыстырылады.
  10. Қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиттерін жүргізу тәжірибесі ендіріледі.
  11. Қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша персоналға қосымша тренингтерді/оқытуды өткізуді ескере отырып, жұмыс орындарда тәуекелдер картарларын/тізілімдерін өзектендіру жүргізіледі.

Қызметкерді бағалау

Қолданыстағы Компания қызметкерлерінің қызметін бағалау қағидаларына сәйкес, мыналар жүргізіледі:

  • мақсат пен біліктілік бойынша кешенді (қорытынды) баға, ол мыналарды қамтиды: өзін-өзі бағалау, шолу мақсатындағы кездесулер, дағдыларға, әлеуетке шолу жасау, қызметкерлерді бағалау және олардың жұмыс тиімділігін арттыруы мен дамуына мүмкіндік беру мақсатында бағыт көрсету.
  • есепті кезеңде мақсаттардың орындалу деңгейіне мониторинг жүргізу мақсатында қызметкерлердің жұмысына тоқсан сайын өткізілетін аралық шолу.

Компанияның әкімшілік қызметкерлерінің 2018 жылғы жұмысының қорытындыларына орай өткізілген қорытынды бағалау (калибрлі сессия) нәтижелері бойынша Таланттар картасы құрылды, сонымен қатар қызметкерлердің білімін, дағдыларын, біліктіліктерін дамыту, Компанияның Кадр резервіне қою, сондай-ақ лауазымдық жалақысының деңгейін қайта қарау бойынша ұсынымдар әзірленді.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының 10.09.2018 ж. (№ 17 хаттама) шешіміне сәйкес, «Мақсатты ұйымдық құрылымға көшу» жобасы аясында «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС әкімшілік басқару құрамынан 436 қызметкер лауазымдарға қойылатын талаптарға сәйкестік бойынша бағалаудан өтті.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компанияларында қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін анықтау, олардың кәсіби дайындығының деңгейін бағалау, құрылымдық бөлімшелерді жоғары білікті мамандармен жасақтау, қызметкерлердің моральдық және материалдық қызығушылықтарын арттыру үшін мерзімді негізде аттестациялық іс-шаралар іске асырылады. Сонымен, 2018 жылы «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да қызметкерлерге кезекті аттестация және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да кезектен тыс аттестация өткізілді.

Біздің жастар

«Самұрық-Энерго» АҚ кадр саясатының маңызды бағыты – жас мамандармен жұмыс істеу. Компанияда жас кадрлармен жұмыс істеу және оған жас мамандарды тарту бойынша кәсіби және жеке басты дамыту, көшбасшылық, кәсіби және басқару құзыреттерін дамыту үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жастар саясатына бекітілген кешенді ұстаным жолға қойылған.

Компанияда Жас мамандар кеңесі жұмыс істейді, оның мақсаты – Компанияда бірыңғай жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру, жас мамандардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, өзінің жеке әлеуетін іске асыру және Компанияның көшбасшылық жағдайын қамтамасыз ету үшін оларды біріктіру.

Жыл өткен сайын бұл жастар қозғалысы өзінің ұстанымдарын нығайтып келеді. Жас белсенділер өндірістік және қоғамдық өмірге араласады. Олардың арасында шығармашылыққа бейім дарынды жастар көп, жастардың араласуымен мейрамдар, корпоративтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен Энергетик күні мерекеленеді, жастар демалыстары, КВН, байқаулар, «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік конкурсы, «Жұлдызыңды жақ» шығармашылық конкурстары ұйымдастырылып, өткізіледі.

2018 жылы Астанада тұңғыш рет «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында КВН өтті. Ойын «Біздің күшіміз бірлігімізде!» айдарымен мемлекеттік тілде өтті.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының жастар белсенділері 3 813 адамды құрады.

2018 жылы Компания «Жас Өркен» бағдарламасын іске асыру аясында және жас мамандардың тағлымдама өтуі үшін жағдай туғызу мақсатында тағлымдамаға 7 жас маманды қабылдады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен Алматы энергетика және байланыс университеті физика-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға 60-тан астам адам, оның ішінде еліміздің тоғыз техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысты. Студенттер «Электрэнергетикасы» және «Жылу энергетикасы» пәндері бойынша жарысты. Бітіруші сыныптардың оқушылары физика мен математика бойынша білімдерін көрсетті.

Қазіргі кезде Компания студенттер өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтуі үшін отандық жетекші ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс істейді. Есепті кезеңде Компанияда 372 студент оқу-өндірістік тәжірибеден өтті.

Сонымен қатар Алматы энергетика және байланыс университеті мен «Алматы электр станциялары» АҚ арасында дуальды оқыту элементтерін пайдалана отырып, өндірістік тәжірибеден өту туралы шартқа қол қойылды. Дуальды оқыту жүйесі бүгінгі күні Қазақстандағы жұмысшы және техникалық мамандарды даярлаудың ең тиімді нысандарының бірі болып қалып отыр. Дуальды білім беру қағидаттары көптеген жоғары оқу орындары мен колледждерде қазірдің өзінде ендірілуде.

Әлеуметтік серіктестік аясында «Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз қ. әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, сондай-ақ Екібастұз қ. жұмыспен қамту орталығымен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жас мамандарды жұмысқа қабылдау туралы шарт жасасты.

«Богатырь Көмір» компаниясының Әлеуметтік даму басқармасы бірлескен жастар қозғалысының белсенділерімен бірге «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы тобының «АЖК» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС секілді еншілес кәсіпорындарының жас мамандарына – республиканың түкпір-түкпірінен жиналған жастарға арнап Павлодар облысының ең көрікті жері – Баянауыл ұлттық паркінде тимбилдинг өткізді.

Жастар қозғалысын дамыту мақсатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да зияткер қызметкерлерді қолдау мақсатында «TOPBrain» ойыны өткізілді. Іс-шараға «Серіктес» жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелері болып табылатын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері және «Жарқын Болашақ» жастар бірлестіктерінің қонақтары – «Алматы электр станциялары» АҚ белсенділері қатысты.

Жамбыл облысында Еңбек етіп жүрген жастардың рес­публикалық форумы өтті, оған медицина, мұнай-газ, көлік және энергетика салаларының жас мамандары қатысты. Республикада мұндай тұрпаттағы іс-шара тұңғыш рет өткізіліп, оны ҚР Кәсіподақтар Федерациясы ұйымдастырды.

Форум жұмысына «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы компаниялар тобы: «Шардара СЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Богатырь-Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ-ның жас кәсіби мамандары да қатысты. Холдингтің еңбек етіп жүрген энергетик және тау-кенші жастарын «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ форумы біріктірді.

Жас кәсіби мамандардың слетінде жастардың экономика мен саясаттың барлық салаларына қатысуынан бастап еліміздегі кәсіподақ қозғалысының теориясы мен практикасына дейін бүгінгі күні өзекті болып отырған бірқатар тақырыптар мен мәселелер кеңінен қаралып, талқыланды. Форумға қатысушылармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының өкілдері, салалық сарапшылар, белгілі ғалым-заңгерлер өз пайымдауларымен және тәжірибелерімен бөлісті.

Компанияның жас қызметкерлері футболдан, волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, жүзуден, шахматтан, дойбыдан, бильярдтан және т.б. өтетін спорттық жарыстарға белсене қатысады.

Ынталандыру және сыйақы

Қызметкерлерді ынталандыру – Компанияның Кадрлық саясатының негізгі қағидаттарының бірі. Қызметкерлерді ынталандырудың тиімді жүйесін құру жоғары кәсіби мамандарды ұстап тұруға ықпал етеді және оның барынша өнімді қызметіне ынталандырады.

Компанияның еңбекке ақы төлеу жүйесі мынадай негізгі қағидаттарға құрылады:

  1. жеке адамның еңбегінің, құрылымдық бөлімше жұмысының тиімділігін арттыру және Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу арқылы қызметкерлерді ынталандыру;
  2. өңірлік ерекшеліктер мен бизнестің ерекшеліктерін есепке алғанда, әлеуметтік топтаманың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы;
  3. ашықтық – құпиялылықты сақтаған жағдайда барлық қызметкерлердің сыйақы беру құрылымы мен деңгейін қалыптастыру қағидаттарын түсінуін қамтамасыз ету;
  4. еңбекке ақы төлеудің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі.

Қоғам қызметкерлеріне лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі – әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер. Тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында қызметкерлерге материалдық көмек және ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берген кезде материалдық көмек көрсетіледі.

Бұған қоса, 2018 жылы қызметкерлерге әлеуметтік көмек көрсетудің құрамдас бөліктерін мынадай ұстанымдар құрайды: қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында орын алатын жазатайым оқиғалардан сақтандыру, қызметкерлерді жыл сайын медициналық тексеруден өткізу, еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеу, сауықтыруға арналған біржолғы көмек, өндірістік жарақат алған кезде материалдық көмек көрсету.

Компанияда Ұжымдық шартқа сәйкес мыналар қарас­тырылған: мерзімнен тыс жұмысқа ақы төлеу, мереке күндеріндегі және демалыс күндеріндегі жұмысқа, түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу, үстемеақы мен қосымша төленетін ақы, ауыр жұмыстарда, зиянды (айрықша зиянды), қауіпті еңбек жағдайларында істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, қосымша ақылы жыл сайынғы демалыс, мерейлі жасқа (50,60, 70 жас) жетуіне байланыс­ты біржолғы марапаттау.

Білім беру ұйымдарында оқу мен жұмысты қатар атқарып жүрген қызметкерлерге емтихан және нұсқамалық сессиялар кезінде диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен қорғау, бітіруші емтихандарды тапсыру кезеңіне қосымша демалыстар беріледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша қыз­меткерлердің орташа жалақысы 2018 жылы осыған ұқсас көрсеткішке қатысты 18 %-ға – 198 051 теңгеден 234 140 теңгеге өсті. Өндірістік қызметкерлердің орташа жалақысы 18 %-ды – 183 641 теңгеден 215 945 теңгені құрады, әкімшілік қызметкерлер 19 %-ды 372 137 теңгеден 443 570 теңгені құрады.

Ұйым қызметінің маңызды өңірлерінде жалақының бастапқы деңгейі мен белгіленген ең төмен жалақы арасалмағының диапазоны

Көрсеткіш

Мәні (2018)

Өлшем бірлігі

1.

Ең төмен жалақы

28,3

мың теңге

2.

Бірқатар қызмет ету өңірлеріндегі ұйымдарда бастапқы деңгейде жалақы алатын
қызметкердің жалақысы

140,7

мың теңге

2.1.

Ерлер

144,9

 

2.2.

Әйелдер

136,3

 

3.

Арасалмағы

497 %


3.1.

Ерлер

103 %

 

3.2.

Әйелдер

97 %

 

Көрсеткіш

Мәні (2017)

Өлшем бірлігі

1.

Ең төмен жалақы

24,5

мың теңге

2.

Бірқатар қызмет ету өңірлеріндегі ұйымдарда бастапқы деңгейде жалақы алатын
қызметкердің жалақысы

124,6

мың теңге

2.1.

Ерлер

126,3

 

2.2.

Әйелдер

132,8

 

3.

Арасалмағы

508 %


3.1.

Ерлер

515 %

 

3.2.

Әйелдер

542 %

 

Компанияда қызмет тиімділігін басқарудың кешенді жүйе­сі жұмыс істейді, ол қызметкерлердің нәтижелілігін де, сондай-ақ олардың әлеуетін дамыту деңгейін де ескереді. Жалақының өзгеруі тікелей берілген баға нәтижелеріне байланысты.

Мансабының нәтижелілігі мен дамуына мерзімдік бағалау жүргізілетін қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіш

Мәні

1.

2018 жылдың аяғындағы қызметкерлердің жалпы саны (тізімдік)

17 719

2.

Нәтижелілікті ресми бағалаудан өткен қызметкерлер саны, оның ішінде:

1 288

2.1.

Ерлер

592

2.2.

Әйелдер

696

3.

Нәтижелілікті ресми бағалаудан өткен қызметкерлер саны, оның ішінде:

7 %

3.1.

Ерлер

3 %

3.2.

Әйелдер

4 %

2018 жылғы Мемлекеттік марапаттаулар

Аты-жөні

Марапаттау түрі

Компании атауы

1

Қанат Армиянұлы Айменов –

Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисінің бастығы

«Ерен еңбегі үшін» медалі

«Самұрық-Энерго» АҚ

2

 Серікбаев Сатыбалды Әбдіғапарұлы – Басқарма төрағасының кеңесшісі

«Құрмет» ордені

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

3

Шәрікбаев Құрманәлі Мамырханұлы – Богатырь тиеу-көліктік басқармасының күштік агрегат машинисі

«Құрмет» ордені

«Богатырь Көмір» ЖШС

Әлеуметтік жауапкершілік

Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жобалары қауіпсіз және қолайлы жағдайда еңбек ету, кәсіби даму, тұрғын үй мәселелерін шешу және қызметкерлер мен олардың отбасыларының тіршілік ету сапасын жақсарту, ардагерлер мен зейнеркерлерге материалдық қолдау көрсету, әлеуметтік қоғамдастықтарға қолдау көрсету талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған. Әлеуметтік серіктестік, өндірістегі қауіпсіздік қағидаттарын дамыту, қызметкерлердің еңбек құқықтарының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Сенім сертификаттарын алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында проблемалар мен қауіпті аймақтарды анықтауды және оларға уақытылы жауап қайтаруды, оның ішінде қызметкерлердің әлеуметтік топтамасын жетілдіру, мәдени және кәсіби шаралар өткізу, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және ішкі коммуникацияларды басқару және т.б. арқылы жауап қайтаруды қамтамасыз ететін әлеуметтік тұрақтылық рейтингіне және қызметкерді тарту көрсеткішіне үнемі мониторинг жүргізу жүйесі ендірілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Келісу комиссиялары құрылып, жұмыс істеуде, олар жұмыс берушінің өкілдері мен кәсіподақ қызметкерлерінің өкілдерінен құрылған, негізгі функциясы еңбек ұжымы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен өтініштерді қарастыру болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бәсекеге қабілетті әлеуметтік топтаманы беруге ұмтылады, оның болуы білікті қызметкерлерді тартуға мүкіндік береді. Өтемақылар мен жеңілдіктер қызметкерлер мен олардың отбасылардың әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға арналған. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлерімен жасалған ұжымдық шартқа сәйкес ұсынылатын әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің құрамына мыналар кіреді:

  1. еңбек демалысына қосымша сауықтыруға, баланың тууына байланысты материалдық көмек;
  2. (қызметкерді және оның жақын туыстарын) жерлеуге, зейнеткерлерді емдеуге, төтенше жағдайларға және т.б. байланысты материалдық көмек;
  3. табысты жоғалтуына байланысты материалдық көмек (жүктілікке және босануға байланысты демалыс немесе нәрестені (ұл/қыз) асырап алуға байланыс­ты демалыс);
  4. ерікті медициналық сақтандыру;
  5. қызметкерлер мен балалардың шипажай-курорт жағдайында емделуі;
  6. қызметкерлердің мерейтойларына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу;
  7. мерекелік, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығыстар;
  8. қарыздарды төлеу;
  9. асыраушысының жарымжан боп қалғаны немесе жоғалтқаны үшін жәрдемақы;
  10. балаларға жаңа жылдық сыйлықтар және т.б.

«Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз қаласының әкімдігімен бірлесіп Әлеуметтік серіктестік туралы келісім аясындағы іс-шараларға жыл сайын қаржылай көмек көрсетеді, қамқорлыққа алған № 6 мектеп-лицей, «Екібастұз» балалар қоры, «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі, және т.б. секілді қалалық коммерциялық емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріне қайырымдылық қолдау көрсетілді. Діни конфессиялар мен «Екібастұз» футбол клубы да Компанияның қаржылық көмегінсіз қалған жоқ.

Дәстүрлі – Еңбекті қорғау күні, Еңбек күні, Халықаралық әйелдер күні, Жеңіс күні және басқа көптеген мерекелермен қатар кәсіпорында жаңа іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың басым көпшілігіне «Самұрық-Энерго» энергетикалық холдингі портфельдік компаниялары жастар қозғалысының белсенділері қолдау көрсетті.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде бұқаралық спортты дәріптеу және дамыту үшін бес минуттық дене шынықтыру, әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қолдау көрсету мақсатындағы жалпықалалық марафон ұйымдастырылып, оған бір мыңнан аса адам қосылды, киберспорт бойынша жарыс өткізілді.

Назарбаев Университеті спорттық кешенінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының кубогына V Спартакиада өтті.

Спартакиада мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, армреслинг және шахмат секілді спорт түрлерінен өтті. Жарысқа «Самұрық-Энерго» АҚ КО, «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және «ЖЭК сервис» АҚ-ны қоса алғанда 9 команда қатысты.

Қазақстанның мәдени мұрасын сақтаумен байланысты іс-шаралар – белгілі ақын, әнші, сазгер Естай Беркімбаевтың туғанына 150 жыл және қоғам, мемлекет қайраткері және дәстүрлі қазақ мәдениетінің зерттеушісі Мұса Шормановтың туғанына 200 жыл толғанын мерекелеу діздің компаниямыздың жәрдемдесуімен іске асты.

«Алматы электр станциялары» АҚ жыл сайын қызметкерлердің балалары арасында сурет конкурсын өткізеді, ол осымен алтыншы рет өтті. Түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған 78 жұмыс көпшіліктің назарына ұсынылды.

Корпоративтік мәдениетті дамыту аясында энергетикалық холдингтің мына еншілес компанияларының – «Алатау Жарық Компаниясы», «Алматы электр станциялары», «АлматыЭнергоСбыт» және «Самұрық-Энерго» корпоративтік орталығы қызметкерлері Алматыда өткен марафонға қатысты.

«Самұрық-Энерго» құрамасы Новосібір қаласында мини-футболдан өткен Сібір Энергетикасы Кубогы – 2018 халықаралық турниріне қатысты.

Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күнінің қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ – «V қайта өңдеуге» экоасар акциясына қолдау көрсетті, акция аясында әрі қарай қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін қатты тұрмыстық қалдықтар мен электр тұрмыстық техникалар қабылданды.

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығының қыз­меткерлері салмағы 120 кг астам макулатура, пластик пен полиэтиленнен, тоқымадан жасалған бұйымдарды жинады.

«Самұрық-Энерго» АҚ қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға бағытталған экологиялық акцияларға қолдау көрсетеді. Қоқысты бөлек жинау – көптеген дамыған елдерде қолданылатын тәжірибе, мұндай тәжірибенің Қазақстанға да келуі – қуанышты жағдай. Әрине, бұл жерде жөн сілтеуші біздің елордамыз Нұр-Сұлтан болуы – заңдылық. Компаниямыздың «Орнықты даму» саласындағы саясаты сонымен қатар қоршаған орта мен қоғамға тигізетін жағымсыз әсерді азайтуға бағытталған.

Компания тобының кәсіпорындарында дұрыс және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау мақсатында қызметкерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, сүтпен, сабын-жууға арналған заттармен қамтамасыз ету тәртібі белгіленген, асханалар жұмыс істейді, ауысым кестесі бойынша жұмыс істейтін өндірістік цехтарда тамақ ішуге және демалуға арналған бөлмелер жабдықталған.

Компания тобының қызметкерлері үшін еңбек демалысына шыққан кезде шипажай-сауықтыру дәне стационарлық емге жұмсалған шығындарды ішінара және толық өтеу, сондай-ақ қызметкерлердің балалары үшін балалардың сауықтыру лагеріне жолдама құнын төлеу қарастырылған.

Осылайша, биыл қызметкерлердің балалары үшін энергетиктер кәсіподағының «Эдельвейс» балалар сауықтыру орталығына жолдамалар бөлінді.

Теңдік, қауіпсіздік және адамның қадір-қасиетін құрметтей отырып, лайықты әрі өнімді еңбек етуге арналған мүмкіндіктер бағытын іске асыруға қатысты кешенді ұстаным мен тиімді кадр саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, еңбек тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан өсуіне, корпоративтік мәдениетті көтеруге, адамның еңбек ету құқықтарының сақталуы мен оны қорғауға ықпал ететін болады.

Компания өзіне мынадай міндеттемелер алады:

  • әлеуметтік серіктестік пен ұжымдық-шарттық реттеу қағидаттарын нығайту және дамыту;
  • білікті қызметкерлерді ұстап қалу, тарту және Қоғам қызметкерлері үшін ынталандыру шараларын жасау мақсатында әлеуметтік төлемдер төлеу.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарында қызметкерлердің әлеуметтік көңіл-күйінің орталықтандырылған мониторинг жүйесін құру мақсатында әлеуметтік тұрақтылық индексі мен қызметкерді тарту индексін анықау бойынша зерттеулер жүргізілді.

Аталған зерттеулер нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2018 жылы әлеуметтік тұрақтылық индексі 64 %-ды құрады ол орташа ретінде сипатталады.

Қоғамның компаниялар тобының әкімшілік-басқару қызметкерлерін тарту деңгейі 53 %-ды құрады.

Қоғамның әлеуметтік саясатында қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің қорғалуын қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Сонымен, 2018 жылы компаниялар тобы бойынша әлеуметтік төлемдер 3 229 763 мың теңге сомасына жүзеге асырылды. 2017 жылдың осыған ұқсас кезеңінде әлеуметтік төлемге жұмсалған шығындар 2 902 523 мың теңгені құрады.

Төлем құрылымында негізгі үлесті шығындар құрайды: еңбек демалысын алған кездегі сауықтыруға арналған біржолғы жәрдемақы – 32 %, қызметкерлердің шипажай-курорт жағдайында емделуі – 6,3 %, қызметкерлердің мерейтойына байланысты біржолғы көтермелеу (50,60 және 70 жас) – 3 %, баланың туылуына байланысты материалдық көмек – 3 %, мерекелік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығыс­тар – 2,3 % және басқа әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасынан жұмсалатын шығыстар.

Есеп беру жылында Компаниялар тобында корпоративтік мәдениетті дамыту аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін, Наурыз мейрамын, Конституция күнін, Энергетик күнін мерекелеуге орай мәдени-ойын-сауық іс-шаралары өткізіліп, онда ерекше көзге түскен қызметкерлерге құрмет көрсетіп, мемлекеттік, ведомстволық және ТМД Электр энергетикалық кеңесінің, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының, «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Самұрық-Қазына» АҚ және т.б. наградалары тапсырылды.

Ұжымдық шартқа отырған қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіш

Мәні (2018)

Өлшем бірлігі

1.

2018 жылдың аяғындағы қызметкерлердің жалпы саны (тізім бойынша саны)

17 719

адам

2.

Оның ішінде 2018 жылы ұжымдық шартқа отырған қызметкерлер саны

17 151

адам

3.

Ұжымдық шартқа отырған қызметкерлердің жалпы санының үлесі:

97 %

%

Жұмыспен толық қамтылған, толық қамтылмаған немесе уақытша жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін төлемдер мен жеңілдіктер

Көрсеткіш

толық Жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін

Жұмыспен уақытша немесе толық қамтылмаған қызметкерлер үшін

1.

Қызметкерлерге берілетін төлемдер мен жеңілдіктер

 

 

1.1.

Өмірді сақтандыру

Беріледі

Берілмейді

1.2.

Денсаулық сақтау (медициналық сақтандыру)

Беріледі

Берілмейді

1.3.

Еңбекке жарамсыздық/мүгедектік бойынша өтемақылар

Беріледі

Берілмейді

1.4.

Ана/әке болуына байланысты демалыс алу

Беріледі

Берілмейді

1.5.

Зейнетақы беру (зейнетке шыққан кездегі біржолғы төлем)

Беріледі

Берілмейді

1.6.

Компанияның акцияларын жеке меншікке беру

Берілмейді

Берілмейді

1.7.

Өзге (шипажай-курорт жағдайында емделу, баланың туылуына байланысты материалдық көмек, отбасы мүшелерін емдеуге байланысты материалдық көмек, сауықтыруға байланысты материалдық көмек)

Беріледі

Берілмейді

Адам құқығы

Қызметкерлер тұрақты қызмет ететін Келісу комиссиялары, Әлеуметтік-еңбек қақтығыстарды реттеу жөніндегі комиссиялар арқылы қолданыстағы заңнама аясында ұжымдық келіссөздерді жүргізуге құқылы.

Компанияда қызметкерлерді таңдау рәсімі «Самұрық-Энерго» АҚ-та Бос лауазымдарға кадрларды конкурстық таңдау және жаңа қызметкерлердің бейімделу ережелеріне сәйкес тестілеуді қолданыла отырып, ашықтық және лайықтылық қағидатттары сақтала отырып жүзеге асырылады. Қолданыстағы қызметкерлерді іздеу және іріктеу барысында, сондай-ақ ағымдағы қызметкерлерді басқару тәжірибесінде Компания қызметкерлерге деген әділ және тең қарым-қатынас қағидатын ұстанады. Компания қызметкерлердің қызығушылықтары мен құқықтарын қатаң сақтауға, сондай-ақ нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни ұстанымына, тұрғылықты жеріне және өзге де жағдаяттарға қарамастан қызметкерлердің тең құқығын қамтамасыз етуге ұмтылады. Компания кемсітушіліктің кез келген түрін, бала еңбегін пайдалануға және мәжүрлеп еңбек етуді болдырмауға барынша ықпал етіп, кадрларды іріктеу мен олардың қызметін өсіруді тек кәсіби қабылеттері мен біліміне, білік-дағдыларына қарай жүргізуге күш салады.

Қызметкерлердің кәсіби, экономикалық және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін реттеу мен қорғау мақсатында Компанияда 11 904 адам мүшесі болып табылатын 10 кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды.

Компанияның кәсіподақ ұйымы жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарына, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясат, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және де кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғайтын басқа да мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер бойынша ұсыныстар әзірлеуде маңызды орын алады, және кәсіподаққа мүше қызметкерлерді әлеуемттік қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, ұйымның таратылуы нәтижесінде жұмыстан босаған қызметкерлер құқығын қорғауға ат салысады. Кәсіподақ Компания қызметін оңтайландыру бойынша келісілген іс-шараарды жүргізу барысында қобалжушылықты төмендетуге ықпал етеді, Компаниядағы кәсіподақ мүшелері-қызметкерлердің еңбек заңнамасы, белгіленген әлеуметтік кепілдіктер және ұжымдық шарт талаптарының орындалуы бойынша мүдделерін қорғайды.

Шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген, өңделген және реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдар саны

Көрсеткіш

Мағынасы

1.

2018 жыл ішінде шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдардың жалпы саны, олардың ішінде:

84

1.1.

есептік кезең ішінде өңделген

84

1.2.

есептік кезең ішінде реттелген

72

2.

Есептік кезең басталғанға дейін берілген және есептік кезең ішінде реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдардың жалпы саны

12

Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде денсаулық пен қауіпсіздік мәселелерін көрсету

Көрсеткіш

Мағынасы 

1.

Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде (жаһандық немесе жергілікті деңгейде) денсаулық және қауіпсіздік мәселелері қозғалған ба

иә

2.

Егер қозғалған болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдерде қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жергілікті деңгейдегі келісімдер мынадай мәселелерді қозғайды:

 

2.1.

Жеке қорғаныш құралдары

иә

2.2.

Басшылық пен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі бірлескен комитеттер

иә

2.3.

Қызметкерлер өкілдерінің денсаулық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі инспекцияларға, аудиттер мен жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуы

иә

2.4.

Білім және оқыту

иә

2.5.

Шағым беру тетіктері

иә

2.6.

Қауіпті жұмыстардан бас тарту құқығы

иә

2.7.

Аралық инспекциялар

иә

3.

Егер қозғалған болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдерде қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жаһандық деңгейдегі келісімдер мынадай мәселелерді қозғайды:

 

3.1.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына сәйкес келуі

иә

3.2.

Проблемаларды шешу бойынша шаралар немесе құрылымдар

иә

3.3.

Нәтижеліліктің мақсатты стандарттарына немесе іс жүзінде қабылданатын әдістердің деңгейіне қатысты міндеттемелер

иә

«Сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарға, оның ішінде бопсалаушылық пен пара алушылыққа қарсы күрес» аспектісі

2018 жылғы қыркүйекті «Самұрық-Энерго» АҚ-да Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты өзектендірілді. Құжат «Самұрық-Энерго» АҚ-тың қызметкерлерінде, сондай-ақ өзге тұлғаларда «Самұрық-Энерго» АҚ-тың алаяқтық пен сыйбайлас жемқорлық қыз­меттерінің кез келген нысандары мен көріністерінде қабылдамауы туралы біркелкі түсінікті құру, сондай-ақ алаяқтық тәуекелдерін және «Самұрық-Энерго» АҚ-тың сыбайлас жемқорлық қызметіне қатыстырушылығын мейілінше азайту мақсатында әзірленді.

Саясаттың қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі мәтіні «Самұрық-Энерго» АҚ-тың web-сайтында орналастырылған https://www.samruk-energy.kz/images/2016/ku/ust_razv/politika_protiv_korrupcii.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің 100%-ы Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатымен таныстырылды. Саясатты білуге тестілеу нәтижелері негізінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің бұл саласындағы білімі 100% қамтылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мейі­лінше азайту және жою мақсатында Компанияда Комплаенс бағдарламасы қызмет етеді. Бағдарлама сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды іске асыруға бақылау жасайды. Комплаенс бағдарламасы аясында іске асырылған шаралар туралы осы Жылдық есептің 87-парағында сипатталған.

Тұрақты негізде алаяқтық және сыбайлас жемқорлық көріністер фактісі бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ және компаниялар тобының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізілуде.

2018 жылғы қорытындылар бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша сыбайлас жемқорлық, алаяқтық пен пара алушылықтың расталған фактілері белгіленбеген.

Алдын алу мақсатында Компанияда «Самұрық-Энерго» АҚ-ды Сыбайлас жеморлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жобасы ендірілді. 2018 жылғы қорытындылар бойынша барлық шаралар белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалды.

«Қатысу өңірлеріндегі тұрғындардың қауіпсіздігі және денсаулығын сақтау» аспектісі

Жылдар бойы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында, Компания қатысу өңірлерін дамытуға өз үлесін қосады және Компанияның жергілікті инфрақұрылымын дамытуға, өңірде экологиялық жағдайды жақсартуға, әлеуметтік қолдау көрсетуге және басқаға қатысу мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастықтармен үздіксіз өзара іс-қимылды жасайды.

Халықты жұмыстпен қамту мақсатында Компания тобының кәсіпорындары жергілікті жұмыспен қамту органдарына ағымдағы бос орындарын және болжалатын жұмыс орындарын деректер базасына енгізу үшін еңбек шарттары мен жалақы көрсете отырып, бос орындарының болуы туралы мәліметтерді ұсынады. 

«Самұрық-Энерго» АҚ тобының қызметкерлері жүйелі түрде қайырымдылық шараларына қатысады: табиғи сүргіннен зарар шеккендерге, жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетіледі.

«Мойнақ СЭС» АҚ-тың барлық қызметкерлеріне ведомстволық тұрғын үйлер (77 тұрғын үй) берілді – бүкіл керек-жарақтары бар 3, 4, 5-бөлмелі абаттандырылған үйлер. Үйлерде шаруашылық құрылыстары бар ауданы 6 ондық үй жанынағы жер учаскелері бар. Азық-түлікпен және бірінші қажеттілік тауарларымен қамтамасыз ету сауда пункті ашылды. Пайдалану қызметі кентінде Компанияның қызметкерлері үшін 30 орындың балабақша жұмыс істейді. «Мойнақ СЭС» АҚ Мойнақ кенті аумағында орналасқан балабақшаға үнемі қолдау көрсетеді.

«ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ «Солнечный» кенті үшін қала құрушы кәсіпорын болып табылады, бұнда жұмысшылардың жалпы санынан 60%-ы жұмыс істейді.

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ құрылымында әлеуметтік саласындағы объектілер бар: емдеу-сауықтыру қызметі, бассейн, қонақ үй түріндегі жатақхана, аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі.

Жыл сайын сатнция бюджетінің құралынан оларды ұстап тұру және қызмет етуге бағытталған қаржы бөлінеді.

Компания тобының кәсіпорындары тұрақты негізде жалпы қалалық сенбіліктерге, іргелес жатқан аумақтарды абаттандыру және көгалдандыруға қатысады, діни конфессиялармен және қоғамдық қорлармен өзара іс-қимыл жасайды, зейнеткерлерге, Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты аналарға – ай сайынғы демеуқаржылар, біржолғы ашқа төлемдері, азық-түлік қоржындар, жеңілдікті жолдамалар және т.б. нысандарында материалдық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы сақтық қағидатының негізгі ережелерін ұстанатынын атап кету қажет. Қоршаған ортаға әсер етуін бағалау аясында жаңа жобалар мен объектілерді іске қосар алдында Компания міндетті тәртіпте көпшіліктің пікірін анықтау және әсер ету процессін есепке алу мақсатында жоспарланатын қызметі мен оның мүмкін болатын әсері туралы қоғамды хабарландыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырады.

Компанияда Мүдделі тараптармен байланысу жоспары әзірленді, жоспарда стейкхолдерлердің әрбір бөлек тобын хабарландыру жөніндегі шаралар сипатталды. Толық ақпаратты «Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау» бөлімінде таба аласыз.

«Багатырь Көмір» ЖШС адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған түрлі әлеуметтік бастамаларды толығымен қолдайды, қалалық әлеуметтік бағдарламаларға белсенді қатысады.

2018 жылы бекітілген аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру – іргелес жатқан аумақты жоспарлау бойынша жұмыстар, көгал мен жасыл желектерді күтіп-баптау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту және «Жасыбай» ДО аумағында демалыс сапасын арттыру үшін демалыс орталығының инфрақұрылымын ұстап тұру бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Он бір жазғы демалыс ішінде демалыс үйінде 3 193 адам демалды. Балалар сауықтыру орталығында 1 297 бала демалды. Жетім және жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін 200 орын берілді.