«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

КОМПАНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ АУДИТІ

Компанияның аудиторлық ұйымын таңдау «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың Аудиторлық ұйымды таңдау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудиторлық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер қыз­меттің сапасы мен құны болып табылады.

2012 жылдан бастап Компанияның сыртқы аудиторы PricewaterhouseCoopers (бұдан әрі – PwC) әлемдік фирмалар желісі болып табылады.

PwC-тің бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ дамып келе жатқан барлық ірі нарықтарды қамтитын тармақталған офистер желісі бар. PwC-тің әлемнің 144 елінде өкілдіктері бар, оларда бүкіл әлем бойынша 122 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Компанияларға отын-энергетикалық қызмет көрсететін 200 млн. және одан көп АҚШ долларын құрайтын табысы бар аудиторлық компаниялардың арасындағы PwC нарығының үлесі 30 %-ды құрайды.

Әлемнің түрлі елдерінде отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында PwC фирмасы аясында Дүниежүзілік Энергетикалық Қызмет құрылды, оның ірі орталықтары Мәскеу, Лондон және Хьюстон қалаларында орналасқан. PwC компаниясының 4,000-нан астам маман жұмыс істейтін Дүниежүзілік Энергетикалық Қызметі халықаралық отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарына қызмет көрсетуде жетекші орынға ие. Қазақстандағы PwC қызметкерлерінің мейлінше күрделі әрі техникалық тұрғыдан қиын жобалармен жұмыс істеу тәжірибелері бар.

Неғұрлым толық ақпаратты www.pwc.kz сайтынан алуға болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Аудиторлық ұйымдардың қыз­метін тарту саласындағы саясатына сәйкес, Компания әр бес жыл сайын аудит үшін негізгі жауапкершілік арқалайтын серіктесті ауыстыру принципін қолданады. 2016–2017 жылдары аудит үшін негізгі жауапкершілік арқалайтын серіктес Бауыржан Бұрханбеков болды.2018 жылдан бастап Дана Іңкәрбекова негізгі серіктес болды.

Бұған қоса «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында аудиторлық ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау шарттары ерекше. Сонымен, Компанияның міндетті аудитіне Компанияның Басқарма мүшесі, басқарушы директоры немесе бас аудиторы лауазымына тағайындалған (сайланған) күнінің алдындағы екі жылда аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде екі жыл бойына қатысқан аудиторлық ұйымның қызметкерін тағайындау мүмкін болған жағдайда, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Аудит комитетінің алдын ала мақұлдауын алу талап етіледі.

PwC Компанияның мына ЕТҰ-ларында аудит жүргізеді:

Компания

Қызмет түрі

Кезең

«Самұрық-Энерго АҚ

Холдингтік компания

2008–2010, 2012–2018 жж.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Алматы қ. мен Алматы облысы үшін электр энергиясын тасымалдау, желідегі электр энергиясын техникалық тарату қызметі

2010, 2012–2018 жж.

«Алматы электр станциялары» АҚ

Алматы қ. мен Алматы облысы үшін электр – және жылу энергиясын өндіру

2010, 2012–2018 жж.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

Алматы қ. мен Алматы облысы аумағында электр энергиясын сатуды жүзеге асырады

2008–2010, 2012–2018 жж.

«Шардара СЭС» АҚ

Электр энергиясын өндіру

2007 ж.

«Мойнақ СЭС» АҚ

Шарын өзенінде су электр станциясын салу

2008, 2012–2018 жж.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

«Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде өндірілетін көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру

2005–2009 жж.

«Богатырь Көмір» ЖШС

«Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде ашық тәсілмен тас көмір өндіру

2008–2010, 2012–2018 жж.

Аудиторлық ұйымға 2018 жылы көрсеткен аудиторлық қызметі үшін төленген сыйлықақы

Қызмет

«Самұрық-Энерго» АҚ

компаниялар тобы «Самұрық-Энерго»

2018 жылғы аудит

29 509 088

123 240 362 теңге

PWC 2018 жыл ішінде қаржылық есептілік аудитіне байланысты емес келесі қызметтерді ұсынды:

Қызметтер

«Самұрық-Энерго» АҚ

«Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін ендіру» жобасы бойынша мақсатты моделін ендіру жөніндегі консультациялық қызметтер

115 819 200 теңге