«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ | БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫК ЕСЕП

ЕСЕП ТУРАЛЫ

Аталған Есепті құрастырған кезде мүдделі тараптардың пікірлері ескерілді, оның ішінде GRI Standards: Негізгі нұсқа талаптарына сәйкес барлық негізгі аспектілер қамтылды. Есепке стандартты элементтердің орналасуын көрсететін кесте қоса берілді.

Компания Есептің мазмұны мен сапасын анықтаған кезде төмендегі тәсілдерді ұстанады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және маңыздылық

Директорлар кеңесі бекіткен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның орнықты даму жөніндегі нұсқаулығына сәйкес, маңызды аспектілер белгіленді және Есепте ашу үшін маңызды тақырыптар анықталды. Осы Есеп «Есептілік бойынша жаһандық бастама» есептілігін әзірлеу және электр энергетикасы саласында GRI салалық хаттамасы (Electric utility, EU) қағидаттарын, БҰҰ-ның Жаһандық шарттың есептілігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есептілік стандартын ескере отырып әзірленді. Компания 2018 жылы Мүдделі тараптар картасын, сондай-ақ олармен Байланыс жоспарын (https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/annual-reports) бекітті.

Сауалнама жасау барысында мүдделі тараптар жылдық есепте ашу үшін сауалнамада ұсынған әрбір тақырыптың маңыздылығын бағалады, сондай-ақ тізімге енгізілмеген, бірақ стейкхолдерлердің пікірі бойынша маңызды болып табылатын аспектілермен толықтырылды.

Компанияның сайтында онлайн сауалнама қосымша іске қосылды (https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/annual-reports).

Анықталған маңызды аспектілерге толықтығы мен теңгерімделгендігі мәніне бағалау жүргізу үшін Компания басшылығының қатысуымен талқылаулар жүргізілді және маңыздылық матрицасы қалыптастырылды, ол Компания және мүдделі тараптар үшін маңызды орнықты даму тақырыптары туралы көрнекі ұғым береді.

Орнықты даму тұжырымдамасы

Есеп Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектісі бөлігіндегі үлесі туралы ақпарат ұсынады.

Компанияның Даму стратегиясы орнықты даму саласында мақсаттарды, міндеттерді және стратегиялық НҚК-ларды белгілейді, 2018 жылғы нәтижелері бойынша жетістіктер туралы ақпарат, сондай-ақ 2019 жылғы жоспарлар көрсетілді.

Толықтығы

Есептің көрсеткіштері мен мазмұны Компанияның есептік кезеңдегі экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға маңызды әсерін көрсету үшін жеткілікті болып табылады.

Теңгерімділік

Аталған Есепте Компания нәтижелерінің есептік кезеңдегі оң және теріс аспектілері көрсетілді. Бөлек көрсеткіштер 3-жылдық динамикада көрсетілген.

Салыстырмалылық

Аталған Есепті қолданатын мүдделі тараптар Компанияның қаржылық және өндірістік көрсеткіштер туралы ұсынылған ақпаратты бұрынғы кезеңдердің нәтижелермен және мақсаттармен салыстыра алады.

Есеп GRI Standards талаптарына сәйкес әзірленді, бұл стейкхолдерлерге Компанияның қызметін басқа ұйымдардың қызметімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Нақтылық

Есептік кезеңде ұсынылған ақпарат мүдделі тараптар есептік кезеңдегі Компания қызметінің нәтижелерін бағалау үшін жеткілікті толық және егжей-тегжейлі болып табылады. Ақпарат сапалы сипаттамалар ретінде де, сандық деректермен де көрсетілген.

Уақытылылық

Есеп аудит жүргізілген қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін барынша қысқа мерзімде жыл сайынғы негізде және 30 шілдеден кешіктірмей ұсынылады, бұл аталған Есепте көрсетілген ақпарат өзекті болып табылатынына болжал жасауға мүмкіндік береді. Есеп корпоративтік веб-сайтта бүкіл стейкхолдерлер үшін бір уақытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

Айқындық

Есеп туралы ақпарат мүдделі тараптарға түсінікті және қолжетімді нысанда баяндалды.

Сенімділік

Осы Есепті әзірлеген кезде ұсынылған ақпарат мүдделі тараптар аталған есепті тексеруге және оның мазмұнының шынайлылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретіндей алдын-ала талданды және ашылды.

Деректердің дереккөздері мемлекеттік органдарға жыл сайын ұсынылатын ресми есептілік нысандары болып табылады. Бірқатар көрсеткіш ішкі аудит рәсімдері аясында компаниялардың жауапты өкілдері тексеретін ішкі есептілік нысандарына сәйкес есептелді.

Компанияның Есебінде ұсынылған өндірістік, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерді есептеу, жинау және шоғырландыру есептілік қағидаттарына және Қоғамның Орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі басшылықтың ұсыныстарына және корпоративтік басқару рәсімдеріне сәйкес жүргізілді. Орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің әрбір санаты бойынша сандық деректердің дәлсіздік ықтималдығы мейлінше азайды. Сандық деректер көпшілік қабылдаған өлшем бірлік жүйесін пайдалана отырып көрсетілген және стандартты коэффициенттер көмегімен есептелген.

Есеп барлық мүдделі тараптарға «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында қызметі мен жетістіктерінің нәтижелерін электрондық нұсқада, қағаз нысандарында және онлайн шолуға мүмкіндік береді. Компанияның алдыңғы Шоғырландырылған жылдық есепті жариялау күні – 2018 ж. 27 шілде.

Есептің қамту және шекараларының салаларын шектеу

Осы Есепте көрсетілген Компанияның 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2018 жылғы және 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігі PricewaterhouseCoopers жүргізген тәуелсіз аудиттің нәтижесі болып табылады.

Осы Есеп аясында қаржылық-операциялық нәтижелер және орнықты даму мәселелері бойынша ақпарат келтірілді. 2018 жылғы сапалық және сандық мәліметтер 2016 және 2017 жылдары пайдаланылған деректер қайда қолданылған көрсеткіштерде ақпаратты салыстыру мен талдау мақсатында ұсынылған.

Компания 2017 жылғы Есепте GRI G4 Нұсқаулыққа сәйкес ақпаратты ашты. Әлемдік озық тәжірибелерді қолдану мақсатында Компания 2018 жылы ендірілген GRI Standards сәйкес Есептің шекараларын анықтады.

Компанияның 2018 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның мына еншілес және тәуелді ұйымдарының көрсеткіштері қолданылды:

Ұйымның атауы

Қызмет түрі

Дауыс беру құқығы %

Қатысу үлесі

елі Тіркелу

Еншілес ұйымдар:

 

 

 

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша электр энергиясын жеткізу және үйлестіру

100 %

100 %

Қазақстан

«Алматы электр станциялары» АҚ

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша электр және жылу энергиясын және ыстық суды өндіру

100 %

100 %

Қазақстан

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

Алматы қаласы және Алматы облысы аумағында электр энрегиясын сату

100 %

100 %

Қазақстан

«Шардара СЭС» АҚ

Оңтүстік Қазақстанда су электр станциясында электр энергиясын өндіру

100 %

100 %

Қазақстан

«Мойнақ СЭС»

Алматы облысында су электр станциясында электр энергиясын өндіру

100 %

100 %

Қазақстан

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

Көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру

100 %

100 %

Қазақстан

«Бұқтырма СЭС» АҚ

Жалға берілген Бұқтырма су электр станциясының меншік иесі болып табылады

90 %

90 %

Қазақстан

«Өскемен СЭС» АҚ

Су электр станциясын жалға берген сәттен бастап аталған компания әрекет етпейді

89.99 %

89.99 %

Қазақстан

«Шүлбі СЭС» АҚ

Су электр станциясын жалға берген сәттен бастап аталған компания әрекет етпейді

92.14 %

92.14 %

Қазақстан

«Samruk Green Energy» ЖШС

Жаңартылатын энергияны дамыту

100 %

100 %

Қазақстан

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

Жел электр станциясында электр энергиясын өндіру

100 %

100 %

Қазақстан

 

 

 

 

Қазақстан

«Казгидротехэнерго» ЖШС

Жаңартылатын энергия көздері саласында жобаларды іске асыру

100 %

100 %

Қазақстан

«Теплоэнергомаш» ЖШС

Жаңартылатын энергия көздері саласында жобаларды іске асыру

95 %

95 %

Қазақстан

«Energy Solutions» ЖШС

Тасымалдау және өзге қызметтер

100 %

100 %

Қазақстан

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Есептегі болашаққа қатысты келтірілген деректер болжалдық сипаттағы ақпаратқа негізделген. «Есептейді», «болжайды», «күтіледі», «бағалайды», «ниет білдіреді», «жоспарлайды» сияқты сөздер, «жоспар» белгісі бар көрсеткіштер және оларға ұқсас ұғымдар аталған жағдайда болжалды мәлімдемелер туралы айтылатынын көрсетеді. Фактілі нәтижелер болжалды мәлімдемелердегі жоспарлы және мақсатты көрсеткіштерден, болжалатын нәтижелелерден, бағалардан және ниеттерден елеу­лі түрде ерекшеленуі мүмкін. Болжалды мәлімдемелер Есеп шыққан күні ғана әрекет етеді. Компания болжалды мәлімдемелердегі қызметтің күтілетін нәтижелеріне шын мәнінде қолжеткізілуіне кепілдік бермейді, сондықтан олар барынша ықтимал немесе типтік сценарий ретінде қарастырылмауы тиіс және қарастырылмайды.